Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не? Қайда? Қашан? викториналық ойын

01 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Химия
Не? Қайда? Қашан? викториналық ойын.
“Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр”
(Махмұд Қашқари)
Бүгін бізде мереке
Болсын елде береке!
Өткізейік жақсылап,
Бола берсін береке!
Химиктердің мерекесі,
Халқыма қонған құт болсын!
Елімізге әрқашанда,
Ырыс пен бақ қонсын.
Шықпаспыз біз сызықтан
Кетпе қалып қызықтан
Шақырамыз жандарды
Химияға қызыққан

Викториналық ойынның мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушы топтар конвертте дайындаған сұрақтарға жауап береді.
I - Сәлемдесу
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Біреуінің қатты істейтін миы бар - демекші алғашқы кезең сәлемдесу.

1 – конверт.
Сұрақ: Осы мүрде қай жылы, қайда және кім ашты? Және де қандай мәліметтер бере аласың? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?
1 – конверт жауаптары:
«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша ол б. з. б. 5 - 6 ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17 - 18 - де, бойы 165 см шамасында болса керек. Сақ ханзадасының қолында екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеуі болған. Алтын пластинкалар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар, қызыл қынапты ұзын семсер табылды. « Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі.
Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәсіміне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың елтаңбасынан орын тапқан.

2 – конверт.
Сұрақ: Алғаш кімдер пайдаланған? Және осы заттың бойында қандай металл бар? Кім ашты және қалай атаған?. Ол металл туралы не білесің?
2 – конверт жауаптары:
Термометрдің басында сынап металы бар. Алғаш қытайлар мен үрдістер пайдаланған. Грек дәрігері Дисскрид «хидр» - «су», «аргирос» - «күміс»-«сұйық күміс» деп атаған. Сынаптың балқу t0 = 38 - 390С. 6 периодтың тақ қатары, II топтың қосымша топша металы, балқу t0 – сы төмен болғандықтан термометрлерде қолданылады, сұйық металл.

3 – конверт.
Сиқырлы сандықша. Осы сандықшаның ішінде тіршілікке қажетті ең керемет зат бар. Ол не зат деп ойлайсың? Және ол туралы не білесің?
3 – конверт жауаптары:
Ең керемет зат – су, формуласы – Н2О, кристалдық торы – молекулалық, tқ0=1000С, tқату0=00C. Жер шарындағы 71% - су бар, адам денесінде - 65 - 70%, мида - 81%, тығыздығы 1г/см3. Су – еріткіш. Адам тағамсыз 30 - 40 күн шыдаса, сусыз 3 күн ғана шыдайды екен.
7 120
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, Танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Египет пирамидасы
Египет пирамидасы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің математика пәні мұғалімі Адилова Феруза
Тапқыр болсаң, озып көр
Тапқыр болсаң, озып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Не? Қайда? Қашан? (викториналық ойын)
Не? Қайда? Қашан? (викториналық ойын)
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы., Алтай ауылы, А. С. Пушкин атындағы орта мектеп химия пәні мұғалімі:Имағамбет Қарлыға
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×