Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал-мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер

10 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ғылыми жоба «Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал-мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер» (слайдымен)

Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «Шығанақтың» үзіндісін оқыдық. Шығарманы оқи отырып, автордың еңбек жолымен, шығармашылығымен жақынырақ таныссақ деген ой туды. Ғабиден Мұстафиннің шығармаларымен 11 сыныпта әлі де танысамыз, сол себепті шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне байланысты материал жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізсек деген ой туды. Жұмысты бастамас бұрын алдымызға мақсат қойдық: жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеу, таразылау.
Жобамыздан күтілетін нәтиже: осы жобадағы материал сөздік қорының алтын қазына екенін нақты дәлелдей отырып, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қосымша материал ретінде пайдалануы. Зерттеудің мақсаты: Жазушының шығармашылық шеберлігіне терең бойлау, шығарма шырайын келтірер суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін тану, таразылау.
Зерттеу барысы: Ғ. Мұстафиннің өмір жолы иірімдеріне мейілінше, үңілу; шығармаларымен жақын танысу, оқу, талдау.
Зерттеу әдісі: Қаламгер туындылармен тұрмыс – тіршілігімізге сай дәстүрлі ұғымдарды, әдебіміз бен әдетімізге, салтымыз бен қарапайым болмысымызға сай қолданылған мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерді іздестіру, жинақтау және жүйелеу.
Зерттеудің жаңалығы: Жазушының халық ауыз әдебиеті қорына қосқан сүбелі үлесі, мақал – мәтелдерді зерделеу, оның мән – маңызын айқындау. Қолданылуы өрісін саралау.
Жұмыстың нәтижесі: Жазушы халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды, оны уақыт озған сайын құны артпаса алтын қазына екенін нақты дәлелдейді. Өйткені қазақтың мақал – мәтелдерінің айтары - өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.
Қорытындылардың практикалық қолданылуы:
• Мақал – мәтелдер – тіліміздегі сөздің көркі;
• Күнделікті өмірде орынды қолдана білуі;
• Сол арқылы өз бойымызда патриоттық, азаматтық, еңбекқорлық қасиеттерің қалыптастыру.
1 2
5 830
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы Мақсаты: Тақырып жайлы оқушылар түсіне отырып топпен романның кейіпкерлерімен танысады, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді.
Ғ. Мұстафин «Шығанақ» романы
Ғ. Мұстафин «Шығанақ» романы
Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» романы
Ғабиден Мұстафиннің шығармалары
Ғабиден Мұстафиннің шығармалары
Логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау. Мәнерлеп оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Ғабиден Мұстафин (1902 - 1985)
Ғабиден Мұстафин (1902 - 1985)
Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш - қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын.
Жыр жолынан саздың ұғып мұратын
Жыр жолынан саздың ұғып мұратын
Қызылорда қаласы. Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×