Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызғалдақ гүлі

14 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Қызғалдақ гүлі
Зерттеу бағыты: Қоршаған әлем – экология, жан - жануар, өсімдік
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қызғалдақ гүліне сипаттама
2. Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі
3. Күтімі
4. Көбейту жолдары
5. Қазақ өнеріндегі қызғалдақтар
6. Қызғалдақтың шығу тарихы
7. Қызғалдақтың жаны бола ма?
8. Қызғалдақ гүлінің шипасы
9. Қара қызғалдақ хақында
10. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген қызғалдақтар
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
Ү. Ұсыныс

І. Кіріспе
Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің жерімізде 32 түрі кездеседі. Оның 12 - сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы. Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге асса игі.
Осы мақсатта жуырда Алматы қаласында «Қызғалдақтың отаны – Қазақстан» республикалық байқауы өтті.

Қызғалдақ атауы қайдан, қалай шыққан? Ол жөнінде болжам көп. Оның кеңінен тараған атауы – «тюльпан». Бұл парсы сөзі: «толибан» немесе «долбент». Оның мағынасы: басқа тартатын орамал, «тюрбан». Тюльпан осы сөзден шыққан, қызғалдақ қауызы шығыстың бас киіміне ұқсас болғандықтан, осылай аталған. Мұның бәрі тіл мамандарының пайымдаулары. Әйтеуір, қызғалдақ ежелден - ақ, ақындарды да, ғалымдарды да, патшаларды да таң - тамаша қалдырып, өзіне ынтықтырып келеді. Содан да болар, Шығыстың тағы бір атақты шайыры. Ғафиз қызғалдақтың қыздай нәзіктігіне, әдемілігіне, кипаристей сымбаттылығына тіпті раушан гүлі де тең келмейді деп жырлайды. Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі.

ІІ. Негізгі бөлім
Қызғалдақ гүліне сипаттама
Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 18 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т. б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде - кем. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады.

Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі
Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз - мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см - ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20 - 25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар Альпі шоқысының да көркін асыра түседі.

Күтімі
Гүлдеп бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ орында сақтап қою керек. Күзде қайтадан қолайлы орынға егеді. Ашық күн көзін, құнарлы, жеңіл топырақты ұнатады.

Көбейту жолдары
Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі - үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8 - 12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10 - 20 см - ден кем болмағаны жөн.

Қазақ өнеріндегі қызғалдақтар
Мұсылмандар қызғалдақты жұмақ гүліне балайды. Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде «Теңдік» қорғанынан (Жетісу) біздің заманымызға дейінгі ІІІ - ІІ ғасырлардағы сақ патшалары мен көсемдерінің киімдерінен қызғалдақ тәрізді оюмен әшекейленген жалпақ алтын тіліктер табылды. Орта Азия аймағынан табылған Х - ХІІІ ғасырлық қыш бұйымдарда да қызғалдақ суреттері салынған болып шықты. Орта ғасырларда мемориалдық архитектура мен пластикалық өнер түрінде де өсімдіктектес оюлардың пайдаланылғаны мәлім. Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі жұқа кірпіштерде, Отырар жазирасындағы ортағасырлық қыштарда гүлдердің әшекейлеу үшін қолданылғаны соның нақты айғағы. Құлпытастарда да қызғалдақ суреттері салынып, ол адам өмірінің өтпелі екендігін бейнеледі. Қазақ қолөнерінде де қызғалдақ бейнесі көп бұйымдарда бедерленген. Олар: ер - тұрман жабдықтары, тері белдік тоғалары, сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар. Өсімдік пен гүл пішіндері кестелерде де, сырмақ, текемет, кілем, алашаларда да бар. Шеберлер алтын жіппен ұлттық киімдерге, киіз үй жабдықтарына, қоржын - дорбаларға да қызғалдақтың бейнесін салып әшекейлеп, кестеледі.

Қызғалдақтың шығу тарихы
Жер шарының қай түкпірінде болмасын алуан түсті қызғалдақтар өседі. Үлбіреген нәзік гүлге әрдайым сүйсіне қарағанмен, оның шығу тарихы мен табиғаты жөнінде көп ойлана бермейді екенбіз. Ғалым Анна Иващенконың “Қазақстан қызғалдақтары және жуа тұқымдас өзге өсімдіктер” кітабында қызғалдақтың отаны – Қазақстан екендігін анық жазылған. Қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Түркияға, кейіннен Голландияға жеткен көрінеді. Қазақ жерінде өскен гүлдің алыс шетелдерде жаңа түрлері өсірілді. Қазақ халқы ежелгі дәуірден бері дала гүлі болып есептелінетін қызғалдақты құрметтейді және оның көркіне қызығып қана қоймайды. Шипалы қасиеті бар өсімдік елдің, әсіресе оңтүстік аудандарында емдік мақсаттарға кеңінен пайдаланылады, – дейді ғалым Анна Андреевна. Қазіргі кезде отыздан астам түрі өсіп - өнетін дала гүлін зерттеу жұмыстары ХVІІІ ғасырдың соңында басталған. Академик Питер Симон Паллас жетекшілік еткен экспедиция 1771 жылы Солтүстік Қазақстан аймағында алғаш рет қызғалдақты зерттеп, баспа бетінде жариялапты. Қазақ жеріндегі қызғалдақтарды зерттеу ісі – көптеген атақты адамдардың есімімен тығыз байланысты. Мәселен, кейбір зерттеушілердің бірнеше жылға созылған экспедициялары мен саяхаттары өте қиын жағдайда өтіп, қайғымен аяқталған. Мәселен, жасы ең болмаса отызға жетпеген зерттеушілер – Александр Леман мен Иван Кирилов Ресейге экспедициядан қайтып келе жатып, ұзын жолда ауырып қайтыс болған. Олардың және өзге де ғалымдардың аттары Алматы, Санкт - Петербург және көптеген батыс-еуропалық мемлекеттердегі ірі академиялық коллекцияларда, гербарийлік жапырақтар этикеткасында сақталған. Лемон, Шренк және Борщов қызғалдақтары ғылыми әлемге жақсы таныс. Алматы қаласындағы Ботаника институтында Қазақстан аймағынан А. Шреж, Г. Карелин, И. Кирилов 1840 - 1842 жылдары жинаған қызғалдақтардың ең ескі гербарийлік жапырақтары сақталған. Бір қызығы, дала қызғалдақтары республиканың барлық облыстары мен аудандарында мол. Республиканың батыс және солтүстік облыстарында гүлдің үш - төрт, Шығыс Қазақстанда – алты түрі болса, ал Оңтүстік Қазақстанда оның отызға жуық түрі таралыпты.

Тараз қаласы, № 51 орта мектебінің
4 сынып оқушысы Ниязбаева Мерей Аликқызы
Ғылыми жетекшісі: Чалбасова Жанар Мырзатайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
56 965
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Гүл – ғажайып дүние
Гүл – ғажайып дүние
Гүл түрлері, сәндік өсімдіктерін өсіру, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру. Табиғатты сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу. Сұлулық пен әсемдік туралы талғамын қалыптастыру.
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Көбею мүшесі гүлдің құрылысы, гүл бөлімдерінің қызметі туралы түсінік беру. Жергілікті және бөлме өсімдіктерінің гүлдері туралы мағлұмат беру.
Мозайкадан гүл құрастыру
Мозайкадан гүл құрастыру
Балаларға қызғалдақ гүлі туралы түсінік беру. Мозайкадан қызғалдақ гүлін құрастыруды үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, саусақ моторикаларын дамыту.
Гүл - ғажайып дүние
Гүл - ғажайып дүние
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына боянып Көрік бердің далаға.
Ең әдемі гүлдер
Ең әдемі гүлдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп – бала бақшасының биология пәні мұғалімі: рдақ Ермекқызы
Қызғалдақ гүлін жасау
Қызғалдақ гүлін жасау
Жәлел Ботакөз Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы Абай атындағы №90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×