Географиядан қорытынды сабақ
Интелектуалдық ойын
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақтар.
Мұғалімнің ұйғарымымен өткізіледі. Жылдың басынан өтілген материалды қайталау, жинақтау бағытында немесе әр бөлімді бітіргенде өткізілуі мүмкін.
Сабақтың мақсаты. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалдарды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығуын, ойлау қабілетін дамыту, сынып лидерін анықтау.
Сондай дәстүрсіз сабақтың бірі 9 - сыныпта өткізілген бөлімді қорытындылау сабағын ұсынып отырмын. Сыныпты 3 топқа бөліп, топ басшысы сайланады.
Сабақтың көрнекіліктері: магниттік тақта, XXI ғасыр лидері, «Тікелей сұрақтар» плакаттары, Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: бөлімі (оқушыларды, мұғалімдерді, қазылар алқасын орналастыру)
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгінгі қорытынды сабағымыз Қазақстанның экономикалық еографиялық жағдайы, табиғат жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, халықтың тығыздығы, еңбек ресурстарын қорытындылауға, есімізге түсіруге арналған.
Сабақ сайыс түрінде өтеді.
Сайысты бағалайтын қазылар алқасы таныстырылады.
1 тур «Бәйге», әрбір оқушы сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру керек. 10 ұпай
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы? (1991жыл)
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қашан қабылданды? (1993ж 28 қаңтарда)
3. Қазақстан Республикасының төл теңгесі қашан қабылданды? (1993 ж 15 қараша)
4. Қазақстан Республикасының жер көлемі? (2, 7 млн шқ2)
5. Қазақстан Республикасының жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша нешінші орында? (9 орында)
6. Қазақстан Республикасының климаты қандай? (Шұғыл континенті)
7. Қазақстан Республикасының ең ұзын шекарасы қай ел арқылы өтеді? (Ресей)
8. Табиғат жағдайы дегеніміз не? (табиғат күштері мен объектілері оның сапасы)
9. Еліміз дүние жүзінде қорғасын мен молибденнен нешінші орында? (4 орында.)
10. Қазақстан Республикасындағы орманның көлемі қандай? (13 млн ға жуық)
11. Қазақстан Республикасындағы жер ресурсының көлемі қандай? (27,, 1 млн - ға)
12. Қазақстан Республикасындағы су ресурсының көлемі қандай? (115, 3 млрд м3)
13. Қазақстан Республикасында қанша қорық бар? (10 қорық)
14. Демография деген не? (Халық саны, құрылымы динамикасы туралы ғылым)
15. Қазақстан халқының орташа жасы қандай? (66, 14 жас)
16. Қазақтардың өз отанына оралуы қандай процес?( Репатриация)
17. Қазақстан халқының тығыздығы қандай? (1 шқ2 - 5, 6 адам)
18. Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дан астам)
19. Агломерация деген не?(өнеркәсіпті ірі қалалардың маңында шоғырланған көптеген шағын және орташа қалалар жиынтығы)
20. Энергетикалық ресурстар деген не? (Энергия алуға болатын табиғат ресурстары)
2 тур «Тіл өнері»Тіл – байланыс құралы. Сондықтанда да тілге қатысты сөз бүкіл тіршілігімізге қатысы болуы керек. Елтану барысында көп тіл білудің пайдасы орасан зор. Сондықтан тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиетіне, дәлірек айтсақ, мақал - мәтелдер және жұмбақтарға жауап береміз.
Қазақша, орысша және ағылшынша жауап беруі керек. Толық жауап 20 ұпай, жартылай жауап 10 ұпай
1. Кең әлемді кернейді Көзін бірақ көрмейді (ауа - воздух - air)
2. Құрғақ жерде сақтайсың Онсыз тамақ татпайсың (тұз - соль - salt)
3. Қыздырып соқсаң иленеді (темір - железо - iroh)
4. Нан бар жерде..... бар (ән - песня - sohg)
5. Көп сөз көмір, Аз сөз......... (алтын - золото - gold)
6......... ішкен құдығыңа түкірме (су - вода - water)
7. Мал патшасы.............. (жылқы - лошадь - horse)
8. Қазақтардың қасиетті саны..... (жеті - семь - seveh)
3 тур «Көкпар» 2 турдың қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған оқушылар ойынға қатысады. Оқушылар өздеріңе берілген экономикалық аудандар бойынша білімдерін көрсетеді, 0 ұпай - 10 ұпай
4 тур «Жеребе тарту»
1. Қазақстан Республикасындағы ірі агломерациялар. (Қарағанды, Теміртау)
2. Кенттену деген не? (Қалалар мен қала халқының өсуі)
3. Қазақстан Республикасының еңбек ресурсы (еңбекке жарамды адамдар)
4. Қарашығанақ газ конденсаты қашан игеріледі? (1980ж)
География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл