Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қышқылдардың химиялық қасиеттері

23 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы «Қышқылдардың химиялық қасиеттері»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қышқылдардың химиялық қасиеттерімен таныстыра отырып, олардың индикаторға әсері және металдардың кернеу қатары туралы мағлұмат беру. Күрделі заттардың жаңа өкілі қышқылдар, оның құрамы, қасиеттері арқылы жаңа білім қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік міндеті. Лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істей білуге, зертханалық жұмыстар жүргізе отырып,бақылауға, талдауға, қорытынды жасай білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: қышқылдар (тұз қышқылы, күкірт қышқылы) металдар (Zn, Mg,Fe,Cu), индикаторлар,мыс оксиді, шыны таяқша, сынауықтар.

Сабақтың барысы. «Қышқылдар әлеміне саяхат»
Бұл саяхаттың ұзақтығы 45 минут. Саяхатта біз мынадай аялдамалар арқылы өтеміз:
- хабарлама аялдамасы;
- индикаторлар аялдамасы;
- қауіпсіздік сақтау аялдамасы;
- тарихшылар аялдамасы;
- қышқылдарды алу аялдамасы;
- эксперимент аялдамасы (қышқылдардың химиялық қасиеттері);
- тапсырмалар аялдамасы.

Оқушылар - жолаушылар. Мұғалім – жол бастаушы. Оқушылар әр аялдамаға тоқталып, өз білімдерін көрсетеді.
Мұғалім: әр адам саяхатқа шыққанды ұнатады. Мен сендерді бүгін қышқылдар әлеміне саяхатқа шақырамын. Сендердің дәптерлерің жол күнделігіне айналсын. Енді біз сабағымызды жол күнделігінен бастайық.

Біз сендермен хабарлама аялдамасында тұрмыз. Саяхатқа шықпас бұрын қышқылдар туралы хабарлама алуымыз керек. Сендер мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Өздерің білетін қышқылдардың формулаларын жол күнделіктеріңе жазып атаңдар.
2. Қышқылдар дегеніміз не?
3. Қышқылдардың жіктелуі туралы не білесіңдер?(мысал жазыңдар)
Келесі аялдама индикаторлар аялдамасы. Аялдамадан өту үшін мына кестені толтыру қажет. Тәжірибе орындалады.

Қышқылдар Лакмус Метилоранж Фенолфталейн
1.
2.
Кестені толтырып болсақ, қауіпсіздік сақтау аялдамасына келейік. Жолаушылар қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау туралы айтады.
Келесі аялдама тарихшылар аялдамасы. Үйге әрбір оқушыға қышқылдар туралы тарихи деректер жинауға берілген.
Сірке қышқылы 3000 жыл бұрын пайда болған. «Уксус» сөзі гректің «оксос» сөзінен шыққан, «қышқыл» деген мағынаны білдіреді.
Күкірт қышқылы Х ғасырда пайда болған. Ашқан парсы ғалымы –
Абу- бекери-Рези. Күкірт қышқылын купоростардан алғандықтан «купорос майы» деп атаған.
Азот қышқылы ХV ғасырда анықталған. Тұз қышқылын «тұз спирті» деп атаған. Бұл қышқылдарды күкірт қышқылы арқылы алған. Сондықтан күкірт қышқылын «қышқылдар анасы» деп атаған.
Көмір қышқылы ХVІІІ ғасырда Д.Пристли алған. Ол көмір қышқыл газын суда ерітті. Оны «сода суы» деп атады. Пристли осы қышқылды ашқаны үшін алтын медальмен марапатталды.
Әр жолаушы өзі айтқан қышқылдың формуласын жазады.
Келесі аялдама: «қышқылдардың алынуы».
Бейметалл оксидтерін суда еріту арқылы оттекті қышқылдар алуға болады. Реакция теңдеулерін орындайды.
Жол күнделіктеріңе келесі аялдаманың атын жазып қойыңдар.
Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Көрнекілік тәжірибе:
2 жолаушы орындайды. Мырыш, магний, темір, мыс металдарын сынауықтарға салып, әр сынауыққа 2мл тұз қышқылының ерітіндісін құямыз. Сынауықтарды спирт шамының жалынында қыздырамыз. Сынауықтарда газ бөлінгені байқалады. Металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі. Ең шабытты әрекеттесетін магний, содан соң мырыш, баяуырақ темір, мүлде реакцияға түспейтіні мыс. Орыс ғалымы Н.Н.Бекетов жасаған кернеу қатары туралы айтылады. Реакция теңдеулерін жол күнделіктеріңе орындаңдар.
Mg + 2HCl = MgCl2 + H2↑
Fe + 2HCl = FeCl2 + H2↑
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2↑
Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі.

Көрнекілік тәжірибе.
Қара түсті мыс оксидін сынауыққа салып, үстіне 1-2мл күкірт қышқылы ерітіндісін құямыз. Ерітіндіні қыздырғанда, ол көгілдір түске айналады.
CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O
Реакция теңдеуі алмасу реакциясына жатады.
Сендер соңғы аялдамаға келіп,сүрінбей өтсеңдер, саяхатымыз сәтті өтті деп есептейміз. Интерактивті тақтада жолаушыларға тапсырмалар беріледі.

1. H, H2, H3,S,Cl,NO3,SO4,PO4 мына карточкаларды пайдаланып, қышқылдардың формулаларын құрып, аттарын атаңдар.

2. Реакция теңдеулерін құрыңдар.
Zn + H2SO4 =
Fe + H2SO4 =
Na + HCl =

SO3 + H2O =
MgO + HCl =
CaO + H3PO4 =

3. Массасы 6,2 г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен әрекеттеседі?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. §30-34
11 331
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Оқушылардың ой-өрісін, қышқылдардың адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химиялық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Қышқылдар
Қышқылдар
Бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі - қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Қышқылдар әлеміне саяхат
Қышқылдар әлеміне саяхат
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мусина Г. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×