6 - сынып
Сабақ: 1
Мерзімі:
Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Мақсаты:
Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен іскерліктерін жан - жақты тексеру кезеңі
3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
7. Бағалау кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
1. Ұйым - дастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Білім мен іс - керліктерін жан - жақты тексеру кезеңі.
(10 мин)
1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды:
1) Жер туралы не білесіңдер?
2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?
3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.
4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.
5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?
2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:
1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.
2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет.
3. Жаңа материалға көшу кезеңі (2 мин)
География түсінігін енгізеді: 6 - сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді – физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6 - сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.
4. Жаңа мате - риалды меңгерту кезеңі. (15 мин)
1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.
География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.
Г - ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.
2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.
Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1 - слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.
Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2 - слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.
Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519 - 1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ - ның түңғыш рет дж - ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2 - слайд.
Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.
Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2 - жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.
Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды? жүктеуЖердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері. жүктеуЖердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні. жүктеуПлан және карта. Жергілікті жерді бағдарлау. жүктеуЖер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб. жүктеуЖергілікті жердің планы. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру. жүктеуГлобус. Глобустан картаға көшу. жүктеуТүрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері. жүктеуКарталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу. жүктеуҰсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері. жүктеуГеографиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы. жүктеуЖер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну жүктеуЖанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер. жүктеуТаулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі. жүктеуТаулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі. Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеру. жүктеуМұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау. жүктеуАтмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым . жүктеуАуаның температурасы. Ауадағы су буы. Тұман мен бұлт. жүктеуАтмосфералық жауын-шашын. Жел. жүктеуАуа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері. жүктеуКлимат. Өздерің тұрған жердің климаты. жүктеуГидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. жүктеуМұхит суынының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы. жүктеуМұхит суының қозғалысы. Мұхит ағыстары. жүктеуӨзендер. Көлдер. жүктеуЖер асты сулары. жүктеуМұздықтар, олардың маңызы. жүктеуБиосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары. Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері. жүктеуГеографиялық қабық. Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы. жүктеуГеографиялық белдеулер мен зоналар. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер. жүктеу