Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев

28 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Мазмұны
1. Кіріспе
2 Негізгі бөлім: Алаштың тағдырлы тұлғасы - Ғ. Е. Бердиев
2. 1 Өсіп - өну жолы
2. 2 Қазақ зиялыларымен бірге Алаштың туын көтерісуі
2. 3 «Қазақстан» газетіне демеушілік көрсетуі
3. Қорытынды.
3. 1 Ұласқан ұрпақтар сабақтастығы
Кіріспе
«Бүкіл алашқа жасалған құрмет алдымен өз өлкеңнің тарихынан, өз адамдарыңды ардақтаудан басталады»
Н Ә Назарбаев.
Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді болашақ ұрпақ санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өлкенің оқыған азаматтарын еске алып, өмірі мен ерліктерін, еңбектерін қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған, тәуелсіздіктің бастауы болған ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып, бедерленіп келеді.. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т. б. еді. Ақ тумен көтерген тегеурінге бергісіз батыл, мемлекетшіл және отандық идеясы болатын. Алаш қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында.
Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауымның қалыптасуы, ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын..

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 831
0
  • 100
6 дауыс


Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып,
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік шара Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Алаш барысы Тоғым хан
Алаш барысы Тоғым хан
Сәлімбаев Тілекқали Кеңесқалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×