Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электрофор машинасын CD-R дискісінен жасау

28 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Облыстық білімді жетілдіру және қайта даярлау институты № 7 Кәсіптік лицей
Тақырыбы: Электрофор машинасын CD-R дискісінен жасау
Орындаған: № 4 топ оқушысы Ғаламов Қуаныш
Мамандығы: газэлектрмен дәнекерлеуші
Жетекшісі: физика пәні мұғалімі
Упишева Алмагул Мизамовна

«Жас техник» байқауы
• Электрофор машинасын CD-R дискісінен жасау
Электрофор машинасының маңызы, шығу тарихы
Электрофор машинасын алғаш 1865 жылы немістің физик экспериментаторы Август Теплер жасап шығарды. Сол мезгілде Август Теплерге тәуелсіз басқа неміс ғалымы Вильгельм Гольц (1836 –1913) жасады. Гольц машинасы Теплер машинасымен салыстырғанда потенциалдар айырмасын көбірек алуға мүмкіндік алды және оны тұрақты электр тогы көзі ретінде пайдаланылды.

Қолдану аймағы:
Электрофор машинасы физика пәні бойынша электростатика тарауын оқыған кезде демонстрациялық тәжірибелер көрсету кезінде үлкен зарядтарды және жоғары потенциалдар айырмасын алуға негізделген.

Электрофор машинасын CD-R дискісін пайдаланып жасалу жолдары
Электрофор машинасы компакт дискісі мен екі кулерден жасалған. Конденсатор дискісінің арасындағы саңылаудан 20000 Вольтка дейін жинақтайды. Жасалу жолымен суретін ұсынып отырмын. Оңай жасақталатын прибор.

2 CD-R дискасын алып ( ондағы информациясы бар кабатты оңай тазалауға болады) және оны жабындысынан тазартып, содан кейін спиртпен сүртіп тазаладым. Содан кейін желдеткішті герметизация жасауға пайдаланатын алюминий түсті скотчтан сектор қиып, дискаға жапсырдым (сурет.1). Ондай скочты құрылыс дүкендерінен сатып алу қиынға түспейді. Содан кейін компьютер ИБП – сынан 2 кулер алып, жан-жағындағы қанаттарын электрофор машинасының щеткасына кедергі келтірмес үшін қиып тастадым. Дискілер двигательге n қашықтықта бекітілген. Диск арасындағы алшақтық өте аз болуы шарт, себебі оған машинаның ПӘК – і тәуелді болады. Щетка ұстағышы диаметрі d = 1 мм болатын жез сымнан жасалған. Ал щетканың өзі көп тінді сымнан жасалған.

Машинаны жүргізу. ... Щетка дұрыс орналасқан жағдайында және олар диск айналасына дұрыс жанасқан жағдайда двигательді іске қосқан кезде ақ машина кернеуді өндіре бастайды. Бірақ мұндай жағдай ұзаққа бармайды және щеткамен диска арасында саңылау пайда болады. Бірақ оны жою қиынға соқпайды. Двигательді жүргізу үшін щетканы шамалы қысу керек немесе дисканы электрлік емес затпен зарядтау қажет( машинаның дұрыс жұмы жасап тұрғанын диск айналасынан озон иісінің шығуымен сипатталады).
Ескерту !!!
Құрылғы жоғарғы кернеуге арналған ! Оны пайдалану кезінде өте сақ болған жөн!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 468
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Оқушыларды ЕТ - ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру; Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Оқушылардың электр өрісіндегі өткізгіштер, электр өрісіндегі диэлектриктер түсініктерін қалыптастыру.
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбайқызы
Тігін машинасымен жұмыс істеу
Тігін машинасымен жұмыс істеу
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия Домаева Ақмарал Абдикаримовна
ЭЕМ-нің даму тарихы
ЭЕМ-нің даму тарихы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×