Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққу - киелі құс

21 желтоқсан 2018, Жұма
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Аққу - киелі құс
Зерттеудің міндеті:
Киелі құс – аққу, оның түрлері, көбеюі, тыныс - тіршілігі туралы мағлұмат беру.

ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ: Бұл мәліметтерді дүниетану пәнінде және сыныптан тыс іс-шараларда пайдалануға болады.
Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығы артады.

ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ
• Жоспарлау;
• Аққулар туралы мәлімет жинау.
• Ақпаратты жалпылау кезеңі;
• Алынған нәтижені көрсету кезеңі.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ауызша, салыстыру, талдау. Ғаламтордан мәлімет жинау. Жинақталған материалдарды жүйелеп, саралау.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Зерттеу тұжырымдары
“Аққу құстың”дүниетанымын танып білуге көмектеседі, олар туралы толық мағлұмат алады. Оқушылардың дүниетану пәніне деген қызығушылығы, ынтасы артады.

Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Anatidae(Анатидай)
Кіші тұқымдасы: Anserinae(Ансеринай)

Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі.

Салмағы 5 - 10 кг, ең ірісі 13 кг - ға жетеді. Қанатын жайғандағы ұзындығы 150 - 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады.

Аққу жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 - 7 - ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 19 - 20 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді.

Аққудың алты - жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанда мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Шипун – аққулары наурыз айына 5 - 10 жұмыртқа алып қалады да, ұрғашысы оны 5 аптада басып шығарады. Сол уақытта ата аққу ұрғашысы мен көгілдірлерін қорғап жүреді. Сонымен қатар, ата аққулар осы уақытта ұрғашыларын ауыстырып та отырады.

Аққу үш - төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш - төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын “саһар”, балапанын “көгілдір”, мойнын “сұңғақ” деп дәріптейді.

С. Сейфуллиннің “Аққудың айырылысуы”, М. Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда”, Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шаңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Н. Тілендиевтің т. б. “Аққу” күйлері, Б. Аюхановтың “Аққу биі” халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі “Аққу жұлдызы” деп аталады.

Сен білесінбе?
Аққулар – өте ақылды құстар. Олардың есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс жасайды. Сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады.

Аққулар бір - бірімен қалай тілдеседі?

Аққулар бір - бірімен тілдесіп, бірін - бірі шақыру үшін көптеген ым мен ишараларды меңгерген. Олардың сондай дауыстары ашық аспан астында күшіктің үргені секілді естілсе, кейде мияулағандай дыбыс шығарады.

Аққулар немен қоректенеді?
Аққулар жабайы табиғатта жәндіктермен, кіп - кішкентай балықтармен және бала бақалармен қоректенеді.

Аққуларда неше мойын омыртқа бар?
Басқа құстарға қарағанда аққулардың мойындары ұзын болады. Сондықтан оларда 23 мойын омыртқа бар.
Аққулардың денесінде 23 000 шамасында құс жүні бар.

Аққулардың өмірі.
Арнайы күтіммен хайуанаттар бағында өмір сүретін аққулар 30 жасқа дейін өмір сүреді.

“Есіл ауданы Петровка орта мектебі” Мемлекеттік мекемесі
Орындаған: Тиышбаева Аққу
Ғылыми жетекшісі: сынып жетекшісі: Жакенова Р. А.
Аққу - киелі құс жүктеу
21 176
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аққулар
Аққулар
Аққулар қатар жүзген көл бетінде, Қарасаң көз тояр ма, келбетіне. Аппақ тән, сұлу қанат, ұзын мойын Әсемдік символы ғой жер бетінде.
Аққу - киелі құс
Аққу - киелі құс
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға елді мекені, №57 Е. Көшербаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Алниязова Амангүл
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан кейінгі ой
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан кейінгі ой
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы №164 орта мектебі 9 - сынып оқушысы Тәжібай Елжас
Қасірет пен қасиет
Қасірет пен қасиет
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×