Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт және оның қосылыстары

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Химия пәні мұғалімі Ермуханбетова Гульзира Улыкпановна
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның физикалық, химиялық қасиеттерімен және оның қосылыстарымен таныстыру
Дамытушылығы: Күкірт элементі түзе алатын бірнеше жай заттары мысалында аллотропия құбылысымен таныстыру. Күкіртсутектің емдік қасиеті туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Күкірт қосылыстарының тірі организмге тигізетін зиянды әсерлерін анықтап, экологиялық проблемаларды шеше білуге тәрбиелеу
Оқу нәтижесі: 1. Барлық оқушылар күкірт туралы мәлімет алады.
2. Кейбір оқушылар оның химиялық, физикалық қасиеттерін және оның қолданылатын салаларын біледі, түсінеді.
3. Көптеген оқушылар осы мәліметтерді сабақ барысында тапсырмаларды орындауда пайдаланады.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақты өткізу әдісі: Жеке, топтық жұмыс, түсіндіру, баяндау, проблемалық оқыту әдістері
Сабақта қолданылатын технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Блум таксономиясы
Пән аралық байланыс: география, әдеп, физика, биология
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Периодтық система, тірек сызбалар, интерактивті тақта, Қазақстанның географиялық картасы, слайдтар
Реактивтер: Күкірт, зат жағатын қасық, спирт шамы, су

Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру.(2 минут)
Сынып оқушыларымен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Топқа бөлу
1 топ – Сульфаттар
2 топ – Сульфиттер

Үй тапсырмасын тексеру (3 минут)
Блиц - турнир

1. Бейметалдар периодтық кестенің қай топтарында және қай топшаларында орналасқан?
2. Бейметалдық қасиет периодтық жүйеде период бойынша және топ бойынша қалай өзгереді?
3. Периодтық жүйедегі VІІІ - топтың негізгі топшаларында орналасқан бейметалдарды ата. Неліктен салғырт газдар немесе инертті элементтер деп аталады?
4. Бейметалдардың атом құрылысында металдармен салыстырғанда қандай айырмашылық болады?
5. І және ІІІ топта орналасқан бейметалдарды ата?
6. Екі атомды жай затқа жататын бейметалдарды ата?
7. ІV - топтың негізгі топшасындағы бейметалдардың сутекті қосылыстарының формуласы қандай?
8. Сыртқы электрондық формуласы ns2 np5 болатын бейметалдар:
А) Si, H, As; Ә) В, С, Не; Б) F, Cl, Вr В) He, Ar, N Г) S, Se, O
9. VІІ - топтың негізгі топшасындағы Cl - дың жоғарғы оттекті қосылысының формуласы қандай?
10. Бейметалдарды бөліп жазып, аттарын ата? Li, Na, He, N, Pb, Si, Xe, As, Fe, Zn, At, I, C

Жаңа сабақты игеру.
Білу. Бүгінгі сабағымызда жаңа тақырыпты түсіну үшін 8 - сыныпта алған білімдерімізді еске түсірейік.

І. Қызығушылықты ояту бөлімі
Ой қозғау
1. Д. И. Менделеев ашқан химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі реттік нөмірі 16 - шы элементті периодтық жүйе бойынша сипаттаңдар.
2. Күкіртке тән физикалық қасиеттер.
Өмірмен байланысы:
3. Ерте заманнан бастап үйді аластауға, түрлі жараларды емдеуге қолданылатын элемент?
4. Ежелгі адамдар жер асты жанартау «құдайының өті» деп, қастерлеген элемент
5. Сіріңке неліктен тұтанады?

Түсіну.
Периодтық жүйеде VІ - топтың негізгі топшасында орналасқан элементтер.
-“Халькогендер” -“Кен түзушілер” деп аталады:
- О - Оттек - газ
- S - Күкірт - қатты, сары түсті кристалды зат
- Se - Селен - қатты сұр түсті бейметалл
- Te - Теллур - қатты, ақшыл сұр түсті бейметалл. Металдық жылтыры бар.
Электр тогын өткізеді.
- Po - полоний – радиоактивті металл.

Топтастыру әдісі.
Күкірт (Сера, Sulfur)

Күкірттің ертедегі аты «Сира – ашық сары»
ІІІ период, VIА топта орналасқан, химиялық таңбасы – S
Жер қыртысындағы мөлшері – 0, 1%

• Күкірт

Сары түсті, қатты кристалды зат
Аллотропиялық түр өзгерістері: кристалды, иілімді
Суда ерімейді
Спирт пен эфирде нашар ериді
Бензолда, күкіртті көміртекте жақсы ериді
Жылуды нашар өткізеді, электр тогын өткізбейді
+119, 8 ⁰С - та балқиды
+444, 6 ⁰ С - та ериді

Күкірт туралы деректер:
1. Күкірттің санскриптше аты – «Сира» ашық сары», ол ертедегі үнді тілінен алынған.
2. Күкірттің қарапайым элемент екендігін 1777 жылы Антуан Лавуазье дәлелдеді.
3. 19 ғасырдың 80 - ші жылдарында Англияда аналар өз балаларына күкірт пен сірненің шай қасығын сергітуші зат ретінде беріп отырған.
4. Құрамында күкірт бар дәрілік құралдар менингит ауруын тудыратын бактерияға қарсы күреседі.
5. Күкірт өзіне тән сары түспен, жанғанда пайда болатын алауының көк түсімен және өзгеше иісімен (күкіртті газдың (SO2) иісі ) ерекшеленеді.
6. Көптеген халықта ежелден күкіртті жағу арқылы жын - шайтанды аластауға болады деген сенім бар.
7. Күкіртті жағу дезинфекциялау үшін қолданылатынын Гомер атап көрсеткен.
8. Күкірт ертеден медицинада қолданылған – оның алауымен ауру адамға ыс салған, күкіртті тері ауруларын емдеу үшін түрлі майлардың құрамына қосқан.
9. Сондай - ақ күкірт шикі мұнай мен ілеспе газ құрамында да бар. Теңіз кен орыны мұнайының құрамындағы күкіртті сутегінің үлес мөлшері - 14 % - ды құрайды. Теңіз газ өңдеу зауытында шикі мұнай мен ілеспе газды күкіртті сутегіден тазарту жүзеге асырылады да, нәтижесінде кәдімгі күкірт алынады.
10. Болжамдар бойынша 2008 - 2016 жылдары әлемдік нарықтағы күкіртке деген сұраныс көлемі жыл сайын 4 пайызға өспек.
11. Күкіртті ең ірі экспортқа шығарушы ел - Канада, ал ең ірі импортқа қабылдаушы - Қытай болып табылады.
12. Византия жазушысы Максим Грек 1250 ж күкірттің «грек оты» деген атпен соғыс ісінде қолданылатын қоспаның құрамына кретіні туралы жазған. Бұл қоспа бір бөлік күкірт, екі бөлік көмір және алты бөлік селитрадан тұрады. Мұның ХІХ ғасырда пайдаланылған оқ - дәріден айырмасы шамалы.
13. Каучукты вулканизациялап, яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады.
14. Сынаптың ұсақ тамшылары төгілген жерге күкірт ұнтағын себеді. Мұндай процесті демеркуризация деп атайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
9 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Күкіртті сутек, сульфидтер
Күкіртті сутек, сульфидтер
Күкіртті сутек, сульфидтер, күкірттің сутекті қосылыстары, күкіртті сутектің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, табиғатта кездесуі, қоршаған ортаға экологиялық әсері жайлы жаңа білім дағдыларын игеру.
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның химия пәні мұғалімі
Күкірт
Күкірт
Жугинисова Айнур Сагындыковна Химия пәні мұғалімі Шалқар қаласы №6 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×