Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экология дауысы

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Тақырыбы: «Экология дауысы»

Оқу тәрбие міндеттері.
Оқыту міндеті. Табиғат байлығын, қоршаған ортаны қорғау көп аспектілі мәселеге айналуда, осы жайында түсінік беру.
Тәрбиелік міндеті. Адамның табиғатқа ретсіз араласуынан табиғатты қорғау мәселесі экологиялық, биологиялық қана емес, әлеуметтік, саяси, экономикалық, гигиеналық, философиялық сипат алуда, оған бағдар беру.
Дамыту міндеті. Оқушылардың әсері, қоршаған орта, табиғат туралы көркем шығармаларды оқып, жоғары деңгейде қабылдауын, логикалық ой қорытуын дамыту.
Өткізу әдісі: Сұрақ - жауап, зерттеу
Сабақ түрі: Пікір алысу
Пәнаралық байланыс: Астрономия, философия, биология, тарих т. б.
Көрнекілігі: түрлі – түсті суреттер, электрленген стенд - 2 түрлі, макет «Экология дауысы» плакаттар, кесте, альбом, буклет, цитата, О. Сүлейменовтің портреті, маман иелерінің суреттері, Ю. А. гагариннің портреті, әртүрлі мәліметтер, АҚШ пен Невада штатындағы, Қазақстандағы Семей ядролық полигонының карталары.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
а/ мұғалім мен оқушының өзара сәлемдесуі
ә/ оқушыларды түгендеу
б/ жұмыс орнының дайындығын қадағалау
в/ сабаққа көңіл қоюын ұйымдастыру

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Соңғы жылдары өнеркәсіптің қарыштап өркендеуі, ауыл шаруашылығының дамуы, халық санының артуы қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. БҰҰ - ң мәліметі бойынша жер шарында 5, 2 млрд. адам тіршілік етсе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 6, 1 - 6, 2 млрд – қа жетеді деп күтілуде.
Жер ол қандай?
/ Суретті тақтаға іліп көрсету/ Ғарышкер үшін – ғаламшар. Осыдан 38 жыл бұрын адамзаттың алғашқы өкілі Ю. А. гагарин жердің тартылу күшін жеңіп, ғарышқа шыққанда: Қандай көгілдірсің, қандай кішкентайсың жер - ана! деп алғашқы ғарышкер жерге алыстан, қуанып шындығына – таң қалып, оны айлап сақтаудың қажеттігіне адамдардың назарын аударған.
Теңізші үшін – ол жағалау
Геолог үшін – руда, мұнай, көгілдір газ
Солдат үшін - Отан

Ғаламшар ретінде Жердің жасы 4, 5 млрд жыл деп есептеледі. Тақтаға суреттер мен картаны іліп көрсету.
Табиғатта адам қандай із қалдырды?
Алдарында үш бірдей карта: біреуі АҚШ - ның, ал қалған екеуінде АҚШ – тағы Невада штатында, Қазақстан жерінде жатқан Семей ядролық полигоны және адам өміріне қауіпті кәсіпорындар мен зауыттар орналасқанын көргенде төбе шашың тік тұрмай ма?! Ендеше экологиялық жойқын апат жақындап қалды, өзен - көл суалып, жердің шұрайы қашты деп зар илеуімізге жол болсын?! Барлығына кінәлі – адамдар өзіміз! Бірақ тығырықты талқандап шығатын тың жол қайда?! Тірлігің не болады, сақтан ұрпақ!
Адамның табиғатқа ретсіз араласуы үлкен қасірет, зиян. Табиғатты қорғау экологиялық, биологиялық қана емес, философиялық сипат алуда.
Философиялық мәні «табиғат - дос»- деген адам этикасында сана болу керек. Адам табиғаттың бір бөлігі. Ол табиғаттан су, ауа, қоректік заттар мен өнеркәсіптік шикізат алады. Табиғаттағы экологиялық сауатсыз адамдардан тазарту туралы оқушылармен пікір алмасу.
Экстелехабар. Табиғаттың бүлінуі туралы репортаж жүргізу. Оқушылар әртүрлі сюжеттер әзірлейді.

«»Әлін білмеген әлек дегендей табиғат сыйынан бас тартып, оған өз дегенімізді жасаймын деген қадамдар адамзат үшін бір уақытта жеңіспен аяқталып отырған емес. Жер ұғымы бар уақытта «Отбасы», «Отан», «Туған жер» ұғымдарымен тығыз байланыста және бола бермек. «Жұмыр жер үлкен дейміз», ол үйде мөлдір де таза ауа, салқын таза су, құнарлы, көкеністі, жемісті жасыл желек болуы керек.
Макеттен қоршаған орта туралы оқушылар пікірін тыңдау. табиғаттқа деген адамның жүрек жылуы, бала кезінен алған тәлім - тәрбиесі, біліміне байланысты болады. Табиғатты аялау - көкірегі ояу, көзі ашық әр азаматтың борышты ісі.
Тақтаға суретті ілу, өлең оқу
Ұқсастық:
Босанған Ана
Көктемде дала бусанып,
Біріне - бірі болар ма ұқсас мұншалық
Жерді - Анама,
Анамды жерге теңедім,
Екеуінен де егіз ұқсастық көремін

Қызық екен / суретін көрсету/
Құзғын 300 жыл жасайды. Үш ғасыр боқ шоқып, өлексе аңдып өткен тірлік те қызық – ау біреуге!? Пешенесіндегі жазу солай шығар. Ал мысық - аса епті жәндік. Қалай лақтыр, аяқпен түседі. Жалпы құзғын мен мысық қас - дұшпан. Бірақ мына суреттегі екеуі қатты дос. Мүмкін қысқа ғұмырда санасып өтейік деген шығар...

