Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Техникалық және кәсіптік білім беру орындары - білім жүйесінің ең басты буыны. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында қаланған білім негізі студенттің болашағына жол ашады.

Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі колледж студенттері, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.
Қазіргі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы студенттердің логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет.
Жалпыға жаппай кәсіптік білім беру кезеңінде мұғалім студенттердің бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде колледждерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет - оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру.
Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі - олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс - әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар баршылық. Әрине, инновация көкейкесті мәселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады.
Бүгінгі менім ғылыми шығармашылығымның барысы - кадрларды даярлауда кәсіпкерлікке баулу арқылы иннновациялық жобаларды өндірісте қолдану арқылы жаңа технологиялардың оқушыларға тиімділігімен оқу процесінің сапасын арттыруда маңызыдылығы. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандықтарын оқыту барысында интерактивтік технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарға деген үлкен сұраныстың болуы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына әкеліп соғуда.

Мақтарал аграрлық колледжі, Атакент қалашығы
«Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Сейдахметов Батыр

Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары. жүктеу
4 120
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және коллеждер мен жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Power Point ортасында презентация жасау
Power Point ортасында презентация жасау
Адамзат дамуының жаңа сатысы - ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Қазіргі уақытта адам іс - әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі Жаржанова Сюзанна Киібайқызы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің 9 "А" сынып оқушысы: Кусаинова Айтолқын Ғылыми жетекшісі: Князова А. Қ Химия - биология пәндерінің мұғалімі
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×