Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға

25 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс

Жоспар:
І. Кіріспе:
 «Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға»
ІІ. Негізгі бөлім:
  «Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі Отан, туған жер» тақырыбы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Жұмыстың сипаттамасы
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
1. Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу
2. Ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Мұқағали ақынның ақындық әлеміндегі Отанға, туған елге, жерге арналған өлеңдеріндегі ойларды қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге, ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу.
Зерттеу әдісі
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, зерттеулер қолданылады.
І. Кіріспе:
«Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға»

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә. Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н. Тілендиев ән шығарған.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен - шекпенге де, лауазым - атаққа да қызықпаған.
Мұқағали Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным - сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т. б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Толық нұсқасын жүктеп алу
196
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Өртеніп өткен өр тұлға
Өртеніп өткен өр тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың біртуар ұлы ақыны. Ол мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы өзіміздің Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа - тұс келгендіктен, өмірдің қиыншылығын ерте көреді.
Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм
Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№ 15 орта мектеп» ММ Аджибаева Мерея Жетекшісі: Қожанова Зинаида
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Мұқағали Мақатаев “Бүгін менің туған күнім” (электронды оқулық)
Мұқағали Мақатаев “Бүгін менің туған күнім” (электронды оқулық)
Мұқағали Мақатаев "Бүгін менің туған күнім" (электронды оқулық). Ерлан Шарапиев Өзбекстан Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы №18орта мектебінің Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.