Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

25 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс

Кіріспе бөлім
«Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты»
Негізгі бөлім
«Нүркен Әбдіровтың ерлігі - біздің мақтанышымыз»
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мерзімі:
І. Жұмыстың сипаттамасы
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Жерлесіміз Батыр Нүркен Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңындаөскелең ұрпаққа тың деректер ұсыну.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
1. Батырдың биографиясын ашыпкөрсету;
2. Тарихи деректерді сұрыптау;
3. Жинақталған мәліметтерді жәдігер ретінде мектеп мұражайына табыстау:
4. Алдына қойылған сұраққа немесе мәселені шешуде оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.
5. Осы мақсатты ескере отырып, дүниетанымдық қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі деректерге қатысты мәліметтерді жинақтауды жүзеге асыруды жөн көрдім.
Жұмыстың өзектілігі
Қарапайым қазақ баласы Н. Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.
Зерттеу әдісі
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, зерттеулер қолданылады.
Кіріспе бөлім
«Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты»
Облыс еңбекшілерінің Отанды қорғауға өз еріктерімен жаппай өтініш беруі олардың нағыз отансүйгіштік, патриоттық сезімінен туындады. Соғыс басталысымен мыңдаған қарағандылықтар əскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың соңына қарай облыстың əскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді.
Соғыс жылдары майданға барлығы 45 мыңға жуық адам жіберілді. Қарағандылықтар Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты, Олар Ленинградты, Сталинградты қорғады, Курск шайқасына қатысты. Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны неміс - фашист басқыншыларынан азат етті.
Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
72 - атқыштар дивизиясы Сталинград бағытында шайқасып, Қырым мойнағына дейін ұрыспен жүріп өтті, Перекоп бекінісін алуға қатысып, Севастопольды, Бухаресті азат етті.

Толық нұсқасын жүктеп алу
2 830
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киіз үй
Киіз үй
Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).
Шығарма: Менің туған ауылым
Шығарма: Менің туған ауылым
Менің туған ауыл Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған ауылы. Ауылдың орналасқан жерінің табиғаты өте бай. Айналасы 4 - 5 шақырымдай жерде биік - биік таулармен көмкерілген.
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Сартай батырдың өшпес ерліктері
Сартай батырдың өшпес ерліктері
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №165 С.Сейфуллин атындағы мектеп Тақырыбы: Сартай батырдың өшпес ерліктері Орындаған: Балдақов Нұрдәулет 11б сынып оқушысы Бағыты: Қазақстан өңірінің тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×