Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Білгір химиктер" (химиялық жарыс)

15 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Химия
Қарабау орта мектебі
Өткізген: Қабиден Құндыз
Тәрбиелік шара тақырыбы: "Білгір химиктер" (химиялық жарыс)

Тәрбиелік шара түрі: топтық - жарыс
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білімін тексеру және химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
Дамытушылық: логикалық ойлау, есте сақтау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оларды тез ойлануға, тапқырлыққа, ізденуге баулу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, шарлар, химик - ғалымдардың сөздері жазылған қағаздар, үлестірмелер т. б.
Өткізілетін сыныптар: 8, 9
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
ІІ. Кіріспе бөлім.
Кіріспе сөз: Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамымен таныстыру.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Ойын кезеңдері: І - кезең: "Ал, қане, танысайық"
ІІ - кезең: "Білгір бол!"
ІІІ - кезең: "Ойлан, тап!"
ІV - кезең: "Тапқырлық таныт!"
V - кезең: "Қапы қалма!"

ІV. Қорытынды бөлім:
Сайыстың қорытындысын шығару; Әділ қазыларға сөз беру; Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.
Барысы:
Жүргізуші: Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.

Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін сегізінші және тоғызыншы сыныптар арасында "Білгір химиктер" сайысын өткізгелі отырмыз. Қош келдіңіздер!
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті – дей келе сайысымызды әділ
бағалайтын әділ қазыларды сайлайық.
(Қазылар алқасы сайланып, білім додасы басталады. Есептеу комиссиясымен таныстыру)
І кезең: "Ал, қане, танысайық"
Атымызды жасырдық
Төс белгіге, қарсылас.
Айламызды асырдық
Бір - біріңмен ақылдас.
Әр топ өз тобының атын сөзжұмбақ немесе ребус түрінде жасырып қарсы топқа тапсырма ретінде береді.
Екі топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтеді.
ІІ кезең: "Білгір бол!"
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Қойылған сұрақта айтылғанға келіссеңіз "иә" деп, келіспесеңіз "жоқ" деп тез жауап беруі қажет.
(әр дұрыс жауапқа 100 ұпай)
1 - топқа: (9 - сынып)
1. Атом құрамындағы ядро заряды теріс таңбалы болады (жоқ)
2. Молекула «ең кішкене» деген мағына береді. (иә)
3. Күкірт сутек екі негізді оттексіз қышқыл (иә)
4. Осмий металлы алақанда балқиды (жоқ)
5. Сынап – сұйық металл. (иә)
6. "Бекзат металдар" жемірілуге ұшырай бермейді (иә)
7. Калий сілтілік металл (иә)
8. Атомның планетарлық моделін ұсынған Ломоносов. (жоқ)
2 - топқа: (8 - сынып)
1. «Атом» сөзі грекше «бөлінбейтін» деген сөз. (иә)
2. Күкірттің салыстырмалы атомдық массасы 56. (жоқ)
3. Реакциядан кейін түзілген заттар реагенттер. (жоқ)
4. Оттек латын тілінен "қышқыл тудырушы"
деген мағына береді (иә)
5. Сутек ең ауыр газ (жоқ)
6. Натрийдің валенттілігі ІІІ тең. (жоқ)
7. Реакцияда электрондарын беріп жіберетіндері
тотықсыздандырғыш (иә)
8. "Химиялық элемент" ұғымын енгізген ғалым Бойль (иә)

ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
Төрт ұяшықта сұрақтар жасырылған. Әр дұрыс жауап 500 ұпайға бағаланады. Топта жауап болмаса қарсылас топқа мүмкіндік беріледі. Егер екі топта дұрыс жауап таба алмаса жеңілдік алуға болады. Жеңілдік алу мүмкіндігі екеу. Әр жеңілдік сайын 100 ұпай шегеріледі.
1 - сұрақ: Ломоносов «корпускула» деп нені атаған?
1 - жеңілдік: Бұл сөз аудармасы "Ең кішкене" деген мағына береді.
2 - жеңілдік: Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.
Жауабы: молекула
2 - сұрақ: (бейнесұрақ) Сіздерге Қарабау орта мектебін "Алтын белгімен" бітіріп, қазіргі кезде С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің І курс студенті атанып жүрген Қабиденова Фариза сұрағын жолдайды.
А және Б газ күйіндегі жай заттар әрекеттескенде түзілген В заты – иіссіз, түссіз, дәмсіз сұйықтық. Қыздырғанда, салқындатқанда агрегаттық күйі өзгергенімен, бастапқы молекуласын сақтайды. Тұрмыста, халық шаруашылығында, өндірісте кеңінен қолданылады. А, Б және В заттарын атаңыз.
1 - жеңілдік: В заты активті металдардың оксидтерімен әрекеттесіп гидроксидтер (негіздер) түзеді.
2 - жеңілдік: В затының массалық құрамы: А — 11, 19 %, Б — 88, 81 %. В заты молекулалық массасы 18, 0153 - ке тең.
Жауабы: Сутегі, оттегі, су.
3 - сұрақ: Қай химиялық элементті миллионер деп атайды?
1 - жеңілдік: II период, IV топтың негізгі топшасының элементі Оның ядросында 6 протон мен 6 нейтроны бар.
2 - жеңілдік: бос күйінде алмаз, графит, карбин деп аталатын аллотропиялық күйлерінде кездеседі.
Жауабы: көміртегі
4 - сұрақ: (бейнесұрақ) Мектеп түлегі, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін "ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша тәмамдап, әртүрлі жерде дизайнер қызметін атқарып, қазіргі таңда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының телевизиялық графика мамандығының І курс студенті атанып жүрген Ахметов Абылай сіздерге сұрағын қояды.
Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста да қолданады. Бұл заттың атауы қандай?
1 - жеңілдік: Бұл заттың йодталған, брикеттелген т. б. арнаулы түрлері де өндіріледі.
2 - жеңілдік: Тұрмыстық атауы Ас тұзы.
Жауабы: натрий хлориді
ІV кезең: "Тапқырлық таныт!"
Бұл кезеңде де үш ұяшық таңдалады. Орыны ауысқан әріптерден сөздерді құрап, арасынан сөздің артығын табу керек. Тапсырма орындалмастан бұрын 100, 200, 300, 400, 500 ұпайларының бірін тігіп жасырып қойылады. Тапсырмаларды екі топ сайыскерлері де орындап, берілген парақшаға жауабын жазып көрсетесіздер. Тапсырма дұрыс орындалса тіккен ұпайларыңыз есепке қосылады, ал егер дұрыс болмаса керісінше жинаған ұпайларыңыздан шегеріледі.
1 - сұрақ: улредог
доводро
орлафум
кирдосол
Жауабы: Углерод, водород, формула, кислород. Артығы: формула
2 - сұрақ: prontо
ectоlern
neonutr
plape
Жауабы: Proton, electron, neutron, apple. Артығы: apple
3 - cұрақ: внелдееме
гааодров
юонтьн
олмоноовс
Жауабы: Менделеев, Авогадро, Ньютон, Ломоносов. Артығы: Ньютон

V - кезең: "Қапы қалма!"
Үш тапсырма беріледі. Сұрақ оқылмастан бұрын тапсырманың деңгейін шамалау үшін тірек сөздер оқылады. 100, 200, 300, 400, 500 ұпайларының бірін тігіп жасырып қойылады. Сұраққа екі топ сайыскерлері де жауаптарын парақшаға жазып көрсетесіздер. Дұрыс жауап айтылса тіккен ұпайлары есепке қосылады, ал егер дұрыс болмаса керісінше жинаған ұпайларынан шегеріледі.
1 - сұрақ:
Тірек сөздері: голланд ғалымы, газ, тотықтырғыш, иісті.
(бейнесұрақ) Сұрақты мектеп түлегі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін үздік үлгідегі бакалавр дипломымен бітіріп, қазіргі кезде осы университеттің 6 курс интерн - терапевті Амангелдіқызы Айгерім жолдайды.
Бұл газды 1785 жылы голландия физигі Ван Марум ашқан. Түсі қою көк,, ал сұйық күйде күлгін көк газ. Найзағайлы жаңбырдан соң шығатын ерекше иіс тән. Таза күйінде – күшті тотықтырғыш, микроорганизмдерді өлтіреді, сол себепті суды, ауаны дезинфекциялауда, күшті тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда қолданылады.
Жауабы: Озон
2 - сұрақ:
Тірек сөздері: тұжырым, ғалым, 1748, заң.
(бейнесұрақ) Қарабау орта мектебін тәмамдап, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне журналистика мамандығына түсіп, студент кезінен "Қазақстан - Атырау" телеарнасында редактор - жүргізуші қызметін атқарып, қазіргі кезде Астана қаласында "Қазақстан" ТРК - ның "Жан жылуы" бағдарламасының редакторы қызметін атқарып жүрген Сәндібаева Айымзада сіздерге сұрағын қояды.
1748 жылы «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материал азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деген тұжырымдаманы айтқан ғалым кім? Ол заң қалай аталады?
Жауабы: Ломоносов. Зат массасының сақталу заңы
3 - сұрақ:
Тірек сөздер: массалық үлес, салыстырмалы атомдық масса, формула, қышқыл
Бұл қышқылды "Химиялық өндірістің наны" деп атайды. Ол қышқылдың құрамында: 2% - сутегі, 32, 7% - күкірт, 65, 3% - оттегі бар болса, қышқылдың формуласы қандай?
Жауабы: Н2SO4 (күкірт қышқылы)

Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Ал Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
(Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі).
Бүгін де химия барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер! - дей келе бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет сау саламатта болыңыздар!

презентациясын жүктеу
4 729
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 10 - сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны
Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны
Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау. Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру.
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Балқаш қаласы, М. Горький атындағы №1 орта мектеп Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сейткалиева Нұрзия Несипбекқызы
Географиялық алаң
Географиялық алаң
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×