Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның өзендері

01 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның өзендері, өзендердің қоректенуі мен режимі туралы түсінік беру
Дамытушылық: физикалық карта, тапсырмалар орындау арқылы өзендер жайында толық сипаттама беру
Тәрбиелік: суды ұқыпты пайдалануға, ішкі суларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, сұхбат құру, ой тастау, тапсырмалармен және интерактивті тақтамен жұмыс істеу
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, қосымша әдебиеттер, суреттер

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу, келмеген оқушыларды белгілеу

2. Мақсат қою кезеңі
Су - пәктік кепілі денсаулықтың
О, басты тіршілік боп судан шықтың
Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың
Молдықтан, қасиетін келмейді ұққың
Бомбаңды терең суда сынауың бар
Сынаған сайын жаным тым ауырар
Адамдар, әрқашан жадыңда ұста -
«Судың да – дейді қазақ - сұрауы бар» дегендей судың қадірін кез келген адам білуі керек. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, оны тіршілік нәрі деп түсінген.
Балалар біз бүгін ішкі сулар, соның ішінде өзендер жайында толық мағлұмат аламыз.

3. Материалды түсіндіру кезеңі.
Өзен дегеніміз - бұл арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су ағыны.
Негізгі өзен барлық салалармен қоса өзен жүйесін құрайды.
Бетіндегі судың бәрі бір өзенге келіп қосылатын құрлық ауданы өзен алабы деп аталады. Өзендер жаңбыр суынан, еріген қар мен мұз суынан, жер асты суынан қоректенеді.
Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа; Солтүстік Мұзды Мұхит алабы мен ішкі тұйық көлдер алабына бөлінеді.

Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде жеті өзеннің ұзындығы 1000 км - ден асады.
Ірі өзендер қатарына Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендері жатады.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және тұйық көлдер алаптарына жатады. ішкі
1. Солтүстік Мұзды мұхит алабы
Ертіс Есіл Есіл Тобыл салаларымен
2. Ішкі тұйық алап өзендері
А) Каспий теңізі алабы Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, т. б
Ә) Арал теңізі алабына Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.
Б ) Балқаш Алакөл алабына Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т. б
Өзен жүйесінің негізгі екі ерекшелігі бар: жастары әртүрлі және елімізде әркелкі таралған
Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Қазақстанның ең суы мол өзені Ертіс.
Өзеннің жыл бойына ағып шыққан су шығыны жылдық ағын деп аталады
Өзендердің қоректенуі мен режимі Қазақстан өзендерінің басты қорегі негізінен қар, жаңбыр суымен қоректенеді Негізгі су қорегі қар суы болатын өзендерге Нұра, Жайық, Сағыз т. б.
Биік таулы өзендер қар суымен және мұздықтармен қоректенеді. Мұндай өзендерге Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс жатады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 836
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігінің әсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту
Өзендер
Өзендер
Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу. Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Геогрфиядан сабақ жоспарлары
Геогрфиядан сабақ жоспарлары
География пәні мұғалімі: Какимжанова Гульниса Байтурсыновна
Өзен және көл
Өзен және көл
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Л
Қазақстанның ішкі сулары. Өзендері
Қазақстанның ішкі сулары. Өзендері
Атырау облысы, Исатай ауданы Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Ерғалиева Нұрбике Темірешқызы
Қазақстанның өзендері
Қазақстанның өзендері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×