Қазақстанның
білім беру порталы.

Чипсының пайдасы мен зияны

08 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Чипсының пайдасы мен зияны

К І Р І С П Е
Қытырлақ картоп (чипсы) балалардың және үлкендердің ең сүйікті тағамына айналған. Оның зияны туралы қанша рет айтылса да, көңіліне тоқып жүрген жастар аз. Чипсы кез келген бұрышта сатылады және сырты әдемі безендірілген, тартымды қабымен көзге түседі. Теледидардан көрсететін жарнамалар арқылы да бұл өнімнің тұтынушылары көбеюде. Қазіргі кезде ол фастфуд өнімдерінің бірі ретінде танымал. Дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ. Сол себебі онкологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін және қытырлақ картоптың зияндығы туралы сіздерге айтып берсем. Сондықтан қытырлақ картоптың құрамын зерттедім. Зерттеу барысында қытырлақ картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендері, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Қытырлақ картоптың құрамында тұз өте көп Тұздың өте көп мөлшерде болуы сүйектердің дұрыс өсуіне кедергі келтіреді және жүрекке әсер етеді. Қытырлақ картопқа әр түрлі дәмдеуіштерді қосады.
Бүгінгі таңда экология лас заманда адамдар ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейді. Осыған орай дүкендерде көздің жауын алатын қытырлақ картопты көргенде әрине оны жегің келеді, қытырлақ картопты көп мөлшерде жеу адам денсаулығына зиян екеніне зерттеу барысында көзім жеттім. Сол себепті «Қытырлақ картоптың зияны» тақырыбын таңдап алдым. Зерттеудің нәтижесінде мен енді дүкеннен қытырлақ картоп сатып алмаймын деп шештім себебі: чипсиді жеген баланың ойлау қабілетті өте төмен болады екен. Чипсиді алғаш жегеннен бастап оны қайта - қайта жегіңіз келе береді. Сол себепті адамды семіздікке ұшыратады. Сондықтан адам ағзасында аллергия пайда болуы әбден мүмкін.
«Қытырлақ картоптың зияны» тақырыбын зерттеудегі мақсатым: Чипсының сапалық құрамын анықтау, адам организміне әсерін тереңірек зерттеу, зияндығы туралы халыққа жеткізу.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылады:
- Қытырлақ картоптың шығу тарихын анықтау.
- Қытырлақ картоптың құрамы қандай екенін анықтау.
- Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны қандай екені туралы мәлімет жинау.

I. Әдеби шолу.
1. 1. Қытырлақ картоптың шығу тарихы.
Чипсыды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсының нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек - кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды «чипсы» деп атаған екен. «Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсыларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады. Мамандар чипсыға адам тез үйір болады дейді.

1. 2. Қытырлақ картоптың құрамы қандай?
Бір пакет чипсыдың энергетикалық құндылығы шамамен – 550 ккал болса, бұған ол құрамындағы майдың есебінен қол жеткізеді. Чипсыдың құрамында дәрумендер мен минералдар мүлдем болмайды. Чипсы қатты шөлдетіп, ісіндіреді және қалыпты рационалды калорияңызды жояды.
Чипсыларға қосылатын зиянды дәмдеуіш қоспалар. Мұндай чипсылардың дәмі картоп дәміне мүлдем ұқсамайды, оған көмекке дәм қосарлар мен дәмдеуіш қоспалар, негізінен натрий глутаматы келеді. Натрий глутаматының ең дәмсіз деген тағамды оның нақты құндылығын ұмытып тағы да жегіңіз келтіретіндей қасиеті бар.
Акриламид – ең қауіпті канцероген, егер де майды таңдамай, табаны қатты қыздырып жіберсе үй жағдайында да пайда болады. Бірнеше жыл бұрын чипсыдың құрамында акриламидтың туысы глицедамид табылған болатын. Ол ісіктің пайда болуына әсер етіп қоймай ДНҚ да өзгеріске ұшыратады.
Зиянды тағам қоспасының кодтары:
- Тиым салынғандар: Е - 103, Е105, Е111, Е121, Е123, Е125, Е126, Е130, Е152.
- Қауіптілер: Е102, Е110, Е120, Е124, Е127.
- Күмәнділер: Е104, Е122, Е141, Е150, Е171, Е173, Е180, Е241, Е477.
- Ісік тудыратындар: Е131, Е210 – 217, Е240, Е330.
- Ішек ауруларын тудыратындар: Е221 - 226.
- Теріге зияндылар: Е230 - 232, Е239.
- Қысымның өзгерісін тудыратындар: Е250, Е251.
- Бөртпенің пайда болуына әсер ететіндер: Е311, Е312.
- Холестеринді жоғарылататындар – Е320, Е321.
- Асқазан ауруын тудыратындар: Е338 – 341, Е407, Е450, Е461 - 446.
Чипсының пайдасы мен зияны жүктеу
698
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Бастапқы бақылау жұмысы
Бастапқы бақылау жұмысы
Соңына дейін жүретін реакцияларды аяқта а) кальций оксидімен натрий гидроксиді; б) магний нитраты мен күміс; в) барий гидроксиді мен күкірттісутек қышқылы; г) темір(ІІ) бромиді мен калий гидроксиді. Бір теңдеудің иондық теңдеулерін жаз.
Темір құймалары және олардың қолданылуы. Шойын мен болат өндіру
Темір құймалары және олардың қолданылуы. Шойын мен болат өндіру
Темір құймалары шойын мен болат өндірудің өндірістік әдістерімен танысып, маңызын біледі. Темірдің аса бағалы өнімдері оның құймалары – шойын мен болат.
Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Өсімдіктердің минералды қоректенуі Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты. Өсімдіктер топырақтан: 1) макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т. б); 2) микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт,
Зәр құрамы, зәрдің түзілуі. Бүйрек аурулары, себептері, оның алдын алу
Зәр құрамы, зәрдің түзілуі. Бүйрек аурулары, себептері, оның алдын алу
Адам зәрінің құрамы 96 су, 1, 5 - ы бейоргникалық заттар, 2, 5 органикалық заттар. Зәрде хлорлы натрийдің мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар,, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерде болады. Әсіресе несепнәр, зәр қышқылы көбірек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.