Білімділер поралы

Тарихты білесіңдер ме?

Тарихты білесіңдер ме?
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміздері, қоғам қайраткерлері туралы білімдерін жинақтап көрсете біледі. Оқушының ой - өрісін кеңейіп, танымдық деңгейін көтеріледі, пәнге қызығушылығы артады;
Күтілетін нәтиже: Өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйренеді. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым - қатынас орнайды.
Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, математика.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жүректен жүрекке тренингі арқылы бір - бірімен амандасады; Топқа бөлу – әртүрлі суреттер таратады, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
1. «Қазақ елі - менің Отаным»(сұрақтар беріледі )
2. «Сандарды сөйлет»
3. Картамен жұмыс
4. «Қызықты сөздер»
5. «Мақал - сөздің мәйегі»
6. «Жүз бір жұмбақ»
7. «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран»
8. Қорытынды.

«Қазақ елі – менің Отаным»
Бірнеше жүз жылдай әлемдік картада Қазақстан деген мемлекет бары мен жоғы білінбеді. Себебі біз ол кезде Ресей империясының, одан кейін Кеңес одағының құрамында болдық. 1991жылдың 16 - желтоқсанында өзіміздің тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болдық. Биыл тәуелсіздігімізге
25 жыл!
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде әр әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

Интерактивті тақтадан 20 тест сұрақтары беріледі
1 - топқа
1. Қазақстан егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?
2. Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
3. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
4. Жер көлемі жөнінен Қазақстан нешінші орында?
5. Еліміздің жер көлемі неше шаршы шақырымды алып жатыр?
6. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым?
7. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі шекара қанша шақырым?
8. Қазақстанда қанша облыс бар?
9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
10. Қазақстанның астаналарын ретімен атаңыз?

2 - топқа
1. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
3. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын атаңыз?
4. Ұлттық валюта - теңге қашан айналымға енді?
5. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?
6. Қазақстан рәміздерін атаңыз?
7. Халқының саны бойынша Қазақстан әлемде нешінші орын алады?
8. Қазақстан БҰҰ - ға қай жылы мүшелікке қабылданды?
9. Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?
10. Қазақстан Республикасының халық саны қанша?

«Сандар сөйлейді»
Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру. Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі.

10 - ұпай
1991 - ҚР тәуелсіздігін алған жылы
1992 - ҚР БҰҰ - ға мүше болуы
1993 - Ұлттық валюта айналымға енді
20 - ұпай
1465 - Қазақ хандығының құрылуы
1954 - Тың және тыңайған жерлерді игеру
1961 - Адам баласының ғарышқа алғаш ұшуы
30 - ұпай
1939 - Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
1941 - Ұлы Отан соғысының басталуы
1945 - Ұлы Отан соғысының аяқталған жылы
40 - ұпай
22 - Наурыз мерекесі
3000 - Әлемдегі этнос саны
98 - Конституциядағы бап саны

Картамен жұмыс
Тарихи оқиғадан үзінді беріледі. Сол үзінді бойынша сол оқиғаның болған жерін картадан көрсетеді.
1 - топқа
XV - ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп, қазақ аталған халықты ертіп..................... жеріне келеді. Сол жерді көрсет. (Жетісу)
2 - топқа
1836 - 1838 жылдары орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымшылығына қарсы көтеріліс болды. Аталған Орда қай жерді алып жатты? (Еділ мен Жайық аралығын)
Қазақстанның қай қаласы
1 - топқа
1. «Қарағаны қалың өскен жер» деген сөзден шыққан қала. (Қарағанды)
2. Орыстың «сем палат» сөзінен шыққан қала. (Семей)
3. «Түріктер елі, мекені» деген сөзден шыққан қала (Түркістан)
2 - топқа
1. Қазақстандағы айлақты қала (Ақтау)
2. «Көк майсалы, бау - бақшалы, шыммен қоршалған бекіністі қала». (Шымкент)
3. «Қызықты сөздер»

1 - топқа
1. Карта..........(Жер шарының кішірейтілген нұсқасы)
2. Нумизматика.............(Ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым)
3. Конституция..............(Ата заң)
4. Геродот..............( Батыстың «Тарих атасы»)
5. Шаңырақ................(Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі)

2 - топқа
1. Томирис...............(Сақтардың патшайымы)
2. Шекпен................(Түйе мен қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім)
3. Этнос.................(Белгілі бір аумақта тұратын, ділі мен тілі, шығу тегі ортақ ұлт)
4. Саба, торсық, келі, күбі.................(Қазақтың ұлттық ыдыс - аяқтары)
5. Тымақ..............(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі)

«Мақал - сөздің мәйегі»
Мақалдарды жалғастыру
1Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас)
2. Туған жер -(алтын бесік)
3. Батыр ел үшін туады, (ел үшін өледі)
4. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
5. Отан оттан да (ыстық)
6. Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл)
7. Бейбіт елде (береке бар)
8. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

«Жүз бір жұмбақ»
1 - топқа
Қазақстан баршаға болған мекен,
Баурайы да байлыққа толған екен.
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде,
«Алтын адам» нешеде болған екен? (17 - жаста)

Түсінейік мән беріп жырдың хатын,
Нағыз досың білсінші сырдың атын.
Әкесі жау қолына беріп қойған,
Айтып берші, біздерге ұлдың атын? (Мөде шаньюй)

Қараңғылық қоюлап түнді жапты,
Ғалымдар адам сенген дінді тапты.
Ява аралынан зерттеушілер,
Айтыңдаршы, қанекей кімді тапты. (Питекантроп)

2 - топқа
Біліммен адам ерек байқалады,
Көлге біткен құрақтай жайқалады.
Тарихты зейін қойып оқығандар,
«Диаспора» жөнінде не айтады? (Өз елінен тыс жердегі ұлт өкілдері)

Құрметтеп өткен жайды ұрындайын,
Айтылар өнегелі жырым дайын
Білетіндер болса егер айтып берсін,
Кісі есімін зерттейтін ғылым жайын. (Антропонимика)

Гүлденуде құлпырып еліміз де,
Тыныштық пен береке жерімізде
Ендеше, кім біледі, айтып берсін,
Қанша көл бар кең байтақ жерімізде? (48 - мың)

«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран»
Блиц - сұрақтар
1. Туған жер дегеніміз не? (Туған жер - адамның туып - өскен жері)
2. Сіздің туған жеріңіз қай ел? (Қазақстан Республикасы)
3. Сіздің өз еліңіздің алдында қандай міндеттеріңіз бар? (Туған жерді қорғау, қадірлеу)
4. Ерлік деген не? (Туған жерді қорғау, қадірлеу ерлік. Жақсы оқып, еңбек етсең – бұл да ерлік)

Қорытынды. Оқушылардың білімдерін тексеріп, жеңімпаз топты анықтау.
Марапаттау.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі: Хидирова Карима Асқарбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 53
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 53
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика