Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бекіре - Қазақстандағы бағалы балықтардың бірі

23 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Бекіре - Қазақстандағы бағалы балықтардың бірі
Секция: Биология

Аннотация
Бұл жобада саны мен түрі азайып бара жатқан бекіре балығының қолдан ұрықтандыру әдістері мен оның өсіп – жетілуі құндылықтары мен бағалы уылдырығы, дәмді еті, дене пішіні және тіршілік ету ортасы туралы зерттелген.

Мақсаты:
Қазіргі таңда түрі азайып бара жатқан бекіре балығының шығу тарихын, дамуын, түрін және Арал теңізінде өсіру жолдарын насихаттау.
Міндеті:
• Хордалылар типіне жататын бекіре балығының түрі мен пайдасы туралы түсінік беру
• Қолдан өсірілген бекіре балығының қазақстанның дамуы тарихында алатын орны туралы таныту.
Мақсатыма жету үшін қолданған әдіс – тәсілдерім:
1. Сұрақ – жауап
2. Сұхбаттасу
3. Пікірлесу
4. Талдау - жинақтау
Жоба жұмысының жоспары
І. Кіріспе
А) Қазақстандағы бағалы балықтар туралы мәлімет
II. Негізгі бөлім.
А) Бекіре балығына сипаттама
Ә) Бекіре балығының пайдасы
Б) Қосжар елді мекеніндегі питомник қызметшісі Шора атаймен кездесу
В) Бекіренің қолдан өсірілу жағдайы туралы Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының Арал филиалы ихтиологымен кездесу (сұхбат)
Г) Аудандық мұражай мен Балықшылар мұражайындағы зерттеулерден соңғы нәтижелер
Ғ) Бекіре балығын Арал ауданының табиғатына бейімдеген және өсіріп көбейту үлес қосқан азаматтар.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Ұсыныстар
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Теңіздің ауға түскен бекіресі,
Тулады шарасыздан кетіп есі.
Түбінде жел қайықтың жанталасты,
Алатын тағдырынан осы ма өші - деп ақын ағамыз Толыбай Абылаев жырлағандай етінің дәмділігіне, уылдырығының құндылығы жөнінен Қазақстанда ІІ орын алып келе жатқан бекіре балығының азайып бара жатқаны кімді де болса алаңдатары хақ.
Арал өңіріне алғаш табаны тиіп, «Арал халқына көмектессем деген арманыма жеттім»- деп, көкірегін қуаныш керней сөйлеген еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы алғаш бекіре балығына таңба салып теңізімізге жібергенін білеміз. Осы сәттен бастап, бекіре балығын өсіріп, дамытуды Қосжар елді мекеніндегі балық өсіру питомнигі қолға алды.
Қазіргі таңда арал ауданында Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының Арал филиалы жұмыс жасап келеді. Бұл филиалда бекіре уылдырығын Атыраудан алдырып, оны өсіріп, 25 - 30 грамм салмақ деңгейіне жеткенде теңізге жіберіп келеді.

«Бекіренің бел кеспесін жемеген басым, қойдың құйқалы етіне зар болдым»- деп аңызда айтылғандай бұл ғылыми жобамда бекіре балығының ерекше құндылығы, дамуы, тіршілігі, туысы, түрі мен қазіргі таңдағы қолдан өсіріп ұрықтандыру жағдайы, осы салада қызмет жасап жатқан жанашыр азаматтардың еңбектері туралы баяндамақпын.

1. 1 Қазақстандағы бағалы балықтар туралы мәлімет
Қаяз - балық, тұқы тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда 2 түрі: Арал қаязы жөне болат - май Қаяз (шырман) (Barbus capito) бар. Болат - май Қаязы екі түр тармағына бөлінеді: біреуі оңтүстік Каспийде (Қазақстан бөлігінде кездеспейді); екіншісі Түркістан қаязы. Арал қаязынан ерекшелігі - ұзаққа өрістемейді, жергілікті (тұрғын) балық. Қабыршағы ірілеу, арқа қанаты кейін орналасқан және аумақтылау. Қазақстанда Сырдария су алабында, Шардара су қоймасынан өзеннің сағасына дейін, Қаратаудың оңтүстік - батысындағы өзендер мен Шу өзенінің жазық бөліктерінде кездеседі. Оның түсі сарғышқа жақын – алтын сияқты. Әдетте Қаяздың арқасы бауырына қарағанда қоңырлау. Шабақтарында қоңыр дақ болады. Ұзындығы 70см-ге, салмағы 5, 3кг-ға дейін. Уылдырығын судың температурасы 23°С болғанда өзендерде және су қоймаларындағы құмды, майда тасты жерлерге шашады. Қорегі әр түрлі; барлық су өсімдіктері, көпшілік омыртқасыздардың дернәсілдері, ауада ұшатын ұсақ жәндіктер, моллюскілер,

Тасбекіре – бекіре тұқымдасына жататын балықтар. Құмдауытты және майда тасты қайраңдар мен өзектерді мекендейді. Дене пішіні лайлы ағысты суда тіршілік етуге бейімделген: басы күрек тәрізді жалпақ, көздері кішкентай, оның есесіне сезім мүшесінің қызметін атқаратын ұзын мұрттары жақсы дамыған. Ерекше сауыт құрайтын қырлы сүйектері денесін механикалық жарақаттанудан сақтайды. Тасбекірелерді 2 туысқа жіктейді: америка Тасбекіресі және ортаазиялық Тасбекірелер. Соңғысының Арал теңізі бассейнінде тіршілік ететін 3 түрі кездеседі. Үлкен әмудария Тасбекіресі денесінің ұзындығы 58 см, салмағы 760 г - нан 2, 5 кг - ға дейін. Кіші әмудария Тасбекіресінің ұзындығы 30 см - дей. Үшінші түрі – Сырдария тасбекіресі. Уылдырығын (15 мыңға дейін) су температурасы 14 – 16°С - қа жеткенде, наурыз – сәуірде өзен арнасындағы қиыршық құмды және майда тасты қайраңдарға салады. Су түбіндегі майда омыртқасыздармен және балықтардың уылдырығымен қоректенеді. Бұл 3 түрде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Бекіре - бекіре тәрізділер отрядына жататын ірі балық.
Оның дене тұрқы 2 метрден басталып, 200м-ге дейін жетеді. Салмағы 10 кг – нан бастап 1 тоннаға дейін жететін алыптарын да кездестіруге болады. Бекіренің тұмсығы қысқа, доғал не сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5 - 19, бүйірінде 24 - 30, ал бауырында 6 - 14 қырлы сүйектері бар. 50 - 100 жылға дейін тіршілік етеді. Олар наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында ағысы қатты, тасты, қиыршық құмды жерлерде 250 мыңнан – 1 млн - ға дейін уылдырық шашады. Шабақтың ұзындығы 15 - 20см-ге жеткенде теңізге шығады. Бекіренің шабақтары дернәсіл кезінде тұщы өзенде мекен етіп, 1 жылдан соң теңізде тіршілік етеді. Шабақтары шаянтәрізділермен, құрттармен, ал ересектері моллюскалармен, балықтармен қоректенеді.
Бекіре - бүйрек еті өте дәмді, ал қара уылдырығы өте бағалы кәсіп үшін пайдаланылатын балық. Торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақпағы бар. Сырттай ұрықтанады.
Бұл балықтар Қазақстандағы бағалы балықтар қатарына жатқызылады. Қаяз балығы өсуі, дамуы, дәмділігі мен құндылығы жағынан Қазақстан бойынша І орынға ие болса, ІІ орынды осындай аталмыш ерекшеліктерімен бекіре балығы иеленеді.

II. Негізгі бөлім.
2. 1 Бекіре балығының сипаттама
2. 3 Бекіре балығының пайдасы
Бекіре балығы өзге балықтардан етінің дәмділігі мен уылдырығының құндылығымен ерекшеленеді. Бекіре балығының асқазаны мен омыртқа жотасының аралығындағы
мүшесінен желім майы алынады. Сол балықтан алынған желім майын тұрмыста ағашты желімдеуге пайдаланылады. Сонымен қатар қазіргі таңда Арал ауданы өкпе ауруынан алдыңғы қатарлар санында тұрғаны бәрімізге белгілі. Сол аурудың емі осы бекіре балығының майы екендігі медицинада дәлелденген. Сондықтан бекіре осындай құндылықтары мен ерекшеліктерінен Қазақстанда ІІ орындағы бағалы балық саналған. Бекіре балығының уылдырығының көлемі мылтықтың оғының бытырасында болса, ал оның іші аппақ сүтке толы болады.

2. 3 Қосжар елді мекеніндегі питомник қызметшісі Шора атаймен кездесу
Мен Арал ауданы Қосжар елді мекеніндегі балық өсіру питомнигінде болып қайттым. Онда мен осы саланың үздігі, өз қызметінің маманы, осы мамандықтың зейнеткері Шора атаймен кездесіп өзімнің көкейкесті сұрақтарыма жауап алдым. Қойған сұрақтарым бекіре балығының ерекшеліктеріне негізделді. Сауалды қою барысында мен бекіре балығын Арал теңізіне алғаш 2005 жылы елбасымыз жібергеннен кейін, Атырау маңындағы Каспий теңізінен 60000 дана уылдырық ұшақпен жеткізіліп, онан соң ол уылдырықтар Италияда жасалған Вэсь ( астынан су беріліп тұратын) аппаратында дамытып өсіріліп, 25 - 30 грамм салмаққа жеткен кезде теңізге жіберілгендігі туралы мәлімет берді. Сонымен қатар қазіргі кезе бекіре балығының түрінің азайып бара жатқанына алаңдаушылық танытып отырған осы саланың үздік қызметкерлері бекіренің сирек кездесетін түрі Белуга бекіре балығының аналығы мен Стерлет бекіре балығының аталығын қолдан ұрықтандырып, одан бекіренің жаңа түрі Бэстэр бекіре балығын алып, оны арнайы аппараттармен өсіріп, Каспий теңізіне жіберіп жатқандығы жөнінде айтты. Қазіргі таңда бекіре балығын өсіріп дамыту бюджеттен қаржы бөлінбеуге байланысты тоқтатылып тұрғанын тілге тиек етіп өтті.

Белуга бекіре балығы
Стерлет бекіре балығы
Бэстер бекіре балығы
2. 4 Бекіренің қолдан өсірілу жағдайы туралы Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының Арал филиалы ихтиологы Қуанышбай ағаймен кездесу.

Арал ауданындағы балық шаруашылығының өсіру мен дамыту саласында біраз жылдар бойы жұмыс жасап келе жатқан Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының Арал филиалы ихтиологы Қуанышбай ағаймен кездесу жасадым. Кездесу барысында арнайы ыдыстарда қатырылып, осы күнге дейінгі сақталып келген бекіре балығын көзбен көрдім. Олардың уылдырықтан дамып шыққан дәрнәсілдерін және содан өсіп шыққан шабақтарында байқауыма мүмкіндік жасады. Әрине қай сала болмасын өз жұмысының нәтижесін берері анық, осы салада біраз жылдар жұмыс жасаған ағай Атыраудан ұрықты алдырып, оны өзі өсіріп, теңізге жібергені туралы да сөзге тиек етіп айтып өтті. Балық шаруашылығы қиын да, әрі қызық мамандық. Оның әрбір атқарған ісі жауапкершілікті талап ететіндігін, бекіре балығын зерттеп, жіберу үшін теңіз басында 3 ай қызмет жасағандығы жөнінде айтты. Олар бекірені жібермес бұрын судың тұздылығын, оның температурасын өлшеп, сонан соң бекірені суға жіберетіндігі туралы да хабардар етті. Олар суға түскен соң моллюскалармен, есейе келе шаяндармен және балықтың шабақтарымен қоректенетіндігін де сөз етті.

