Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алюминий және оның қосылыстары

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Химия пәні мұғалімі Ермуханбетова Гульзира Улыкпановна

Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы Алюминий және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Алюминийдің периодтық жүйеде орналасуы мен қасиеттерін түсіне отырып, оның қосылыстарына сипаттама беру арқылы, алюминийдің екідайлы қасиетін түсіндіру.
Дамытушылығы: Ой - өрісін, танымдық көкжиегін кеңейту, шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы өз бетінше қорытынды жасау кезінде алған білім көздерін пайдалануды оқущының сыни ойлауы арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту
Тәрбиелілігі: Алюминийдің өнеркәсіпте, тұрмыстағы, адам өміріндегі маңызы туралы білімді меңгеру арқылы өз елін - жерін сүюге, ұлттық салт - дәстүрін сақтап, құрметтеуге, табиғи байлықтарын тиімді пайдаланып, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: Алюминий туралы теориялық білімі кеңейеді
Алюминийдің химиялық қасиетін сипаттап, реакция теңдеулерін жазу арқылы екідайлы қасиетін дәлелдей алады, ғылыми тілі қалыптасады
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: Жеке, топтық жұмыс, түсіндіру, проблемалық оқыту әдістері
Сабақта қолданылатын технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Блум таксономиясы
Пән аралық байланыс: География, биология, физика
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, периодтық система, тақырыптық слайд, «Алюминий» коллекциясы

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.

« Жедел жауап»
1. Судың кермектігі дегеніміз не?
2. Судың кермектігінің неше түрі бар?
3. Уақытша кермектік деген не?
4. Тұрақты кермектік деген не?
5. Уақытша кермектікті кетіру үшін қандай әдіс қолданылады?
6. Тұрақты кермектікті кетіру үшін суға не қосылады?
7. Кальций және магний гидрокорбонаттың формуласы?

Жаңа сабақты игеру
1. Қызығушылықты ояту бөлімі
Ой қозғау
1. Қанатты металл
2. ХХ ғасыр металы

Түсіну.
2. Алюминийдің ашылу тарихы
1825 жыл
Дат химигі әрі физигі Қ. Ж. Эрстед глиноземді (алюминий оксиді) көмірмен қосып, хлор атмосферасында қатты қыздырып тотықсыздандырғанда одан сусыз алюминий хлориді түзіледі. Сол түзіндіге калий металының амальгамасын қосып қайта қыздырып, тотықсыздандырады. Нәтижесінде онша таза емес алюминий металы алынады. Қ. Ж. Эрстед «Мен балшықтан металл алдым» деп бос күйінде алюминий металын алу әдісін хабарлады.

1827 жыл
Неміс дәрігері Фридрих Велер алюминий хлоридіне ауаның қатысынсыз сілтілік калий не натрий металын қосып қыздыру арқылы 30 г алюминий ұнтағын алды.
AlCl ₃+3K →Al+3KCl

1854 жылы Француз ғалымы
Сен - Клер - Девиль алюминий хлориді мен металл натрийден алюминий алды. Бұл кезде француздың әкімшілік императоры ІІІ Наполеон Ресейге қарсы соғысқа әзірленіп жатты. Ол өзінің солдаттарына жаңа табылған металдан қару - жарақ жасатуды арман етті. Бірақ металды көп мөлшерде өндіру мүмкін болмады.
Заводтан алған алғашқы алюминийден корольге түйме жасалды. Қалғаны 1855 жылы Париж қаласында өткен дүние - жүзілік көрмеге «топырақ күмісі» немесе «дебиль күмісі» деген атпен экспонат ретінде қойылды. Сен - Клер - Девиль
1859 жылға дейін, небәрі 1680 кг алюминий алды.
1. Физикалық қасиеттері
Алюминий

Өте иілімді, жұмсақ
Күміс түстес ақ металл
Кристалдық торы - көлемді орталықтанған куб
Тығыздығы - 2, 7 г/см³, жеңіл металл
Электр мен жылу өткізгіштігі жоғары
tқайнау= 650 ⁰С

Өнеркәсіпте алынуы: Осы заманғы алюминийді алу әдісін америкалық Ч. Холл және француз Эру 1886 жылы ойлап тапқан екен. 22 жасар химик Ч. Холл жаңалық ашқан күні зертханаға қолына ондаған алюминий қиындыларын ұстап келіп, осы металды оңай жолмен және өте көп мөлшерде дайындаудың әдісін тапқанын айтты.
2Al ₂O ₃  4Al+3O₂ - 3352кДж

Алюминийдің биологиялық маңызы: Ересек адам куніне алюминийдің 30 - 50 мг қажет етеді. Кунделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда 20 - 200 есе көп боладьі. Алюминий судың, ауаның, дәрілік препараттың, иіс сулардың, алюминийден жасалған ыдыстарда болады. Алюминий зат алмасуға, жуйке жуйесінің қызметіне, жасушаның көбеюі мен өсуіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ағзадағы көп мөлшері қозғалыс белсенділігінің темендеуіне, есінен тануына да әсер етеді. Кейбір зерттеулерде алюминий мидың зақымдануына да әсер етеді. Алюминий тұздарының көп болуы ағзадағы кальцийді төмендетеді, фосфордың адсорбциялануын азайтады, суйектегі бауырдағы, мидағы алюминийдің құрамын 10 - 20 есеге арттырады.

Al2O3 - алюминий (ІІІ) оксиді - глинозем, боксит, корунд.
Корунд - өте қатты алюминий осидінің кристалдық формасы. Алюминий оксидінің кристалдары қоспалар әсерінен әртүрлі түстерге боялып асыл тастар – рубин, сапфир, александрит т. б. алуда қолданылады.

1. Рубин
Рубин - латынша rubens, rubinus - қызыл деген мағынаны білдіреді. Al2O3 минералы, корунд сыныбына жатады. Қаттылығы - Моос шкаласы бойынша - 9, тығыздығы 3, 97 - 4, 05 г/см аралығында. Қызыл түске ие болуының себебі - құрамында хромның қоспасы бар. Қызыл корундтар - рубин(лағыл) деп аталса, көктері - сапфирлер делінеді.
Рубин энергетикалық тас. Оны амулет ретінде ұстаған адамдардың иммунитеті бірқалыпты болады. Махаббатқа жолыққан адамдарға рубин бақыт сыйлайды.

2. Сапфир
Сапфир (гр. sappheivos - көк тас) — Ті мен Ғе қоспасы бар корундтың бір түрі. Сапфир адамға рух беріп тұрады. Амулет ретінде адамды қорқыныштан, өтіріктен сақтайды. Ол адамның есте сақтау қабілетін күшейте түседі. Сапфирді әшекей - бұйым ретінде ұстаған адам ешқашан да жүрек аурулары сияқты ауруларға тап болмайды. Егер адамда сапфирден жасалған әшекей - бұйым болса, онда адамдардың жаман көздері сапфирден жасалған әшекей - бұйымға түседі. Себебі, сапфир жаман көздерден сақтайды

3. Фируза (бирюза)– адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе, фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазылмайтын а]уруы бар адам тақса ол мүлдем “сөніп“ қалады

4. Александрит – қан айналуды жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі.

5. Халық медицинасында турмалиндер эндокриндік жүйеге оң әсерін береді деген пікір қалыптасқан. Бұл минералдың емдік қасиеті түсіне байланысты болады. Жасыл түстілері бүйрек аураларын емдеуге көмектессе, ал көк түстілері жүйке жүйесінің шарғағанын басып, адамның жанын тыныштандырады және ұйқысыздықтан арылтады. Қара түсті турмалиндер халық медицинасы өкілдерінің айтуынша салқын тиюдің алдын алатын өте жақсы көмекші болып табылады. Көгілдір түсті турмалиндер көздің көруін жақсартады, бас ауруын басады. Литотерапевтердің айтуынша, турмалин адамның есте сақтау қабілетін жақсартып, оған қуаныш пен тыныштық әсерін сыйлайды.

6. Хризоберилл: Бұл жұмсақ тас. Әсері әлсіз, нейтралды. Барлық жасыл тастың қасиеттерін қайталайды, адамның биоөрісін күшейтеді. Хризоберилл жай тас емес, дұрыс қасиеттерімен бірге бұрыс қасиеттерінің де күшейіп кетуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан оны рухани өсу жолына түскен, тек жақсылық пиғылды адамның таққаны жөн. Бұл тас адамның мықты қорғанышы. Ол адамға түнде сағат 2 - 4 аралығында болатын астралды қабаттың шабуылынан, адамдардың арам пиғылынан қорғайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
6 443
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алюминий
Алюминий
Алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, алюминий ионын анықтау туралы білім беру.
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Оқушылардың алюминий және оның қосылыстары жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау. Шығармашылықпен бірігіп жұмыс істеуге және өз білімін тексеруге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Алюминий
Алюминий
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ақалтын ауылы, «Ақалтын» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Сахова Клара Байдосқызы
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
№ 3 Хромтау орта мектебі Химия пәні мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×