Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бекет ата "Аңыз бен ақиқат"

13 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: "Бекет ата. Аңыз бен ақиқат" (слайдымен)
Бағыты:
Қазақстан тарихи ескерткіштері және болашаққа саяхат маршруттары
Секциясы: Қазақстан тарихы

Мазмұны
Орыс және ағылшын тілдерінде абстракты ( аннотация)
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бекет атаның ғибратты ғұмыры
2. Бекет ата мешіттерінің ғылыми негізде салынуы және тәлім - тәрбиелік ордалар ретіндегі орны
3. Ұлысқа ұран атанған Бекет ата
4. Бекет ата туралы аңыздар
5. Бекет ата бейнесі әдебиет пен өнерде
6. Қазақ зиялылары Бекет ата туралы
7. Бекет атаның ұрпақтары
ІІІ. Қорытынды
Аңыз адам және киелі орындардың тарихи танымды қалыптастырудағы маңызы
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Презентация материалдары

Тақырыбы: "Бекет ата. Аңыз бен ақиқат"
Жұмысымның негізгі мақсаты: Мектеп бағдарламасы бойынша оқулықта толық қамтылмаған тақырыптардың бірі - тарихи тұлға Бекет Мырзағұлұлының ғибратты ғұмыры, ол салған тарихи ескерткіштер болып саналатын мешіттерінің ғылыми негізге сүйеніп салыну үлгісі мен ағарту бағытындағы маңызын ашу.
Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы мен өзекті мәселелері: Тарихи ақтаңдақ беттерінің бірі болып келген Бекет ата мұраларын зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау арқылы тарихта алатын орнын зерделей отырып, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің еншімізде екеніне ықпал ету.

Жұмыстың практикалық маңызы: Тақырыптық тұрғыдан талданған деректерді өскелең ұрпақ сұранысын қанағаттандыру мақсатында таңдау курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде пайдалану.

Мақсатқа жету жолындағы алға қойылған міндеттер:
- Тұлғалар мәдени мұрасын зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- тарихи тұлғалар ескерткіштерінің тұрған жерін, орнын анықтау, салыну ерекшелігіне мән беру;
- келешек ұрпақ үшін маңыздылығын анықтау;

Жұмысымның тәжірибелік құндылығы: Жиналған материалдар негізінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: "Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық, балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы",- деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тарихи тұлғалардың өмірлік мұратын, мәдениетті дамытуға қосқан еңбегі мен үлгісінен өнеге алу, рухани - адамгершілік құндылықтарды бойыма сіңіре отырып, болашақта өз ортама насихаттау.

І. Кіріспе
Ескерткіш - кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыс, ғимарат, т. б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық, тарихи, сәулет өнері және монументтік(мүсін) өнері. Сондай - ақ, ескерткіштерге тарихи - танымдық немесе тарихи - көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.
Қазір Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте: "... Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл - ойы мен іс - әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс - бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет - бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл - ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді - кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.... Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс - жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.... Ал рухани - мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.
... Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет."- деген болатын. [1]
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бекет атаның ғибратты ғұмыры.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келген.
"... Пендесінің тілегін екі етпеген,
Иман - Рухым, Пір Баба - Бекет деген.
Текті атам - Адай шал жерұйық деп,
Маңғыстауға ұрпағын жетелеген" Фариза Оңғарсынова

Бекет ата Мырзағұлұлы (1750 - 1813, Маңғыстау) қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан 30 шақырым қашықтықта, Жем бойындағы Ақмешіт деген жерде туған. Бекет ата - қол бастар көсем, елді ұйытар шешен, емші, көріпкел, әулие, ағартушы, рухани ұстаз, сәулетші ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған.
Әкесі Мырзағұл дәулетті, барынша мырза, діни сауатты ел ақсақалы болған. Мырзағұл Жаналыұлынан 4 ұл (Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл,
Бекет) және 2 қыз бала (Әпуаш, Ақмаңдай) дүниеге келген. Анасы - Жәния.
Немересі бес жасқа келгенде атасы Жаналы алғаш өзі оқытып, кейін ауыл молдасына беріп сауатын ашады. Бала Бекет дәріске өте ынталы, зерек болған. Ауыл молдасынан дәріс алған 3 - 4 жылдың ішінде - ақ бала Бекеттің білім дәрежесі, түйсігі ұстазынан кем болмаған. 14 жасқа толған жасөспірім ата - анасынан оқуын медреседе жалғастыруға рұқсат сұрайды. Бекет бабамыз Шерғазы хан салдырған медресені ұлы замандастары - түрікмен халқының классик ақыны Мақтымқұлы Пырағи (Азади), қарақалпақ халқының сөз зергері Әжінияз Қосыбайұлы, өзбек ақыны Пахлаван Равнаки сияқты талантты тұлғалармен бірге оқып бітірген. Бұл білім ордасы халық арасында "Маскани Фозилон", басқаша айтқанда "Білімдарлар ордасы" деп аталған. Хорезмдегі "Шерғазы хан" медресесінде Бақырған қажыдан оқып, білім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Бақырған қажыдан жеті жыл дәріс алып, медресені үздік аяқтап, елге оралады. Маңғыстау, Атырау, Үстірт, Арал аймағында мешіт - медреселер салып, халқын сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Сөйтіп,"Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы",- деген имам Ағзам сөзін қабыл алған Бекет ата бүкіл өмірін оқумен және оқытумен өткізген.
Нағашысы тама Есет батыр Көкіұлы. Кіші жүз ханы Әбілқайырмен қимас дос болған. Орыс патшайымы Анна Иоанновнадан аты - жөні жазылған естелік қанжар мен хан тарапынан "тархан" деген құрметті атақ алған. Тоқсаннан асқан шағында Есет батыр он екі жасар жиені Бекетке:
Үстіңнен дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін.
Ақ пен қараны айырар,
Жауды кері қайырар,
Атың да айтып тұрғандай дүр боларсың.
Елге шуақ шашып нұр боларсың,
Үш жүзге танымал пір боларсың.
- деп бата берген екен.
2. 2. Бекет ата мешіттерінің ғылыми негізде салынуы және тәлім - тәрбиелік ордалар ретіндегі орны.
Бекет ата - жерасты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер. Бекет ата Хиуадағы "Шерғазы хан" медресесін бітірген соң, еліне келіп, ерекше дәстүр бастап,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 205
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Менің туған өлкем!
Менің туған өлкем!
Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа тек пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген қазақтардың тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Әруағыңнан Айналайын ер Бекет!
Әруағыңнан Айналайын ер Бекет!
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағалиева Алтын
Ойын әлеміне саяхат
Ойын әлеміне саяхат
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Ел иесі, жер киесі - Бекет
Ел иесі, жер киесі - Бекет
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Ауылдарға саяхат
Ауылдарға саяхат
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×