Білімділер поралы
загрузка...

Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер

8 - сынып
Тақырыбы: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер.
Мақсаты
Білімділік: Оқушыларға Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің маңызы. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарына сипаттама беру, элементтің басты сипаттамалары, олардың атом құрылысы мен өзара байланысы, периодты заң туралы білім беру.
Дамытушылық: өз бетінше ойлауға, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеру дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: білім алуға, еңбек етуге, жауапкершілікке, уақытты тиімді пайдалануға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептеу, ойын, ассоциация.
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, таратпа қағаздар
Пән аралық байланыс: физика, география, қазақ тілі

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмаларын тексеру.
Сабақ барысы
Оқушыларды және олардың оқу - құралдарын түгендеу. Сабаққа дайындықтарун тексеру.
Оқушыларды жұптастыру. Жұптарға бөліп отырғызу.

Сұрақтар қою
1. Периодтық жүйедегі элементтер нешеге бөлінеді?
2. периодтық жүйедегі әр түрлі түстер нені білдіреді?
3. жүйедегі металдарды ата.
4. жүйедегі бей металдарды ата.
5. периодтық жүйеде неше элемент бар.
Элементтерді табиғи ерекшеліктеріне қасиеттерінің ұқсастығына қарай топтарға жіктейміз.
Сілтілік металдар
Сілтілік жер металдар
Галагендер
Халькогендер
Оқушыларға кестелер беріледі, элементтерді кестеге жазып шығады.

3. жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
Период дегеніміз - атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Период сілтілік металдан басталып салғырт (инертті) элементтен аяқталады.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті. Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869 - 1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық массасына тәуелділігін қөрсеткен еді.
Алғашқы кестеде Менделеев әлі ашылмаған бірнеше элементтер бар екенін болжап, оларға кестеде тиісті орын қалдырып, кейбір қасиеттерін күні бұрын айтып берді. Сондай болжанған “экоалюминий” (1875 ж. француз химигі П. Лекок де Буабордан ашқан қазіргі галлий Ga), “экабор” (швед ғалымы Л. Нильсон 1879 ж. ашқан скандий Sc) және “экасилиций” (1886 ж. неміс ғалымы К. Винклир ашқан германий Ge) элементтері кейін ашылды. Сонымен қатар Менделеев марганецке (қазіргі технеций Тс және рений Re), теллурге (полоний Ро), йодқа (астат At), цезийге (франций Fr), барийге (радий Ra), танталға (протактиний Ра) ұқсас элементтердің бар екенін айтқан. Күні бұрын болжанған қасиеттер мен анықталған қасиеттердің дәл келуі Менделеевтің периодты заңын дүние жүзі ғалымдарына танытты. Радиоактивтік ыдыраудың (1806), рентген сәулелерінің (1895) ашылуы, неміс физигі М. Планктің сәуле шығарудың кванттық теориясын (1900), ағылшын физигі Э. Резерфордтың атомның планетарлық моделін (1911) жасауы, Н. Бордың атомның құрылыс теориясын ұсынуы (1913) атомның күрделі табиғаты мен периодтық жүйе құрылымының физ. мәнін түсіндірді. Ағылшын физигі Г. Мозли еңбектерінің нәтижесінде Менделеев ұсынған әр элементтің рет нөмерінің оның ядро зарядымен тең болуы, сондай - ақ атомдағы электрондар санының анықталуы, олардың орналасуындағы периодтық заңның тұтастай ішкі сырын ашты. Бор теориясын әрі қарай неміс физигі А. Зоммерфельдтің дамытуы, кейін швейцариялық физик В. Паули принципінің шығуы электрондық әр қабықта орналасу заңдылығын анықтады. Қазіргі Э. п. ж. 126 хим. элементті қамтиды, олардан трансуран элементтері (Z – 93 – 110) және кейбір элементтер Z – 43 (Tc), 61 (Pm), 85 (At), 87 (Fr) жасанды жолмен алынған. Менделеев периодтық жүйені жасағаннан бері оны кеңістікте немесе жазықтықта орналастырудың графиктік әр түрлі нұсқалары ұсынылғанмен, Менделеевтің ықшамды қысқа және ұзын периодты кесте түріндегі нұсқасы көбірек қолданылады.
Д. М. менделеев териодтық жүйесінде
7 период \ үлкен және кіші\
10 қатар
8 топ \негізгі және қосымша\

Оқулықтағы периодтық жүйенің анықтамасын жазып алу.

Химия пәнінің мұғалімі: А. Сыдықова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 172
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 172
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика