Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Секция: Әдебиет
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер
Аннотация
Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.
Гипотеза: Қазақ әдебиеті бойынша әңгімеде кездесетін нақыл сөздерді тауып, теріп қоймай, жинақтау арқылы тілдік қолданысқа, оқулықтарға енгізуге болады және жеке кітапша ретінде дайындап, оқырманға ұсынылмақ.

Зерттеу кезеңдері:
1. Б. Момышұлы шығармаларынан нақыл сөздерін жинақтау
2. Б. Момышұлының өз жанынан шыққан мақалдар мен қанатты сөздерін топтарға бөлу
3. Нақыл сөздеріне арналған кітапша шығару

Жұмыс нәтижесі: Ғылыми жұмыста әңгімелер мен повестер, романдары толық қамтылып, Б. Момышұлы – ұлттық болмысты қалыптастырушы қаламгер ретінде танылады. Мағыналық ерекшеліктері ашып көрсетіліп, тақырыптарына қарай топтастырылды. Арнайы мысалдар келтіру арқылы естілмеген нақыл сөздері жария болады.
Ғылыми теориялық - тәжірибелік маңыздылығы: Нақыл сөздеріне назар аударып, зер салған жас ұрпақ жаһандану кезеңінде тура жолдан таймай, оптимистік қабілетін арттырады. Ұлттық рухқа қаныққан оқырманның патриоттық сезімі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін нығайтады.
Мазмұны
Кіріспе
«Тырмысып әл келгенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым»
Зерттеу бөлімі
1. Б. Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім - тәрбие
2. Батырдың нақыл сөздері – қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың қайрағы.
3. Ұлттық рухты оятқан қанатты сөздер
Қорытынды

Бауыржан мұрасы – ұлттың ұлы оқулығы.
Кіріспе
«Баукеңнің телегей - теңіз тағылымы – болашақтың, таяу мыңжылдықтың әңгімесі».
Хамит Ерғалиев
Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының, абзал қасиеттері бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезінде үлкен ерлік көрсетіп, артына өшпес із қалдырды. Батыр бойындағы намыс пен өр мінез оның қайталанбас ерлігінен ғана емес, шығармаларынан көрініс табады. Осы орайда «Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...» деген ғалым Мырзахмет Мекемтасұлының сөзін еріксіз еске түсіресің. [1]

Зерттеу бөлімі
1. Б. Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім - тәрбие.
«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,»
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен» [3], - деген жолдар арқылы
Бауыржан Момышұлы өзінің адами, азаматтық болмысын бір ауыз өлең жолымен танытқан.
Қаһарман жазушының болмысын сөз еткенде, ең алдымен, айқын танылары, батырлық қасиеті екені белгілі. Батырлығы – Отанын сүйген, елі үшін жаны күйген, ұлт тағдыры үшін қандай қиындыққа болса да қарсы тұрар қаһармандық болатын. Ал Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді. Бірі – батырдың, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде халқының асқан ардақтыларының бірі болары анық. Бауыржанның тұғырлы тұлғасында батырлық пен жасампаздық сипат бір - бірімен ғажап бірлік тауып, тұтастыққа айналған.
Адамдық парызын дала философиясымен үндесе отырып, халықтық тәлім - тәрбиеден іздеп, ұрпағына ой салған жазушы өз шығармаларында тарихи маңызы мен тәрбиелік құндылығын жоғалтпайтын оқиғаларға басты назар аударады. «Шығарманы қызықты етеміз деп, біз кейде құр оқиға қуалап кетеміз. Шығармаларымыздың елеулі кемшілігінің бірі, міне, осында» [4] деп ескерткен еді жазушы. Тумысынан асқан дарынды өзі үшін мүлде қиын да күрделі, халық даналығында айтқандай «Инемен құдық қазғандай» азапты тірлікке бет бұрып, сәтті туындыларды сыйға тарта білді.
«Адам қайраты», «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя» шығармаларымен қатар, естелік кітаптарға қосымша газет - журналдарда жарияланған мақалалардан нақыл сөздерді жинақтаған болатынмын. Жұмысымның зерттеу бөлімі қазақ халқының мақал - мәтелдеріне арналған.
Жоғарыда аталған шығармалар бойынша жазушы қолданысынан төмендегі тақырыптар бойынша қазақ халқының мақал - мәтелдерін көптеп кездестірдік.

Ерлік пен жаужүректік туралы
Адам туралы
Тіл және сөз құдіреті туралы
Ел, Отан туралы
Ақиқат пен шындық туралы
Білім, ақыл және ізгілік, адамгершілік туралы
Еңбек және бірлік туралы

Айталық, «Адам қайраты» кітабында «Түсі жақсыдан түңілме», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Көз қорқақ, қол батыр», «Білек бірді, білімді мыңды жығады» [5] секілді халқымыздың даналығы жиі айтылады. Қай мақалға талдау жасасақ та, мағынасы адалдық пен ерлік, ұлттық рухқа саяды. Мақалдарды тізбектегенде халық даналығына 45 мақалды жатқызып, 7 тақырыпқа топтастырдық. Тақырыптарының өзі халықтық тәлім - тәрбиеге үндейді. Әсіресе ержігіттің бойына ерлік пен елдікті дарыту, қыз бойына әдептілік пен ар - ұят қасиетін сіңдіру әр қазақтың жауапкершілігі болса, қаһарман жазушы оны сезіне білді. Аз жазса да, саз жазатын, жазушылық бағытқа жәй келсе де, көп дүние қалдырған шығармаларында Бауыржан Момышұлының жүрегі «Әр қазақ - менің жалғызым» деп соққаны айқын көрінеді.
Енді назарларыңызға Б. Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:

1. Ерлік пен жаужүректік туралы
1. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
2. Күш - әкесін танымайды.
4. Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті.
5. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
6. Жығылған үстіне жұдырық.
7. Көз қорқақ, қол батыр.

2. Адам туралы
1. Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.
2. Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
3. Баланы бастан.
4. Түсі жақсыдан түңілме.
5. Кісідегінің кілті - аспанда.
6. Қорыққанға қос көрінеді.
7. Түсі тәуірден түңілме.
8. Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды.
9. Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.
10. Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл
11. Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа.
12. Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.
13. Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын.
14. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.
15. Он үште отау иесі.
16. Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді.
3. Ел, Отан туралы
1. Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

4. Еңбек және бірлік туралы
1. Еңбек түбі рақат.
2. Төртеу түгел болса төбедегіні алады.

5. Білім, ақыл және ізгілік, адамгершілік туралы
1. Білек бірді, ақыл мыңды жығады.
2. Қалауын тапса қарда жанады.
3. Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді.
4. Өлімнен ұят күшті
5. Жаным - арымның садағасы.

6. Ақиқат пен шындық туралы
1. Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
2. Шын айтпай, сын айтпа.
3. Өтірік – зиян, кесір.
4. Өтірік – барып тұрған зиянды у.
5. Шындық ақиқатты түсіндіруші.
6. Біздің нақты болмысымыз – шындық.

7. Тіл және сөз құдіреті туралы
1. Сөз жүйесін, мал иесін табады.
2. Жылататын да, жұбататын да сөз.
4. Жаман айтпай - жақсы жоқ.
5. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
6. Жақсы сөз - жарым ырыс.
8. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
63 622
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Бауыржан Момышұлының бата - тілек, мақал - мәтел, нақыл сөздері
Бауыржан Момышұлының бата - тілек, мақал - мәтел, нақыл сөздері
Бата (араб, фатиха – алғыс, ризашылық, тілек) – әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух Ұлттық рух деген не? Еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілігін бойына сіңірген, шын мәнінде еліне жанашырлықпен қарайтын, ұлттық рухы берік адамды ғана нағыз өз елінің
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×