Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Химия 9 сынып
Тақырыбы: Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Нитраттардың химиялық қасиеттері, қолданылуы және азоттың табиғаттағы айналымы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуін, ізденуін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: тағам ретінде қолданылатын өнімдердің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету. Олардың жетіспеуінен туындайтын аурудың алдын - алу шараларын анықтау.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: ішінара ізденіс

Сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, кезекші міндетін қадағалау. Сабақтың ұстанымымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында төмендегідей тапсырмалар беріледі.
1. Азот қышқылының электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазыңдар
2. Лабораторияда азот қышқылын қалай алады?

Физикалық қасиеттері
3. Таза азот қышқылы қандай зат?
4. Ұзақ сақтағанда қышқыл біртіндеп қызғылт қоңыр түске ие болады, себебі...

Химиялық қасиеттері
5. Жарықтың әсерінен азот қышқылы қандай заттарға ыдырайды?
6. Азот қышқылының негіздермен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңдар.
7. Азот қышқылының негіздік оксидтермен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңдар
8. Концентрациялы азот қышқылы кейбір металдармен әрекеттеспейді, себебі..

Жаңа сабақ.
1. Нитраттарға жалпы сипаттама беріледі.
2. Нитраттардың ашылу тарихы. Ерте кезден «үнді селитрасы» атаумен - КNO 3 калий нитраты белгілі болды.

Бұл сирек минералды ол кезде тек Үндістаннан әкелетін еді. Үнді селитрасын оқ – дәрі жасау үшін пайдаланды. Либих еңбегінің арқасында селитра ауыл шаруашылығына пайдалы және көп мөлшерде қажет екендігі анықталды. Чилидің Атакама шөлінде өсімдіктер мен жануар қалдықтарының мыңдаған жылдық ыдырау процесінің нәтижесінде селитраның қоры жинақталды. Анализ көрсеткеніндей «Чили селитрасы» бұл – құрамында құм және балшық, натрий хлориді және сульфаты қоспасы бар натрий нитраты. «Чили селитрасының» қызықты ерекшелігі оның құрамында натрий иодатының болуы. Селитра қорынан натрий нитратын алу үшін, ыстық суда ерітіп, кейін ерітіндіні сүзіп және салқындатады осының нәтижесінде натрий нитраты тұнбасы алынды және тыңайтқыш ретінде сатылымға шығарыла бастады. 19 ғ Чили өзге аймақтарды селитрамен негізгі қамтамасыз етуші болды.
Норвегиялық химиктер жергілікті арзан энергияны пайдалана отырып, басқа әдіспен тыңайтқыш алды. Олар ылғал ауаны электр доғасынан өткізіп, азотты байланыстырудың табиғи процесін жүргізді. Осыдан ауадан алынған 1% шамасындағы азот қышқылын ізбеспен әрекеттестіру арқылы кальций нитратына айналдырды Бұл зат «Норвегиялық селитра» атауына ие болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азот қышқылы, нитраттар
Азот қышқылы, нитраттар
Тақырып мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге мүмкіндік беру тақырып идеясындағы мәселелерді жан – жақты іздестіру арқылы баланың шындыққа көзқарасын айқындауға жағдай туғызу.
Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы
Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы
Азот қышқылы және оның тұздары нитраттардың қасиеттерін, қолданылуын қарастыру, оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамыту. Нитраттардың айырылу реакциясында шығатын өнімдердің металдың белсенділігіне байланысты екенін түсіндіру.
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып - үйрену.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Азот оксидтері, қышқылының құрылысы, нитраттардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы туралы білімді жетілдіру.
Азот қышқылының тұздары. Азоттың табиғаттағы айналымы
Азот қышқылының тұздары. Азоттың табиғаттағы айналымы
Қызылорда қаласы, К. Маркс атындағы №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Оргараева Галина Алыбаевна
Азот және оның қасиеттері
Азот және оның қасиеттері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ химия пәнінің мұғалімі Қуанбекова Ж. Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×