Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса.

20 шілде 2017, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға молекулалардың өлшемі мен массасы, зат мөлшері, молярлық масса, молекулалар саны туралы түсіндіру.
Дамытушылық: МКТ негіздерін оқып – үйренуде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау.
Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, проектор, слайд
Пәнаралық, пәнішілік байланыс: физика 7 сынып, химия 9 сынып.

Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма беру
6. Қорытындылау, бағалау

І Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. FILA – кестесін толтыру.
2. МКТ - ның негізгі қағидалары. Физикада және химияда
3. 1 - топ: Физиктер
«Атом» және «Молекула» сөздерін пайдаланып, төмендегі сөйлемді аяқта:
1. Су........ құрамына оттек және сутек.......... кіреді.
2. Адам мен жануарлар тыныс алғанда оттек......... пайдаланады.
2 - топ: Химиктер
1. Ауаның құрамында азот және оттек......... бар.
2. Қатты қыздырғанда су....... сутек пен оттек......... ыдырайды.

III. Жаңа сабақ түсіндіру.
Молекулалардың негізгі сипаттамаларының бірі олардың өлшемі мен массасы болып табылады.
Молекулалар өлшемін бағалау үшін неміс физигі В Рентген мен ағылшын физигі Д Релей тәжірибе жүргізді.
Халықаралық келісімге сай барлық молекулалардың массаларын көміртек атомы массасының 1/12 бөлігімен салыстырады
Барлық химиялық элементтердің атомдарының салыстырмалы массалары Д. И Менделеевтің периодтық кестесінде көрсетілген.
Берілген денедегі барлық атомдар мен молекулалардың салыстырмалы саны зат мөлшері деп ататын физикалық шамамен сипатталады.
Заттың n мөлшері деп берілген денедегі N молекулалар санының 12г көміртектегі NA атомдар санына қатынасын айтады: N=n*Na
NA – Авагадро тұрақтысы. Оны 1811 жылы итальян физигі әрі химигі А. Авагадро анықтаған соның құрметіне осылай аталған.
NA = 6, 02*1023 моль - 1
Зат мөлшерінің бірлігіне 1 моль алынған. ν=N/Na
Салыстырмалы молекулалық массамен қатар физика мен химияда М молярлық масса ұғымы кеңінен пайдаданылады.(мольдік масса)
Молярлық (мольдік) масса деп 1 моль мөлшерінде алынған заттардың массасын айтады. Өлшем бірлігі 1 кг/моль. M=m0 NA
Молекуланың массасын табу үшін m0 =М/Na
Зат мөлшері, зат массасы және молярлық масса арасында мынадай байланыс бар.

Толық нұсқасын жүктеу
8 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандық есептер шығару
Сандық есептер шығару
Оқушыларды химия пәнімен таныстыру, заттар және олардың қасиеттері туралы мағлұмат беру
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Оқушылардың білім, білік дағдысын дамыта отырып, жасушаның химиялық құрамы туралы түсіндіру. Нәруыздардың ферменттердің қасиеттері амин қышқылдардың мөлшері және реттілігіне, молекулалардың және заттардың құрылымдарына байланысты екендігін түсіндіру.
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Мақсаты: Денелердің өзара әрекеттесуі және дененің массасы туралы түсінік қалыптастыру, үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу. Міндеттері: Денелердің өзара әрекеттесуін, масса ұғымын, массаның формуласын білу.
Қайталау - оқу анасы
Қайталау - оқу анасы
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика және физика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Күш. Деформация
Күш. Деформация
№1 Шұбарқұдық мектеп – гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Бозшин Бекболат Жағалбайлыұлы
Күш Деформация
Күш Деформация
Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×