Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиялық реакцияның типтері

20 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Химия
Химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбековна

Сабақтың тақырыбы:
1) Химиялық реакцияның типтері
2) Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қосылу, орынбасу, айырылу және алмасу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тереңдете дамыту.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік, құрал – жабдықтар: слайд, электронды оқулық, көмірдің оттекте жану реакциясы, алюминий мен күкірттің әрекеттесуі, фосфордың жануы. дидактикалық тапсырмалар.
Техникалық құралдар: электрондық оқулық (тәжірибелер); интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.
Тірек білім мен біліктері: Зат массасының сақталу заңы, валенттілік, жай және күрделі заттар жөніндегі білім; заттың химиялық формуласын, химиялық теңдеуді теңестіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(амандасу, кезекшімен жұмыс)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ – жауап түрінде.
1. Химиялық реакциялардың жүру белгілері қандай?
2. Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз анықтамасы.
3. Химиялық реакция теңдеуін құрудың ортақ ережесі.
4. Зат массасының сақталу заңы?

№6 есеп
2K + CI ₂----- 2 KCI
2Ba + O ₂ ----- 2BaO
2Aq + S --- Aq ₂S
2AI + 3CI ₂ ---- 2AICI ₃
4P + 5O ₂----- 2 P ₂ O ₅

ІІІ. Жаңа сабақ
Ертеде Прометей алыптар соғысынан тірі қалып, құдіретті өнерімен саз балшықтан мол, химиялық элементке толы жерді сыйға тартыпты. Жерді қараңғылық және су басып жатқан екен. Қайырымды Прометей қараңғылық түнегін түріп, жер бетіне жарық нұрын себуге ант беріп, аспанға ұшып күн құдайынан отты алып - қашып жерге қайтып келеді де:
Ей адамзат, аспаннан саған от әкелдім. Мұның сырлы сәулесі сенің жүрегіңе түсетін жарық нұр. Бұл жесең азығың, кисең киімің, мінсең көлігің, жауыңнан қорғар қаруың. Бұл әміріңе жүрер адал қызметкерің деген екен.
Сол кезде от:
- Ия, сол от менмін.
Мен болмасам адамзат өмір сүре алмаған болар еді. Адамның киімі, тамағы, мүлкі, техникасы менің қатысуыммен. Химиялық реакция жасау нәтижесінде пайда болып отыр, менсіз ешкім космосқа да самғап ұша алмас еді.
- Ей, от, сен мақтанба, қайдағы аңыз әңгімелерге қарап мақтанасың, сен көбіне менің көмегіммен пайда боласың, деп сөз кезегін фосфор алды.
- Сөз кезегін маған беріңдер, әдеп сақтап үндемей тұрсам, тіпті көнетін емессіңдер ғой. Мен Р (фосфор) элементі мен S (күкірт) элементінен тұрамын, екеуміздің үйкелісімізден сен пайда боласың.
Фосфор:
- Ей, шырпы, сенің маған көмегің керек. Сонда мен ауадағы оттекті қосып алып, өз қосылыстарыма айналамын деген екен:
4Р +5О ₂ =2P ₂O ₅
Сол сан алуан химиялық реакциялардағы реагенттер мен өнімдерге, олардың
құрамындағы өзгерістерге қарап, химиялық реакцияны 4 типке бөледі:
Электронды оқулықпен жұмыс: Химиялық реакция типтерінің жіктелу кестесімен түсіндіру.
Электронды оқулық: Көрсетілім. № 4. Көмірдің оттекте жану.
(қосылу реакциясына мысал)
Көрсетілім. Алюминий мен күкірттің әрекеттесуі. (экзотермиялық реакция)
Көрсетілім. Фосфордың оттекте жануы. (қосылу реакция)
Химиялық реакция типтеріне мысалдар келтіру.
Қосылу реакциясы. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды.
С + О ₂ ---- СО ₂
Айырылу реакциясы. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.
2Н ₂ О = 2Н ₂ ↑ + О ₂ ↑
Са СО ₃ = СаО + СО ₂ ↑
Орынбасу реакциясы. Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция – орынбасу реакциясы деп аталады.
Ғе + СuСl ₂ = Сu + ҒеСl ₂

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Химия 8 сынып Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Сандық есептер. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сандық есептер. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сандық есептер №1 Тақырыбы: Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Химиялық формула бойынша есептеулер
Химиялық формула бойынша есептеулер
Заттың Мr, күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту. Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Орын басу және алмасу реакциялары
Орын басу және алмасу реакциялары
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәніні мұғалімі Султангалиева Күміс
Химиялық  реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп – лицейінің химия пәні мұғалімі Мукатаева Лиза Сансызбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×