Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кальций және оның қосылыстары

21 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Химия
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық
қазақ мектеп – интернат кешені химия пәнінің мұғалімі
Темиралиева Аяжан Джигеровна

Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары. Судың кермектілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой - өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, зертханалық тәжірибе, топтық жұмыс, тірек – сызбалармен жұмыс.
Көрнекілігі: Д. И. Менделеев кестесі, интерактивті тақта, үлестірме тапсырмалар.
Реактивтер: кальций, кальций оксиді, кальций гидроксиді, фенолфталеин, су.
Құрал жабдықтар: ұстағыш, кәрден табақша, газ өткізгіш түтік, пробирка

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды үш топқа бөлу (оқушылық, эвристикалық, шығармашылық), үлестірмелер тарату, әр топтың алдына қажетті зертханалық жабдықтар, реактивтер қойылады.
б) Сабақ жоспары таныстырылады.
2. Негізгі бөлім
Сабақ жоспары:
1. Қайталау – оқу анасы
2. Тапқыр болсаң, тауып көр!
3. Білгенге маржан
4. Жадыңда сақта!
5. Көргенімді есімде сақтаймын
6. Ізденген жетер мұратқа! (Бекіту)
Сабақ жоспары түсіндірілгеннен кейін әр топтың алдына үлестірме тапсырмалар тапсырылады.

ІІ. Үй тапсырмасы

1 – бөлім. Қайталау – оқу анасы.

1. Кендер деп нені айтады?
Жауабы: Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды.
2. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім?
Жауабы: Қ. И. Сәтбаев
3. Жемірілу (коррозия) деген не?
Жауабы: Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.
4. Жұмсақ металл?
Жауабы: Натрий
5. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым?
Жауабы: С. Аррениус
6. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?
Жауабы: Силикаттар
7. Сұйық металл?
Жауабы: Сынап
8. Күміс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды неше есе өткізеді?
Жауабы: 500 есе
9. Ең қиын балқитын металл?
Жауабы: Вольфрам
10. Қанның құрамында кездесетін металл?
Жауабы: Темір
11. Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендіріек металдармен тотықсыздандыру әдісі?
Жауабы? Металлотермия
12. Шынының формуласы қандай?
Жауабы: Na2O* CaO*6SiO2 (тақтаға жазу)

ІІІ. Жаңа сабақ.
2 - бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
(кроссворд шешу арқылы бүгінгі өтетін тақырыптың атауын табу)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 546
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Калций және магний қосылыстары
Калций және магний қосылыстары
Химия пәнінен ашық сабақ
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Г. А
Кальций қосылыстары. Судың кермектігі
Кальций қосылыстары. Судың кермектігі
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Химия пәні мұғалімі: Әбдиева Анар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Тулегенова Б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×