Білімділер поралы

Төрт түлігім - ырысым атты ғылыми – зерттеу жобасы

Бағыты: адам денсаулығының мәселесі
Секциясы: этномәдениеттану
Дайындаған: 4 сынып оқушысы Палагина Валерия
Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Құсайынова Ұлберген Рамазанқызы
Ғылыми кеңесшісі: Құсайынова Ұлберген Рамазанқызы

Төрт түлігім - ырысым атты ғылыми – зерттеу жобасы
Кіріспе

«Малы бардың - жаны бар», «Елдің көркі - мал» деген халық нақыл сөздерінен - ақ қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады. Бабалары төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Ас - ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен жасайтын алыс - берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Малдың сүтін ішіп, етін жеп, терісінен тон илеп, жүнінен киім тоқыған қазақтарда төрт түлік туралы атаулар жетіп артылады.
Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып күтудің де жай - жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты алаштың жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапандас серігі болған. Қазақ халқы ежелден малға жақын халық қой. Кезінде ата бабалары төрт түлікке жайлы қоныс іздеп, кең далада көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген, төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім - кешек, алаша, кілем тоқып, әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халық «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.
Төрт түлік туралы қазақ әдебиеті тарихында және халық арасында кеңінен таралып, қолданылуда. Ақын - жазушылар өздерінің өлең жырларын да да жазып, адамға пайдасы зор екенін айтқан. Заман алмасып, уақыт өткен сайын бүгінгі жас буын осы төл атауларды ұмытып, жаңылыстыратын болып жүр. Тірлігі малмен біте қайнасқан қазақ үшін бұл жараспас. Осы себепті біздер, кейінгі жас буын (мен қазақ болмасам да, қазақстандықпын) біле жүрейік деген мақсатпен осы төрт түлік туралы, олардың пайдасы жөнінде мәліметтерді жинау қажеттілігін түсіндім.
Төрт түліктің пайдасы туралы ғана емес, өлеңдер мен мақал - мәтелдер, тыйым сөздер және ақын - жазушылардың, жыраулардың ойларын жинақтауды жөн көрдім. Осы зерттеу жұмысында төрт түлік туралы ой - түсінігім кеңейе түсті.
Тәуелсіз Қазақстан жерінде төрт түлігімізді бағалай отырып, дастарханымызда ұлттық тағамдарымыз жайнап тұрса, балалар ұлттық ойындарды ойнап өссе, қандай тамаша! Ұлттық құндылықты құрметтеу - басты парыз деп ойлаймын.
Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Бұл біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз. Қадір тұтқан мұраны сақтайық.

«Жылқының сүті – шекер, еті – бал, иісі – жұпар, терісі – киім, міңсең – тұлпар»
Төрт түлік малдың ішінде қай халықтың болса да құрмет тұтатындарының бірі - жылқы малы. «Ат - ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы - мінсең - көлік, жесең - ет. Қазы - қарта, жал - жаясыз бірде - бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз. Тарихи деректер бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымыздан 3 - 4 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Негізгі Отаны Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп есептеледі. Әйгілі ғалым Ахмет Тоқтабайдың «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Қазақ жылқысының тарихы» кітабында Орталық Аз ия, соның ішінде қазақ даласы - жылқы Отаны» - деген түпкілікті тұжырым жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі – «Ботай қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны алғаш қолға үйреткендер. Мұны қазір бүкіл әлем ғалымдары мойындап отыр. 2009 жылы бүкіл әлемге SCIENCE ғылыми журналында жылқының дүниежүзі бойынша тұңғыш рет Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілгені, ертедегі малшы - жылқышыларының б. з. д. ІY мыңжылдықта қымыз дайындағаны әлем жұртшылығына жария етілді. Жылқының арғы тегі жылқы пішіндес жануарлардан дами келе тарпаңға, Пржевальск жылқысына, құлан, зебраға жеткен көрінеді. Тарпаңдардың бойлары жылқылардан аласалау, денесі тығыршықтай томпақ, түстері құла және көк болып келеді.
ХХ ғасырдың басында тарпаң жабайы жылқылар түрлері мүлдем жойылып кетті. Оларды тек суреттерден ғана көре аламыз.
Жылқының пірі – Қамбар ата, төлі - құлын. Жылқыны «құрау - құрау» деп шақырады. Оны құлын, тай, жабағы, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп атайды. Ал ат жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай, әсіресе, батырлар жырларында жорға, су жорға, текежәумет, жүйрік, тұлпар, қазанат, саңлақ, сәйгү - лік, назбедеу, дүлдүл, арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар үлкен ас - тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер - азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жалпы халық жылқыны жоғары бағалаған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі түрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, мал ға жегеді, салт та мінеді.
Жылқының түрлері
Дүние жүзінде жылқының 250 - дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі.
Жылқы – жүк жылқысы, мініс жылқысы, жазық дала жылқысы, тау жылқысы, солтүстік дала жылқысы болып бөлінеді.

