Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таза судың болашағы

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылы,
Ю Гагарин атындағы орта мектебінің
8 - сынып оқушысы Сулаймонова Дилноза
Жетекшісі: химия және биология пәндерінің мұғалімі
Жетписбаева Б. К.

Ғылыми жоба
Секция: биология
Тақырыбы: «Таза судың болашағы»

Кіріспе.
Суды біз ауылдарда КБМ және «кран астынан» (колонка) күнделікті пайдаланамыз. Сумен қамтамасыз ету адам экологиясы және қоршаған орта лаборатория көсеткіштері бойынша судың 90 пайызы құбыр желісі арқылы жіберіледі, бірақ санитарлық мөлшерге сәйкес келмейді. Ең негізгі себеп: адам денсаулығына зиян келтіретін нитрат, пестициттердің, мүнай заттары және ауыр металды тұздардың болуы. Онымен қоса өндірістерден шығаратын судың химиялық құрамына - ішек таяқшасы, патогендік микроорганизмдер, тырысқақ вибрионы т. б бактериялар қосылады. Сондықтан осы проблема өте маңызды да өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу нысаны:
Зерттеу нысаны – кәдімгі су құбыры желісінен алынған су, ауылдағы ауыз су бағдарламасы бойынша орнатылған КБМ (комплексті блок – модуль)
Болжам.
Егер су мөлдір, дәмі жағымсыз және иісі болмаса, сонымен қатар егер хлор құрамы, сутегі көрсеткіші және тұзды су нормаға қанағат етерліктей болса, онда ас суға қолдануға жарамды.
Зерттеу мақсаты:
Болжамға сәйкес, зерттеу мақсаты су құбыры желісіндегі су Жалпы Мемлекеттік Стандарт талаптарына сай екендігін анықтау.
Әдебиеттерге шолу:
Ауыз судың сапалығы, адам денсаулығына қалай әсер етуі және суды хлорланған кезде мутагендердің түзілуі туралы әдебиеттерге шолу жасалды.
Судың құрамы мен сапалығын анықтау әдісі.
Адам ағзасында тәулігіне 2, 5л су алмасады. Сондықтан оның сапалығынан адамның күйі, денсаулығы және жұмыс қабілеті тәуелді. Су құрамындағы әр түрлі заттар суға иіс келтіреді, тәттілеу, ащы, тұзды татымдар береді.
Ауыз судың татымын иісінің қарқындық бағасын 5+ балдық шкала арқылы анықталады. Судың сапалылығына күмән болса, арнайы сүзгі қолданылады.

Судың зерттеу әдісіне енгізу:
- Судың мөлдірлігін анықтау;
- Судағы өлшеулі бөлшектерін анықтау;
- Иісі
- Татымы;
Көрсеткіштер әртүрлі әдебиеттер, арнайы әдістер арқылы анықталады.
Судың химиялық зерттеу әдісі анықтамалар енгізеді:
- Сапалық реакциялар арқылы судағы иондар;
- Сутек көрсеткіштер, рН;
- Титриметриялық әдіс арқылы тұзды су;

Иондарды анықтау:
Судың кұрамына көп мөлшерде белгілі элементтер ион түрінде кездеседі. Суда иондардың барын дәлелдеу үшін сапалық химиялық жартылай микроанализ әдісі қолданады.
Судың сапалық үлгі құрамында магний, темір, мыс, қорғасын катиондарын, бром, йод, хлор және сульфат аниондарының барлығын анықтайды.

Судың тұздылығы:
Судың тұздылығын кальций мен магнийдің болуымен шарттастанады. Бұл жалпы тұздылығы. Ол карбонатты (уақытша кальций және магний гидрокарбонатынан құралған), карбонат емес (тұрақты кальций, магний және темір хлоридінен құралған). Ерітіндіде қалған тұздар қайнатылғаннан кейін тұрақты судың тұздылығын құрайды. Жалпы қаттылығын былай анықтайды:
100 мл зерттелетін суды 250 мл конусты колбаға еңгізеді, сілтілі реакция құрастыру үшін 5мл аммиакты буферлі ерітінді (NH4OH +NH4CI) сонан соң 7 - 8 тамшы индикатор қосылынады. (қара эрихромды). Үлгі интенсивті қызыл - қошқыл түске боялады. Ерітіндіні араластырып, қошқыл - қызылдан көк түске өзгергенше 0, 05 трилон ерітіндісін баяу қосады. Себебі: Сілтілік ортада трилон «Б» кальций және магний иондарымен әрекеттесіп, индикаторды ығыстырып, боялмаған қосынды түзіледі.
Жалпы судың тұздылығын формула бойынша есептейді: X =( V*N) /V
V – трилон «Б» ерітіндінің көлемі, мл, титрлеуге жұмсалған;
N - қарапайым трилон «Б», мг экв/л ( 0, 05) ерітіндінің мөлшері;
V1 - титрлеуге алынған, мл (100мл) зерттеу ерітіндінің көлемі.

Сутектік көрсеткіш:
Әр түрлі индикаторлар арқылы су тестіленеді және өзгерген түстер арқылы сәйкес қорытынды тұжырымдалады.
Зерттеу барысында алынған салыстырмалы анализ:
Нысан атауы, мекенжайы: кәдімгі су құбыры желісінен алынған су.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауыз суды тазалау, Судың маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Ауыз суды тазалау, Судың маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 пайызы ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді.
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Судың құрамына сандық және сапалық талдау жасай отырып, табиғатта таралу ерекшелігін қарастыру.
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің 1 сынып оқушысы Сержанова Толғанай Сейітжанқызы
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Жугинисова Айнур Сагындыковна химия пәні мұғалімі Шалқар қаласы №6 орта мектеп
Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің өндірістегі, ауылшаруашылығындағы және тұрмыстағы маңызы
Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің өндірістегі, ауылшаруашылығындағы және тұрмыстағы маңызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сейтқалиева Гүлмира Шакиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×