Ән М. Өтемісұлының «Шырылдап ұшқан қасқалдақ» деп бастаған өлеңнің сөзі табиғатқа ерте кезден қамқоршы болғандығын дәлелдейді. Ырым - тыйым сөздер айтылады.
Электровикториналық сауал. «Экологиялық қозғалыс күнделігі» атты тақырыпта жарыс ұйымдастыру

26. 02. 1989 ж - О. Сүлейменов Қазақ телевизиясына республика халықтарына арнап сөз сөйледі.
28. 02. 1989 ж - республика жұртшылығының митингісінде ядролық қаруға қарсы «Невада - Семей» қозғалысының құрылғаны туралы жарияланды. Қозғалыс төрағасы Олжас Омарұлы Сүлейменов сайланды.
11. 03. 1989 ж - АҚШ пен Франция баспасөзінде қозғалыспен оның мақсаты туралы тұңғыш хабарлар жарияланды.
12.- 14. 03. 1989ж - Алматыға АҚШ тың КСРО – дағы елшісі ДЖ. Мэтлюк келді. Сапарының мақсаты қозғалыс қызметімен танысу.
5. 08. 1989ж - Қозғалыс белсенділері Хиросимо мен Нагосакиго тасталған атом бомбалары құрбандарымен ынтымақтасудың халықаралық акциясына қатысты.
7. 08. 1989ж - Халықаралық бейбітшілік толқыны аясында Семей қаласында қарсылық митингісі өткізілді.
1 қыркүйек 1989 ж - республика мектептерінде бейбітшілік сабағы өткізілді.
9 қыркүйек 1989 ж «Невада - Семей» тұңғыш рет полигон проблемалары бойынша ғылыми - практикалық конференция өткізді.
«Невада - Семей» бөлімшелері Якутия мен Чукоткада ашылды.
4 қазан 1989 ж КСРО Қорғаныс Министрлігінің алдында қарсылық митингісі өткізілді. Қарағанды шахтерлері сынақты тоқтатуды талап етті.
21 - 22 қазан 1989 ж Қазақстан қалаларында және Масквада жаппай қарсылық митингілері болды.
Желтоқсан 1989 ж Олжас Сүлейменовтың «Дәрігерлер ядролық соғысқа қарсы» Қозғалысының төрағасы Бернард Лаунмен кездесу үстінде Сайлаушылардың Бүкіләлемдік конгресін өткізу туралы ой дүниеге келді.
31 наурыз – 2 сәуір 1990 ж бейбітшілік толқыны Полигон кіреберісінде наразылық білдіру және ағаш отырғызу.
24 - 27 мамыр 1990 ж «Невада - Семей» қозғалысының бастамасымен сайлаушылардың Бүкіләлемдік Конгресі / Алматыда және Семейде8
Болып өтті. Қозғалыс дүниеге келгелі оның атқарған нәтижесі көңілге үміт пен сенім ұялатып отыр.
Мәселен:
• Өткен жылы жоспарланған 18 сынақтың жетеуі ғана жасалды
• 1989 жылдың қазан айынан бері Полигон тыныштықты бұзған жоқ
• Қозғалысты Қазақстанның күллі халқы қуатты түрде қолдап отыр. Оның бөлімшелері КСРО ның көптеген қалаларымен аймақтарында ашылып, жұмыс істеуде.
• Бүгіндері «Невада - Семей» еліміздегі ең нәтижелі және белсенді қоғамдық қозғалыстарының бірі екені даусыз.
• Планетамыздың бейбітшілік ұйымдары өз шараларын Қозғалыспен бірігіп жүргізуде. Бұл оның беделінің асқандығының белгісі.
• Республика жұртшылығы мен депутаттардың басым көпшілігінің талап ету нәтижесінде Семей полигонының тағдыры КСР - і Жоғарғы Советі сессиясының күн тәртібіне қойылып, арнаулы қаулы қабылданды / май 1991 ж/

Танымдық ойындар / суреттерді құрастыру /
Даналық сөз
Табиғат өлшемінен асып кетсе, тоқшылық та, астық та жақсылыққа апармайды. (Гиппокарт)
Қазақ халқының ұрпағына беретін білім мен тәрбие беретін ырым мен тыйым сөздерінің мән - мағынасы жер мен су, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал сауап дегенді сезінуге тәрбиелейді
5 080
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Балташева Б.Б.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Изимова Айгүл
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Экология және биосфера 11 сынып
Экология және биосфера 11 сынып
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×