Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар

19 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
Химия
Сыныбы: 8
Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.
Сабақтың мақсаты: Негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу. Классаралық генетикалық байланысты оқушыларға түсіндіру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Білім мен біліктерін тексеру: Бұрын алған білімді дамыту мақсатында сұрақтар қоямын:
1. Қандай оксидтер тобын білесің?
2. Қышқылдық және негіздік оксидтерге қандай оксидтер жатады?
3. Барлық қышқылдық оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?
4. Барлық негіздік оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?
5. Тұз дегеніміз не? Мысалы.
6. Қышқыл дегеніміз не? Мысалы.
7. Негіз дегеніміз не? Мысалы.
№1 тапсырма, «ОЙЛАН, ТАП» Мына қосылыстардың ішінен бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары өкілдерін теріп жаз:

Жаңа сабақ: Заттарды класқа – оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар деп бөлдік. Әр - қайсысына тән қасиетті қарастыру арқылы олардың арасындағы генетикалық байланысты түсінуге мүмкіндік туады. Оқушыларға металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарының өзара байланысы туралы мәліметтерді естеріне түсіремін.
Генетикалық қатарлардың өзара байланысы
БАЙЛАНЫСТАРДЫ КОДОСКОП АРҚЫЛЫ КЕСКІНДЕП КӨРЕЙІК

МЕТАЛЛ → НЕГІЗДІК ОКСИД → НЕГІЗ →
-------------------------------------------------------------------- ТҰЗ
БЕЙМЕТАЛЛ → ҚЫШҚЫЛДЫҚ ОКСИД → ҚЫШҚЫЛ →

Бұл сызба - нұсқаға қарап, оқушылар металл мен бейметалдың генетикалық қатары тұз түзілумен аяқталатындығы туралы қорытындыға келеді. Заттарды жіктеуде судың алатын орны туралы сұрақты талқылауға болады. Судың негіздік және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде негіз және қышқыл түзетіні белгілі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Судың өзі қандай қасиет көрсетеді?
2. Суды қандай класқа жатқызуға болады?
( Оқушылар заттарды жіктеудің негізгі белгілерін естеріне түсіріп, судың екідайлы оксидке жатқызуға болатындығы туралы қорытындыға келеді.)
Биологияда өсімдіктер мен жануарларды туысқа, түрге бөліп жіктегені сияқты, химияда да заттарды жіктеу арқылы олардың да өздеріне тән қасиеттеріне сәйкес бірігіп, бір тұтас топ түзетінін байқадық. Бұл табиғаттың тұтастығын дәлелдейтін заңдылық.

Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту:
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары бойынша оқулықты пайдаланып, оқушыларға өздік тапсырма беремін:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 683
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстардың терминологиялық сөздерді ағылшын тілінде меңгереді. Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру арқылы жылдамдыққа үйренеді. Құрамын, маңызын және өмірде қолданылуын талқылайды.
Қышқылдар
Қышқылдар
Бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі - қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Педагогикалық технологиямен ұштасқан сабақ
Педагогикалық технологиямен ұштасқан сабақ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, А. Байтұрсынов атындағы ОМ химия - биология пәні мұғалімі Душаева Багдагүл Шанапиевна
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология және химия пәнінің мұғалімі Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы №61 жалпы білім беретін орта мектебі Химия пәні мұғалімі Уралбаева Қызғалдақ Ризабекқызы
Беорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау
Беорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау
Бейорганикалық қосылыстар туралы білімді пысықтау, бір-бірімен генетикалық байланысын көрсететін реакция теңдеулерін жаза білу, формулаларды ажыратып, заттарды атай білу, тарау бойынша білімдерін бекіту. Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×