Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыр алыбы - Жамбыл

22 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Жыр алыбы Жамбыл

Кіріспе
Қазақ халқы бұл күндері дамудың тарихи жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Ғасырлар бойы қалыптасу, даму жолдарынан өтіп келе жатқан қазақ халқы 90 - жылдардың басынан бері өз тарихына жаңаша көзқарастармен қарай бастады. Бұл – әлемдік өркениеттің қауымдастыққа өз тұлғасымен толық танылуға ұмтылған ұлттық жаңғыру, жаңару жолы. Осыған байланысты ұлттық әдебиет тарихындағы көрнекті шығармашылық тұлғалардың мұраларын жаңаша көзқарастармен бағалау маңызды. Қазақ әдебиетінің тарихындағы ұлы ақындардың қатарын құрайтын Жамбыл Жабаев шығармашылығы да бүгінгі және болашақ ұрпақтардың рухани қазынасы ретінде сөз арқауынан ажырамайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтойдағы баяндамасында осындай мәңгілік өмір ұлағатына айрықша баға берілді: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі, Жамбыл арманының адамзаттың арман - аңсарымен ұласып жатқанында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз. Әрбір ұлттық мәдениетте бүкіл әлемге тиесілі есімдер, жалпы адамзаттық рухани құндылықтың өлшем - белгісі болған есімдер бар. Соған орай олардың осындай жасампаздық істері күллі адамзатпен біртұтас, әрі өзіміздің өткенімізбен, қазіргі кезімізбен және болашағымызбен ажырағысыз байланысты екенімізді еске салып, ерекше мән - мазмұнмен толықтыратыны жасырын емес»... Елбасымыздың осы бір сөзі Жамбыл мұрасына жаңаша көзқарастар тұрғысынан қарауға, оны бүкіл қазақ мәдениеті дамуымен біртұтас бағалауға ұштастырады.
Ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ойы мұхиттай толқыған, сұңқар табиғатты, ұлттық сана мен тілдің, рух пен арман - мұраттың ұшан теңіз ұлылық қасиетін ересен қуат құдіретімен көрсете білген мемлекет қайраткері, XX ғасырдың Гомері атанған – жыр атасы Жамбыл.

Негізгі бөлім
Өмір жолы
Жамбыл Жабайұлы (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Әкесі Жапа орта шаруа болған. Жапаның Ұлданай атты әйелінен: Тәйті, Жамбыл, Қоман туады.

Жамбылдың өсіп - өнген топырағында ән - күй, ақындық – жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші - ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал – құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын - жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл - көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр - дастандарды апталап - айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.

Толық нұсқасын жүктеу
28 201
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/
Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/
Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық қызметі, шығармашылығынан мәлімет беру. Ақынның суырыпсалмалық қыры, айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегін таныту, толғауларын үлгі ету;
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 10 сәуір 2016 16:14
0
Сілтеме түзетілді, жүктеуге болады.
×