Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт қышқылы және тұздары

23 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Химия
БҚО, Теректі ауданы,
Чапаев ЖОББМ химия пәні мұғалімі
Ерзакова Құралай Нуфтоллақызы

Тақырыбы: Күкірт қышқылы және тұздары
Мақсаты:
Б: Оқушыларға күкірт қышқылының молекула құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері мен халық шаруашылығында қолданылуы туралы білім бере отырып химиялық реакциялар көмегімен қасиеттерін жаза білуге дағдыландыру;

Д: Оқушылардың күкірт қышқылы туралы іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой - өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, оқулықтан өз бетінше білім алуға, химиялық формула бойынша реакция теңдеу жаза білуге дағдыландыру;

Т: Экологиялық тәрбие бере отырып, оқушының тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы күкірт қышқылының қосылыстарын өмірде, тұрмыста, қолданылуын және қоршаған ортаға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдісі: ақпаратты - комплексті, топтық, сұрақ - жауап, сөз - көрнекі.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, тірексызба, танымдық тапсырмалар, суреттер.

Сабақ барысы:
І ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, жұмыс орнын әзірлеу)
Тренинг алдарыңызда жасыл, қызыл, сары түсті дөңгелектер бар. Кімнің көңіл – күйі өте жақсы жасыл түсті көрсетеміз, кімнің көңіл - күйі жақсы сары түсті көрсетеміз, кімнің көңіл - күйі орташа қызыл түсті көрсетеміз. Барлығымыздың көңіл - күйіміз жақсы екен, сабақты сәтті өткізіп, сабақ соңында да осындай көңіл күйде болуларыңа тілекшімін.

ІІ үй тапсырмасын сұрау.
а ) Графикалық диктант.
H2S (күкіртсутек) берілген. Төмендегі сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріңіз.
1. Күкірттің тотығу дәрежесі – 2
2. Бұл жай зат
3. Өте улы газ
4. Бұл негіз
5. Жағымсыз иісі бар
6. Күшті қышқылдық қасиет көрсетеді
7. Суда нашар ериді
8. Ауада көгілдір жалыншығарып жанады
9. Заттың құрамына сутегінің төрт молекуласы кіреді.
10. Әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.

ІІІ жаңа материалды түсіндіру.

Жұмбақ
Түссіз, ауыр, сұйықтық
Су құйылса, қызып тұр.
Ылғал тартып ауадан,
Күштілігі артып тұр,
Ал, қанекей айтыңдар
Қай қышқылды айтып тұр?

Жауабы: Күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы - химиялық технологияның кең қолданылатын негізгі өнімдерінің бірі немесе «өндірістің наны» деп аталады. Күкірт қышқылын кеңінен қолдану үшін онымен толық танысуымыз керек. Ол үшін алдарыңыздағы сізге жол көрсететін нұсқау – конспектілеріңізге назар аударыңдар. Осы нұсқау - конспектінің көмегімен бірге бүгінгі сабақты талқылаймыз.

Кітаптан күкірт қышқылының физикалық қасиетін оқып ассоциация құрады.
Физикалық қасиеті

Суға күкірт қышқылын араластыра отырып еппен құю керек.

Бір оқушы тақтаға химиялық формуласын, екінші оқушы құрылыс формуласын жазады.
Сұрақ: Күкірт қышқылы қандай қышқыл? (күшті)
Химиялық қасиеті.
Диссоциацияланады.(тақтаға оқушылар шақырылады. Бір оқушы бірден диссоциациясын, екінші оқушы сатылап диссоциациялайды.)
Диссоциация нәтижесінде сутегі катионы түзіледі, сондықтанда әмбебап индикаторының түсін қызылға өзгертеді)(тәжірибе)
Сұрақ: Күкірт қышқылы ертіндісі қандай заттармен әрекеттеседі? (оқушылар жауабы.)
1. Кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металлмен әрекеттеседі. Тәжірибе (Оқушы тақтаға шығады.)(тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышын табады).
Zn + Н ₂ SО₄ = ZnSО₄ + Н₂
2. Негіздік оксидпен әрекеттеседі. Тәжірибе(оқушы тақтаға шығады). (Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеуін жазады).
СиО + Н₂SО₄ = СиSО₄ + Н₂О
3. Сілті мен негізбен әрекеттеседі. Тәжірибе (оқушы тақтаға шығады). (Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеуін жазады).
2NaOH + Н₂SО₄=Na₂SО₄ + Н₂О
4. Тұзбен әрекеттеседі, нәтижесінде тұнба түзіледі. Тәжірибе (оқушы тақтаға шығады.)(Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеуін жазады).
Сапалық реакция.
ВаСІ₂+ Н₂SО₄=ВаSО₄↓ + 2НСІ

Толық нұсқасын жүктеу
4 004
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын және оның тұздары туралы түсінік беру. Теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, күкірт қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның химия пәні мұғалімі
Күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Тұз қышқылы және оның тұздары
Тұз қышқылы және оның тұздары
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×