Қазақ халқы жылқыны 3 топқа бөлген:
1. Жүйрік аттар: арғымақ, тұлпар ат, сәйгүлек ат.
2. Күшті, еті тығыз аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк артуға, көшкенде пайдаланған. Бұл аттарды «қазанат» деп атаған.
3. Жүрдек аттар.
Күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы салт жүріске жарамды жылқылар «жабы» деп аталған.
Жынысына қарай: ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.
Құлын - биенің төлі
Жабағы - 6 айдан асқан құлын
Тай - 1 жастан асқаны
Жылқы тұқымдары

Алтай тұқымы. Қостанай тұқымы.

Буденный тұқымы. Қазақ тұқымы

Қазақ жылқыларының ерекшеліктері – бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды, мойыны шомбалдау, қысқа, көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері тығыз.
Қазақ жылқылары ауа райының құбылмалы жағдайына төзімді, жем – шөпті талғамайды, үнемі далада жайылымда жүріп күнелтеді.

Жылқының қасиеті.
Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал - жылқы. Оның тазалығы соншалық - суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы - жылқыда өт болмайды. Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Жылқы - жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

«Түйе - малдың - қасқасы»
Түйелер - ірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4 - 5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды жүк, артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүні - нен шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Жүні қыс та суықты өткізбейді. Түйелер қос және сыңар өркешті болып келеді. Азық қорын өзімен бірге алып жүреді. 100 килограмм өркеші – азықтық майын жинап алатын қоймасы әрі шөлдегенде ішетін суы. Өркешіндегі май оған екі жұмаға дейін азық болады. Түйе шөлдеген кезде он минутта он литр су іше алады екен. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылық қасиеттеріне қарай: біртуған, бекпатша, күлпатша, нар, аруана жампоз, мая, айыр, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөлінеді.
Асан қайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар.
(«Айырдан туған жампоз бар, Нарға жүгін салғысыз» Шалкиіз жырау.
Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша,
бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады. Түйенің азғын түрлерін: көрт,
кейін дейді. («Түйе жаманы - көрт, шөп жаманы керт». Мақал)
Түйенің еті мол, жүні биязы болады. Түйе 30 - 35 жыл өмір сүреді.
Түйенің пірі - Ойсылқара, төлі - бота. Түйені «көс - көс» деп шақырады.
Төлдеу мерзімі – 12 ай.

Түйе түрлері
Қазақстанда түйенің екі түрі бар: қос өркешті, сыңар өркешті.
1) Жалғыз өркешті түйе (ғылыми тілде дромедар дейді). Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - нар. Ұрғашысы - мая немесе аруана, еркегі - үлек. Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды.
2) Қос өркешті түйе (ғылыми тілде Бактрия түйесі дейді) немесе Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Қазақстанда қос өркешті түйенің Қазақстан түйесі, Монғол түйесі, Астрахан түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі. Ол құрғақ далалы, шөл - шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді.

Түйенің қасиеті.
Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол – сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. «Айт - шу» десең атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал.

«Сиырдың сүті – тілінде»
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Сиыр малы осыдан 7 - 10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Қазіргі үй сиырларының шыққан тегі тур деп аталады. Тур деген жабайы сиырды қолға асырап, үйретілгеннен кейін үй сиыры пайда болған. Жабайы сиырлармен салыстырғанда, үй сиырларының аяқтары қысқа, денелері ірі, үлкен, шекелері кіші болып келеді. Бұл ірі қара әр түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы көптеген будандарға айналады. Мұндай сиырлар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Т әжікстан, Түрікменстан, туысқан республикаларда кең таралып өсті. Жергілікті сиыр тұқымдары көбейді. Қазақстан сиырларының тұқымдары еттілік, сүттілік, көліктік жағынан ерекшеленіп, өсіп - өніп келеді.
Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран - сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
Сиырдың пірі - Зеңгі баба, төлі - бұзау. Сиырды «аухау - аухау» деп шақырады.
Сиырдың төлдеу мерзімі - 9 ай.
Төрт түлігім - ырысым атты ғылыми – зерттеу жобасы жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 95
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 95
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика