Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күрделі Эфирлер. Майлар

29 қыркүйек 2017, Жұма
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Күрделі Эфирлер. Майлар
Химия 11 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білу керек: Күрделі эфирлер, майлар анықтамасын, олардың құрамы мен құрылысын қасиеттерін, Майлардың жіктелуін, Өңдеу жолдарын, Синтетикалық жуғыш заттар түрлерін олардың маңызы.
Істей алу керек: Күрделі эфирлер, майлар формулаларын құрастыра алуды, Гидролиз және электрификация реакция теңдеулерін жаза алуды, Олардың жүру жағдайларын түсіндіре алуды
Сабақтың типі: Біріккен сабақ ( аралас сабақ )

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Мақсаты: Оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау. Өзара сәлемдесу оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал – жабдықтарды түгендеу, журналға белгі соғу
ІІ. Мақсат қою: Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, мақсат – міндеттерін қою жоспармен таныстыру
Қызығушылықты ояту.
1. Көрнекілік стратегиясы бойынша тақтаға формулалар жазылады, оқушылардың атауы керек. Ең соңында күрделі эфирдің формуласы сұралады Бүгінгі сабақтың тақырыбы күрделі эфирлер және майлар екендігі айтылады
2. Топтастыру стратегиясы Эфир сөзі естігенде, көзімізге нені елестетуге болады, ойымызға не келеді? Әр оқушылар өз ойын дәптерге жазады Жұппен, топпен пікір алмасып, 1 спиркер оны қорғайды.

ІІ. Мағынаны тану немесе ашу. Жигсо стратегиясы Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушылар дәрілер, технолог, химик, физик болып бөлінеді.
1. Технологқа: күрделі эфирдің, майлардың құрылысы мен алынуын
2. Физикке: күрделі эфирдің, майлардың номенклатурасын, Физикалық қасиетін,
3. Химикке: күрделі эфирдің, майлардың химиялық қасиетін
4. Дәрігерге: табиғатта таралуын, қолданылуын туралы айтуы тапсырылады
ТЕХНОЛОГТАР Күрделі эфирлер мен майлардың құрылысы
Қышқылдар мен спирттердің арасында су бөле жүретін реакция нәтижесінде түзілген заттар күрделі эфирлоерге жатады. (Aelner – латын тілінде эфир деген мағынаны береді.) О
Күрделі эфирлер мен алынуы: Зертханада күрделі эфирлерді карбон қышқылдары мен спирттерді рекцияластырып алады. Катализатор концентрациялы күкірт қышқылы болады. Ол сумен байланысады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша қышқылдардың құрамынан гидроксил тобы, спирттерден сутек бөлінеді. Реакция аяғына дейін жүру үшін, суды бөліп алу керек.
Майлар алынуы: Майларды жануарлар мен өсімдіктерден алады. Тиімсіз болғандықтан майлар синтездік жолмен алынбайды.
Дәрігерлер: Табиғатта таралулары – олар гүлде жемісте кездеседі. Күрделі эфирлерді өздеріне тән иістері арқылы айыруға болады.
Майлар - барлық өсімдіктер мен жануарлар денесінде кездеседі. Адам организмінің 10 - 20 пайызын құрайды. Оның, шамамен 70 пайызы олейн, ал 30 пайызы пальмитин глицеридтері.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Эфилер – көбі хош иісті болғандықтан, жеміс эссенциялары түрінде, жеміс сулары, кәмпит, әтір. иіс су, дәрі – дәрмек, қопарғыш зат, синтетикалық талшық жасауға қолданылады. Метилакрилат пласмасса өндіруде қолданылады.
Майларды – техникалық мақсаттарға пайдаланады, олардан сабын жасайды. Дүние жүзінде жылына 10-даған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен 3/2 азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсаттарға қолданылады. Біздің елімізде Алматыда да өскеменде шымкентте май өндіріп, өңдейтін заводтар бар.
ФИЗИКТЕР: Күрделі эфирлердің аттары өздеріне сәйкес қышқылдармен спирттердің аттарынан құралады.

Қостанай облысы, Қостанай ауданы,
Затобол кенті, Н. Наушабаев атындағы
Затобол мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі
Муталипова Сымбат Борашовна

Күрделі Эфирлер. Майлар жүктеу
4 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Альдегидтер және карбон қышқылдары
Альдегидтер және карбон қышқылдары
Альдегидтер және карбон қышқылдарының анықтамасын түсіндіру молекула құрылысын жазып көрсету. Альдегидтер мен карбон қышқылдарының құрылымдық формуласын, алыну жолдарын қолдану салаларын ұғындыру.
Сабын және СЖЗ
Сабын және СЖЗ
Сабын құрамында 16 - 18 көміртек атомдары бар жоғары карбон қышқылдарының карбоксил тобындағы сутек атомының орнын металл атомы басқан туындысы.
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.
Күнделікті жоспар химия 11 сынып
Күнделікті жоспар химия 11 сынып
Жай эфирлердің кездесуі, изомериясы, номенклатурасы алынуы, қолданылуы, қасиеттері туралы білімді қалыптастыру;
Күрделі эфирлер. Майлар
Күрделі эфирлер. Майлар
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Жамбыл атындағы орта мектебі Химия - биология пәнінің мұғалімі Айтмұқаева Гүлнара Жұмабекқызы
Майлар
Майлар
Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің химия пәні оқытушысы Тоқсанбаев Нұрбол Төребайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×