Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киіз үй

25 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Кіріспе бөлім
«Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы»
Негізгі бөлім
1. «Киіз үйдің түрлері мен құрылысы»
2. «Қазақтың киіз үй жабдықтары және киіз үй бұйымдары»
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Жұмыстың сипаттамасы
Ғылыми жұмыстың мақсаты: киіз үйдің тарихы мен бүгінінің байланысын сезіну, оларды зерделеу, толық баяндау, жәдігер ретінде сақтап қалудың шешімін қарастыру және деректермен бекіту.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
1. Киіз үй түсінігін ашып көрсету;
2. Тарихи қолданысын дәлелдеу;
3. Жәдігер ретінде қолдану аясын кеңейту:
4. Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет деректерді мазмұндай білу.
5. Алдына қойылған сұраққа немесе мәселені шешуде оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.
6. Осы мақсатты ескере отырып, дүниетанымдық қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі деректерге қатысты мәліметтерді жинақтауды жүзеге асыруды жөн көрдім.
Жұмыстың өзектілігі
Халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына соның ішінде бастауыш және орта буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш және орта мектептегі гуманитарлық пәндерді оқытып - үйрету арнайы мақсат көздейді.
Халықтың бүкіл мәдени - шаруашылық - тұрмыстық болмысы оның этнографиясында көрініс табады. Ұлттық этнографиясын білмей оны тану қиын. Сондықтан бүгінде ұлттық құндылықтарға бет бұру жағдайында халықтың дәстүрлі мәдениетіне үлкен мән беру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қазіргі таңда жылма жыл тарихта жәдігерлер азайып бара жатыр. Көненің көзі болған асыл мұрамыз Киіз үйді ұлықтай отырып, қолданыс аясын кеңейту.
Зерттеу әдісі
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, зерттеулер қолданылады.
Кіріспе бөлім
«Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы»
Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибе негізінде қалыптасқан киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.
Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт - дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты. Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70 - тен 360 - қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі. Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т. б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени - тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке - жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тігілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай - ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын - шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы – кереге, уық, сықырлауық, шаңырақ – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар бір - бірімен бау - басқұрлармен біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылады да, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Бұлардың әрқайсысының өз орны бар: туырлық керегеден уықтың ортасына дейін, үзік кереге басынан шаңыраққа дейін, түндік шаңырақты, ал киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Бау - басқұрлар киіз үйдің сүйегін ұстастырып қана қоймай, сыртқы киіздерін де бастырып тұру мақсатында қолданылады.

Толық нұсқасын жүктеп алу
234
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты
Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты
Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
Киіз үй
Киіз үй
Сан ғасырлар бойы қазақ халқының баспанасы болған киіз үйдің құрылымымен, маңызымен таныстырып, етістіктің шақтарының жасалу жолдарын қарастыру;
Киіз үй
Киіз үй
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Киіз үй
Киіз үй
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бактыгожина Альфина Сагадатовна
Киіз үй
Киіз үй
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №4 орта мектебі” КММ Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сейітова Әлия Құматайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.