2. 5 Аудандық мұражай мен Балықшылар мұражайындағы зерттеулерден соңғы нәтижелер
Мені қызықтырған осы бекіре балығының тағы да ерекше тұстарын анықтау мақсатыммен ауданымыздағы мұражайға бардым. Мұражайда қаяз балығының, тасбекіренің сонымен қатар өзімді қызықтырған бекіре балығының арнайы ыдыста қатырылып, сақталған түрін көріп қайттым. Мұражай қызметкерлері бекіре балығының біраз жылдар бойы сақталып, зерттеушілер үшін арнайы құралға айналғандығы туралы тілге тиек етті.
Осыдан соң мен ауданымыздың орталығында салынған бассейн жанындағы «Балықшылар» мұражайында болып, онда осы салада қызмет еткен Қожахмет Құрманғазыұлы, Ағытай Есенов, Нарғали Демеуов, Құдайберген Саржанов, Дәуқара Аймағанбетов сынды ардагер аталарымыз туралы мәліметтер жинадым.

Қорытынды
«Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды» - деп ата - бабамыз бекіре балығының ерекше қасиеттері мен өте сезімталдығы, етінің жұмсақ, дәмді, уылдырығы өте құнды балық екендігін осы мақалда айтып өткен. Оның уылдырығының сапсы жоғары екендігін Қазақстаннан басқа да шет елдегі мемлекеттер де мойындаған. Бекіре суда желбезекпен тыныс алады. Сонымен қатар бекіре балығы уылдырығын қиыршықты, тасты жерлерге судың ағысы қатты болғанда теңізден өзенге өтіп келіп шашады. Уылдырық шашу уақыты аяқталғаннан соң, бекіре қайтадан теңізге оралады. Теңіздің ащы суында өмір сүруге бейімделген. Олардан шыққан дәрнәсілдер де өскен соң өзеннен теңізде өмір сүруге бейімделеді. Бекіре балығының тіршілік ортасы, құндылығы мен пайдасы мені өте қатты қызықтырды. Сонымен қатар осы салада жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан азаматтар туралы да мәліметтер жинақтадым.

Ұсыныстар
• Балық шаруашылығымен айналысып жүрген азаматтар жайлы халық арасына кеңінен насихатталса;
• Қосжас елді мекеніндегі балық өсіру питомнигіне саяхат жасау мектеп жоспарына енгізілсе;
• Бекіре балығының өсуі мен ерекше құнды қасиеттері туралы баспадан кітаптар жарық көрсе;

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы Алматы 1999 жыл 2 - том
2. Қазақстан Қызыл Кітабы беттеріне Алматы кітап 2004 жыл
3. Аралдың экологиялық тынысы А. Нұрғызарынов
4. Қазақстандағы жануарлар әлемі Алматыкітап 2004 жыл
5. Арал атлантидасы Толыбай Аблаев «Қазығұрт» Алматы. 2011 жыл
6. «Құрманғазы» жинағы 1999 жыл
7. Арал азаматтары Күмісов. К 2006 жыл
31 051
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Оқушылар тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды табумен танысады. Кестелік көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығарады. Есептер шешу арқылы ойлау қабілеті дамиды.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Балықтар класы
Балықтар класы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінің биология пәні мұғалімі Шаманова Назгүл «Үздік презентация» номинациясы бойынша
Каспийдің тірі алтыны
Каспийдің тірі алтыны
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Балықтар
Балықтар
Бастауыш сынып мұғалімі: Мусина А. А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×