Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге»
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Теңгенің пайда болуы және дамуы
2. 2 Теңгенің алғашқы атауы және алғашқы банкноттар
2. 3 Ұлттық Банктің мұражайы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Ұлттық валютамыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы Қазақстан Республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. Себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.
Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.
1992 - 1993 жылдардағы Қазақстан республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров «бостан елдің еркін валютасы» деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де инфляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы және де оның тарихы мен келешегі туралы өз пікірін жазған. Ол өз валютамыздың енгізілуінде қандай өзгерістер болғандығы туралы, теңгенің ішкі және сыртқы нарықта алған орны туралы, инфляцияның өскендігін ашық жазған. Сауық Тәкежанов 1990 - 1993 жылдардағы экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы «Теңгенің алтын өлшемі» деген еңбек жазған.
Ал, Ерік Асанбаев Қазақстан Республикасының экс - вице президенті «Теңге» кітабының пайда болуына үлес қосқан. Оның айтуынша: Егеменді Қазақстанның тұңғыш валютасы туралы осынау кітап, менің пікірімше із суытпай еліміздің жаңа тарих беттерін толтыруға арналуы тиіс. Ал сол тарихымыз оңайға түскен жоқ. 90 - шы жылдардың бас шенінде өз валютамызды енгізу қажеттігі Қазақстанға көптеген мән - жайларымен өктемделінді. Біріншіден, рубль сол кезде құлдырай құнсызданды және мемлекеттік дума депутаты Павел Буничтің сөзімен айтқанда, «ағаш сом» атауына ие болды. Екіншіден осы себеппен кәсіпорындардың өзі рубльді пайдаланатын шаруашылық мәмлелерден бойын аулақ сала бастады. Үшіншіден, рубль қожайыны Ресейдің өзі бағаны еркін жүзуге жіберіп, кәсіпорындардың айналымдық қаражатын индекстемейтін болды, — деп өз пікірін айтқан.
Менің бұл тақырыптағы ең басты мақсатым қазақ халқымыздың тұңғыш ұлттық валютамыздың қандай мақсатта және қандай себептермен пайда болғанын, оның тарихын, оның даму жолдарын және де теңгеміздің келешегін толық қанды зерттеп, оқырманға ашық жеткізу.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін өз алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- Теңгенің қалай және қашан пайда болғанын
- Ұлттық валютаны енгізу туралы шыққан жарлықты
- Оның қолданыстағы маңызын
- Теңгенің алдағы болашағын зерттеу

2. 1 Ұлттық Теңгенің пайда болуы және оның дамуы

Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін». Ұлттық валютаның сол кезде тұсауын кескен ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау – бюджет комиссиясының төрағасы С. Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген ат республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікір таласта жеңімпаз болды.
1992 жылы инфляцияның деңгейі 250 пайызды құрады! 1993 жылы шілдеде Ресей келісімді бұзды, Қазақстанға 3 күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасын енгізді. Баға шарықтай түсті. Халықтың жинақ шоттарындағы ақшасы қарқынды түрде құнсызданды. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап кетті. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар әп - сәтте жоқ болып кетті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 177
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Теңге Тәуелсіздік келбеті
Теңге Тәуелсіздік келбеті
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8: 00 - ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
15 қараша – Ұлттық валюта күні
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Тиыннан теңге құралады, - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар? (Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Ұлттық теңге мәртебесі
Ұлттық теңге мәртебесі
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Теңге – тәуелсіздік символы (танымдық сабақ)
Теңге – тәуелсіздік символы (танымдық сабақ)
Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Ұлттық теңге туралы мәлімет
Ұлттық теңге туралы мәлімет
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Дамытушылық: Сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×