Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік

18 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
11 сынып оқушысы Иванқызы Шұғыла
Жетекшісі: Төлеуова Анар

«Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік»
Бағыты: «Қанат қақты»

Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер - құрылыс факультетін бітіріп, 1964 - 1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980 - 1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару, өлкенің зираттық сәулет ескерткіштерін дүние жүзіне танытарлық түрлі түсті, бірнеше тілді кітап альбом шығару, өнерді дамыту және сол мақсаттарды орындау үшін «Маңғыстау мұралары» атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта «Парыз» мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл мекеме «Маңғыстау мұралары» циклдық кітаптарының алғашқылары «Маңғыстау мұралары», С. Жаңғабылұлының «Аманат» кітаптарын жарыққа шығарды.

2002 жылы Л. И. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетіне қызметке шақырылған ол ұлттық этнография саласында еңбек етіп, «Қазақтың киіз үйі» атты зерттеу жұмысын аяқтады. «Адай шежіресі» атты сегіз томдық еңбектің жинақталып, жазылуына басшылық етті.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан жазушылар одағының, Қазақ Халық «Экология» академиясының мүшесі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері. Атырау облысының Махамбет ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Абай аудандарының «Құрметті азаматы», Семей мемлекеттік пединститутының құрметті профессоры, жан жақты талант иесі. Туған жер түлегі Сайын ағамен сұхбаттың реті келіп қалып еді.

– Сәлеметсіз бе, Сайын аға. Сіздің еңбектеріңізге тәнті болған мен, өзіңізбен сұхбаттасқалы отырмын.
Сайын аға, бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет дейді. Енді сіз бір жұмысқа кірісер алдындағы тәуекелділігіңіз жөнінде айтып берсеңіз.

– Амансың ба, шырағым. Егер де мал керек болса, қолөнер керек. Өнердегі әрбір шығарма өмірдің жаңа бір қырын ашып бергенде ғана нағыз өнерге жатады. Істі бастамас бұрын жан - жақты ойланамын. Мүмкін тәуекелшілігім осы шығар... – Таңдап алған тағдырыңыз сәулеткерлікпен қатар ақындықтың ақ жолы болды. Бойда бұл қасиеттің бар екенін қашан білдіңіз? – Мен осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгіме жазумен де жұмыстанамын. Алғашқы 4 - 5 шумақ өлеңімді 46 жасқа толған кезімде жазған екенмін. Шамасы, поэзия мені сүйген болуы керек. Әлі күнге дейін қаламымның сиясы сарқылған емес.

– Сіз бір сұхбаттыңызда Сарайшықтан басқа да көне қалаларға (Отырар, Түркістан, Тараз) ескерткіш орнату ойыңызда бар екенін айтыпсыз. Енді сол ойыңызды қашан жүзеге асырасыз?
– Сол кезде айтқанмен де, қазір ол ойды қозғап жүрген жоқпын.
– Осы қос өнеріңіз балаларыңызға, немерелеріңізге дарыған ба?
– Мен өзім күй тыңдаудан ләззат аламын, күйдің әсерінен көптеген ойлар да туындап жатады. Жиенім Абай қазіргі таңда Алматыда, консерваторияда домбыра факультетінде оқиды. Домбырада жақсы ойнайды. Ал, ұлым Нұрлан сәулетшілік өнерімді жалғап келеді. Өнер идеясыз өмір сүре алмас дегендей мен Нұрланға ескерткіштер бастауда бағыт беріп отырамын. Сарайшық ескерткішінің сызбасын мен сызып көмек бердім, бірақ құрылысшысы Нұрлан болатын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері Конспект 14 - 15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Туған жер туралы ой
Туған жер туралы ой
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысыЖұмалиева Шаттық
Ұмытуға болмайтын оқиғалар
Ұмытуға болмайтын оқиғалар
Жандарбек Мәлімбеков 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді. 1964 жылы Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген.
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×