Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көмірсутектердің табиғи көздері. Кокстеу өндірісі

04 наурыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Химия 11 сынып

Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері. Кокстеу өндірісі.
Оқу - тәрбие міндеттері.
Оқыту міндеті: Көмірсутектердің табиғи қорлары, пайда болуы, құрамы, алынуы, қолданылуы, өнімдері туралы түсінік беру.
Дамыту міндеті: Органикалық заттар қатысуымен жүретін химиялық реакция теңдеулерін жазу, есеп шығару дағдысын дамыту.
Тәрбие беру міндеті: Өндіріс саласына кәсіби бағдар беру, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Дамыта оқыту. Жаңа тақырыпты меңгерту. Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Зерттеу, салыстыру, жекелеме және топтық жұмыс, ауызша / сұрақ - жауап/, жазбаша сұрақтар, интерактивті тақтамен жұмыс.
Пәнішілік байланыс: Бейорганикалық химия
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, физика, география
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Құрал – жабдықтар:
1. Тас көмірді кокстеуге арналған құрылғы
2. Сызбанұсқа. Көмірсутектердің табиғи қорлары
3. Сызбанұсқа. Жанатын пайдалы қазбалар
4. Кесте. Жанғыш газдар
5. Сурет. Әлемдегі энергияны пайдалану мөлшері
6. Жинақтама. Мұнай, мұнай өнімдері, таскөмір
7. Үлестірмелі қиықшалар
8. Қажетті сөздер жазуы: «Сабақ тақырыбы»
9. Оқыту ұстанымы: «Білімдіден білуге, аз білуден көп білуге үйрету»
10. «Әр оқушының қабілетіне қарай»
11. «Ойландырар.... сұрақ»
12. Т. б. интерактивті тақтада жазылатын сөздер
13. Сигнализатор
Пайдаланатын әдістемелік оқулықтар: Әдістемелік нұсқау 40 - 43 б. б.
Тапсырмалар жинағы 55 - б
Қосымша пайдаланған әдістемелік журнал мен әдебиет.
1. Химия мектепте К. Зомлеер. Аккумлятор знании по химии. 267 - б
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.
а/ мұғалім мен оқушылардың өзара сәлемдесуі;
ә/ оқушыларды түгелдеу
б/ жұмыс орнын әзірлеу
в/ сабаққа көңіл аударуын ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үлестірмелі қиықшалар тарату. Оқушылар сұрақтармен танысып, жауаптарына дайындалады. Жаттығу мен есептің орындалуы, тақтаға жазылады. Жауаптарын толықтыру. Әр оқушы жауабына қол соғу.
10 минут
ІІІ. Өткен курсты еске түсіру.
Оқушылардың 9 - сыныпта алған білімдерін ауызша сұрақтар беру арқылы тексеру
1. Көмірсутектер табиғатта қайда кездеседі?
2. Көмірсутектердің табиғи қорларын ата?
3 Еліміздің табиғи газға бай аймағын ата?
Оқушылар сигнализатордың қызыл түс жағын көтеріп, жауап береді.
Жауаптарын қол соғу арқылы бағалау. 2 минут
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақ тақырыбы магнитті тақтаға ілінеді. Оқушылар дәптерлеріне жазды, сабақ мақсаты, түрі таныстырылды. Оқыту принципім: «Білмеуден білуге, аз білуден көп білуге үйрету». Сабақ туралы тиянақты ой қалыптастырғаннан кейін жаңа сабақ түсіндіріледі.
Қарапайымнан күрделіге қарай оқытуда оқушылардың биология, география, тарих пәндерінен алған білімдерін ғылыми болжамдармен толықтыру.
«Көмірсутектердің табиғи қорлары» сызбанұсқасы, «Табиғи газдың қолданылуы», «Таскөмірді өңдеп алынатын өнімдер», суреттерін пайдалану. Ойларын нақтылауда жинақтаманы пайдалану негізгі ұғымдарды есте сақтауына көмектеседі.
Көміртек қосылыстары өсімдік, жануар қалдықтары шіруінен ертеде атмосфера, табиғи жағдай әсерінен пайда болды.
Мұнай, мұнай өнімдері, табиғи газ, көмір қолданыстағы қайта қалпына келмейтін дәстүрлі энергия көздері. Мұнай, табиғи газ, көмір, ағаш, жанғыш сланц - табиғи отын, ал кокс, мотор отыны, генератор газы т. б. жасанды отын. Агрегаттық күйлеріне қарай – қатты, сұйық, газ тәрізді отын түрлері белгілі.
Қолданылуына қарай аттары ядролық отын, реактивтік отын, жанғыш заттар делінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 879
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар жайлы мағлұмат беру. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын, физикалық және химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу. Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Галогентуындылардың изомерлерінің құрылымдық формуласын құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы. химия пәні мұғалімі Арай Айтмырзақызы
Оксидтер, жіктелуі, алыну жолдары
Оксидтер, жіктелуі, алыну жолдары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті. Химия пәні мұғалімі Кошкенбаева Роза
Көмірсутектердің галоген туындыларының қасиеттері
Көмірсутектердің галоген туындыларының қасиеттері
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Химия пәні мұғалімі: Әбдиева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×