Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Материктер климаты

23 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: География
География 7 - сынып
Тақырыбы: Материктер климаты
(географиялық қызықты сұрақтар).

Жалпы география пәнін оқи отырып оқушылар жер шары табиғатын, табиғат құбылыстарының пайда болуы, дамуы олардың өзара байланысын, заңдылықтарын ұғына бастайды. Сондықтан әр сабақта мүмкіндігінше қызықты, нақты мағлұматтар берудің рөлі үлкен, сол арқылы сабақты үнемі жандандырып отыруға болады.
Мысалы, 7 - сыныпта «Материктер мен мұхиттар географиясынан» сабақтарды қайталау барысында оқушылардың білімін нақтылау, ой - өрісін дамыту, өздігінен іздену, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда қызықты сұрақтар пайдаланудың маңызы зор. Міне осындай қызықты сұрақтарды сабақта үнемі пайдаланамыз.

«Материктер климаты» тақырыбы бойынша құрастырылған осындай қызықты сұрақтарды әріптестерімнің назарына ұсынуды жөн көрдім.

1. «Жаз ортасында жаңа жыл мерекесі өте қызықты өтті» деп жазды автор. Жаңа жылдың жаз ортасында келуі мүмкін бе?
Жауабы: Әрине мүмкін. Оңтүстік жарты шарда жыл мезгілдері Солтүстік жарты шарға қарама - қарсы, сондықтан Оңтүстік жарты шарда жаңа жыл жаз ортасында келеді.

2. Пішіні жағынан Африка мен Оңтүстік Америка ұқсас. Солтүстік бөліктері кең, ал оңтүстік бөліктері үшкірлеу. Африканың солтүстігі ыстық шөлді, ал Оңтүстік Американың солтүстігі ылғалды - тропикті орман. Ол неге байланысты?
Жауабы: Бұл айырмашылықтар, негізінен, материктің экваторға орналасуына байланысты. Африканы Экватор дәл ортасынан кесіп өтеді де, материктің көп бөлігі, негізінен, тропиктік климаттық белдеуде орналасқан. Ал Оңтүстік Американы Экватор солтүстік бөлігінен қиып өтеді, сондықтан мұнда экваторлық және субэкваторлық климаттық белдеулер өтеді.
Сонымен қатар территориясының батыстан шығысқа созылып жатуы да мұхиттар әсерін баяулатып, Африканың солтүстік бөлігі климатының құрғақ болуына әкеледі. Еуразия құрлығының жақын орналасуы да осы бағытта әсер етеді.

3. Африканың Экваторға жақын қай жерінде мәңгі қар мен мұздықтар бар?
Жауабы: Кениядағы Калиманджаро тауы (вулканы) шыңдарында мәңгі қар мен мұздықтар бар.

4. Экваторлық Африкада ауа массасының шығыстан батысқа қарай тасымалдауына қарамастан, бұл аймақтың батысы ылғалды, ал шығысы құрғақ болатыны неліктен?
Жауабы: Африканың экваторлық бөлігінің құрғақ болуы: а) таулы белдеулерден ылғалдың өте алмауы; ә) Еуразия құрлығының жақындығы; в) Африканың шығыс бөлігіне солтүстік - шығыс пассаттарының континеттік тропиктік ауа массаларын әкелетініне байланысты.

5. Африканың оңтүстік шығыс жағалауындағы Үнді мұхитының суы Атлант мұхиты суынан 10 - тай жылырақ. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Африканың оңтүстік жағалауынан солтүстіктен оңтүстікке қарай Мозамбик жылы ағысы Үнді мұхиты суы арқылы өтіп, оны жылытады, ал Атлант мұхитының оңтүстіктен солтүстікке қарай матепик жағалауымен Бенгаль суық ағысы өтіп, суды суытады.

6. Австралия ең кіші материк, барлық жағынан мұхит және теңіз суымен жайылып жатыр, соған қарамастан оның территориясының 2/3 бөлігін шөлейттер мен шөлдер алып жатыр. Ол неге байланысты?
Жауабы: Австарлияны тек солтүстігі ғана субэкваторлық климаттық белдеуде (20 о. е дейін), көп бөлігі (0 – 30 о. е) тропиктік белдеуде, ал оңтүстік шеті субтропиктік белдеуде орналасқан. Материктің батыстан шығысқа созылыңқы келуі, жағалауларының аз тілімденуі. Шығыс Австралия таулары мұхиттан соғатын ылғалды желдерге кедергі болады. материктің солтүстіктен оңтүстікке қарай тар көлемде созылып жатуы желден келген ылғалды азайтады. Сондықтан жауын - шашын аз.

