Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы

08 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
«Қазақ тілі сөздерінде «ң»дыбысының қолданысы» атты ғылыми зерттеу жұмысы

АҢДАТПА
Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Ғылыми жобаны сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс - тәсілдер қолданылғандығы айтылды. Сонымен қатар ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды.

Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік» деп аталатын бірінші тарау және ««ң» дыбысының қолданысы» деп аталатын екінші тарау. Бірінші тарауда екі мәселе қарастырылғандықтан, оны іштей екі тараушаға бөлуді жөн көрдік:
1) Қазақ тілі тарихи даму жолы;
2) Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Бірінші тараудың «Қазақ тілі тарихи даму жолы» деп аталатын бірінші бөлімінде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында, қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі, сондай - ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.

Бірінші тараудың екінші бөлімін «Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі, тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Екінші тарау толығымен қазақ тілі сөздерінде кездесетін «ң» дыбысын қарастыруға арналды.
Қорытынды бөлімде ғылыми жоба жазу барысында «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды.
Жұмыс барысында негізгі мәселені қарастырмас бұрын тақырыпқа байланысты библиографиялық көрсеткіш құрастырылды. Ол үшін қала және облыс кітапханаларында бар әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай - ақ интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды. Көркем әдебиеттерден мысалдар теріліп, картотека жасалды.

КІРІСПЕ
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол құбылыстардың бірі – «ң» дыбысының дұрыс айтылу, жазылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ң» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты – қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық:

- фонетика жүйесін зерттеу;
-«ң» дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;
- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым - қатынастан «ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;
Зертеу нысаны. Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі ң дыбысының құбылыстарын айқындауға арналады. Мұндай құбылыстарды көрсету үшін біз көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндік. Мәселен, балаларға арналған «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Сыбызғы сыры», «Алдар көсе мен Шығайбай» ертегілерінен мысалдар теріліп алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.
Ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні. Мектептің қазақ тілі оқулықтарында пароним және каламбур құбылыстары қарастырылмаған. Сондықтан да оқушылар қауымы бұл құбылыстарды мүлдем білмейді. Ал біздің бұл ғылыми ізденісіміз барысында қазақ тіл біліміндегі пароним және каламбур құбылыстарының табиғаты сипатталып, бұл құбылыстарға түсініктеме беріліп, қорытындылар мен тұжырымдар жасалды. Ендеше бұл жұмыс қазақ тіл білімі, лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай - ақ көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасауда практикалық тұрғыдан оқушыларға жеңілдік келтіреді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы.
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата - бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік.

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а - ä, е, ы, і, о - ö, у - ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен).

Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б - м, н - д - т, н - ң, к - г, т. б.), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. В. Радлов сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған. Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан - жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман - кадрлар шықты. Қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 493
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су тіршілік көзі
Су тіршілік көзі
Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету.
Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән - өлеңдер.
Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән - өлеңдер.
Шөмішбай шығармаларындағы ғибраттық мәні бар асыл сөздерді ұрпақ санасында мәңгі сақтауға үлес қосу. Ақын өмір сүрген қоғам мен бүгінгі күнді байланыстыра қарастыру арқылы дәуір сабақтастығын ашып көрсету.
Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу
Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу
Координаталық жазықтық бойында ұлттық нақыштағы киіз үй мен ою өрнектерді бейнелеу. Координаталық жазықтық бойында сурет шығару.
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Қазақ тілі фонетикасы бейіндік бағдарлама
Қазақ тілі фонетикасы бейіндік бағдарлама
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: 10 - сынып оқушысы b]Жұбатханова Камшат[/b]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×