Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан сабақ жоспары

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Химия
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ
химия пәні мұғалімі Амангалиева Фарида Марксовна

Тақырыптар
1. Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері. Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану. (11 сынып)
2. ЭДТ тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері (9 сынып)


Химия 11 сынып
Сабақ тақырыбы: Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері. Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану.
Сабақтың мақсаты: көмірсутектердің табиғи көздері, мұнай, мұнайға серік газдар, олардан алынатын өнімдер, отынның түрлері, газ, мұнай, тас көмір өндеу туралы білімдерін қалыптастыру; қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы қорытынды шығара білу, талдау, жүйелеу
Сабақтың әдісі Сұрақ - жауап, топтық және жұппен жұмыс, жаттығулар орындау
Құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, флипчарт, маркерлер, стикерлер.
Күтілетін нәтиже: Мұнай, мұнайға серік газдар, таскөмірді өңдеу жолдарын біледі. Қоршаған ортаны ластанудан сақтау шараларымен танысады

Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі
І. Кіріспе Оқушыларды түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру: «Сұрақтары бар қорап» тәсілімен сұралады.

ІІ. Тұсаукесер «Миға шабуыл» әдісі жүзеге асырылады.
Мұнай туралы не білесіздер? Мұнай табиғатта қалай пайда болды деп ойлайсыңдар? ( Оқушылардың пікірі тындалады)
Мұнай құрамындағы көмірсутектер
парафиндер циклопарафиндер ароматты көмірсутектер басқа қосылыстар
Физикалық қасиеттері.
Мұнай
Майлы сұйықтық, түсі қара қоңыр
жанады, судан жеңіл, суда ерімейді
тұтқыр, өзіне тән иісі бар
органикалық еріткіштерде ериді

Электрондық оқулықтан бейнекөрініс «Мұнайдың пада болуы», «Крекинг»
ІІІ. Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
1) Тақырыпты өздігінен оқуға тапсыру.
2) Топта берілген тапсырма бойынша талқылау жүргізуді ұсыну.
Топтық жұмыс І топ Мұнай өнімдерін крекингілеу
ІІ топ Мұнай өнімдері және қолданылуы (постер қорғау)
Тақырыптағы негізгі ойды анықтау.

IV. Қорытынды “Ти” кестесін толтыру.
• Пайдасы
- Қара алтын, аса пайдалы, халықты жұмыспен, ақша көзімен қамтамасыз етеді.
- Ауыл шаруашылығы, еліміздің экономикасын өркендетеді
- Тұрмыста кең қолданамыз.
Зияны
- Түрлі газ қоспасы арқылы ауаны бүлдіреді, суды ластайды.
- Осының салдарынан әр түрлі аурулар туады.
- Жан - жануарларды, құстарды, өсімдіктерді жояды.
- Өндіру кезінде ережені сақтамаса, тіршілікке аса қауіп сілкініс тудырады.

Бекіту сұрақтары: Ойтүрткі.
1. Табиғаттың осы тамаша шикізат қорларын тиімді пайдаланып отырмыз ба?
2. Табиғи мұнай мен газ кен орындарының қоры келешекте азайып, болмаса сарқылса оларды толықтыратын қаншама табиғи шикізат көздері бар деп ойлайсыңдар? Сарқылған жағдайда отын проблемасын қалай шешеміз?
3. Мұнайдың экологияға әсері туралы не білесіңдер?
Жеке оқушыларға есептер мен жаттығулар беру
Критерий арқылы өзін - өзі бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
6 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұнай құрамы, қасиеті, өңдеу әдістері, өнімдері
Мұнай құрамы, қасиеті, өңдеу әдістері, өнімдері
Мұнай құрамы, қасиеттері, өңдеу әдістері, өнімдерінің қолданылуы жөнінде оқып үйрену; Қоршаған ортаны бақылай білу дағдысын, кең арнада ойлау қабілетін дамытып, экологиялық сауаттылыққа, мамандыққа бағдарлау
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Галогентуындылардың изомерлерінің құрылымдық формуласын құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Мұнай, газ және көмірді өңдеу.Қазақстандағы пайдалы қазбаларды
Мұнай, газ және көмірді өңдеу.Қазақстандағы пайдалы қазбаларды
Мұнай, газ және көмірді өңдеу. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу және экологиялық аспектілер
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы. химия пәні мұғалімі Арай Айтмырзақызы
Көмірсутектердің табиғи көздері. Мұнайды өңдеу
Көмірсутектердің табиғи көздері. Мұнайды өңдеу
Қызылорда облысы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның химия-биология пәні мұғалімі: Бердіхалықова Ж.Ә.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×