7. Жер шарының оңтүстік жарты шарында мұхиттар көп (81%), ал солтүстік жарты шарда аз (61%), соған қарамастан солтүстік жарты шар суық. Оны қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Антарктика мұзының әсерінен Оңтүстік жарты шарға суық ауа массалары тасымалданады, теңіз және құрлық қалқыма мұзтауларының (айсберг) қозғалысы әсер етеді. Сондықтан оңтүстік жарты шар солтүстік жарты шарға қарағанда суық болады.

8. Егер Антарктика болмай, оның орнында Оңтүстік полюс маңында Солтүстік полюстегідей мұхит болса не болар еді?
Жауабы: Антарктида материгінің, оның мұздығының болуы Жер шары атмосфера циркуляциясына үлкен әсер етеді. Егер Антарктика болмаса Жер шары атмосферасының температурасы қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.

9. Егер оңтүстік Американы ойша солтүстік шеткі нүктесі оңтүстік шеткі нүктесіне келетіндей етіп аударсақ. Оңтүстік Американың климаты қай материк климатын еске түсіреді?
Жауабы: Оңтүстік Америка өзінің бейнесі жөнінен биіктігі оңтүстікті көрсететіндей үшбұрышқа ұқсайды. Экваторға жақын аймақта ені 5100 км, ал оңтүстігі үшкір. Оны аударсақ, территориясының үлкен бөлігі экваторлық, субэкваторлық, тропиктік белдеулерге емес, керісінше қоңыржай климаттық белдеуге келеді. Оңтүстік Американың субарктикалық климат белдеуінің оңтүстігіндегі климатты еске түсіреді.

10. Егер Анд тауы Американың батысында емес, шығысында орналасса, онда материк климаты қалай өзгерер еді?
Жауабы: Егер Анд тауы материктің шығысында орналасса, онда климат құрғақ болар еді. шығыстан экваторлық және муссонды - пасатты ауа циркуляциясына байланысты ауа массаларының келуінен.

11. Еуразияның субтропиктік оңтүстік батыс бөлігінде қысы - жаңбырлы, ал жазы - құрғақ, ал осы аймақтың шығысында керісінше жазы - жаңбырлы, ал қысы - суық. Неліктен?
Жауабы: Еуразияның субтропиктік оңтүстік батыс бөлігі жаңбырлы қысы, құрғақ жазымен ерекшеленеді. Мұнда климат түрі жерорта теңіздік климат деп аталады. Оны қыста батысындағы Атлант мұхитынан келетін ылғалды ауа массасының әсерінен, ал жазда субтропиктік антициклон әсерінен ашық құрғақ ауа райының қалыптасумен түсіндіруге болады.
Еуразияның субтропиктік бөлігінің шығысында муссонды климат басым. Қыста суық құрлықтық ауа құрғақ ауа райын қалыптастырса, жазда керісінше ылғалды ауа мұхиттан келіп, төменгі атмосфералық қысым қалыптастырып, жауын - шашын көп түседі.

12. Үндістанда қосымша суаруды жауын - шашын аз түсетін аудандарында ғана пайдаланып қоймай, дүние жүзі бойынша жауын - шашын ең көп түсетін Үнді - Ганг ойпатының бөлігінде де пайдаланады. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Үнді – Ганг ойпатының шығысында ылғалды тропиктік климат қалыптасқан. Жазда экваторлық муссон Үнді мұхитынан соқса, ал қыс пен көктемде құрғақ континенттік пассат желі соғады.
Бұл аймақта жыл бойы жоғары температура басым болғандықтан өсімдіктің вегетациялық периоды жыл бойына созылады және жылына 2 - 3 рет өнім алынады. Бұл жерде шаруашылық дақылы күріш өсіріледі, ол суды көп қажет етеді. Жылдық жауын - шашын мөлшерінің көптігіне қарамастан, көктем мен қыста үнемі қосымша суаруды қажет етеді.

Осындай қызықты сұрақтар оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, географиялық білімдерін тереңдетуге, тапқырлыққа баулитыны анық.
21 016
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты география
Қызықты география
Географиядан сайыс сабақ "Қызықты география"
Ұлы саяхатшылар
Ұлы саяхатшылар
Материктер мен мұхиттар географиясы – мектеп географиясының ең қызықты, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіншілігі жоғары буыны.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Жер шары материктері, аралдары және мұхиттары (күнделікті сабақ жоспары)
Жер шары материктері, аралдары және мұхиттары (күнделікті сабақ жоспары)
Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
ШҚО, Үржар ауданы, Қаракөл орта - мектеп бақшасы КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×