Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.

28 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушыларға қышқылдардың құрамын, физикалық, химиялық қасиеттерін оқып үйрету, оксидтердің жіктелуін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру
Дамытушылық – оқушылардың ой - өрісін, қышқылдардың адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химиялық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды топқа бөлу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сыйластыққа, құрметтеуге, пікірталас жасауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: СТО, «Заттар мемлекеті», «Сынау зынданы», «Формулалар ауылы»,
Сабақтың түрі Аралас
Сабақтың негізгі дерек көздері: Интербелсенді тақта, слайдтар, «Химия әлеміне саяхат», суреттер, плакат, маркер, стикерлер

Оқыту нәтижелері: Қышқылдардың химиялық формуласын біледі. Қышқылдардың жіктелуін оңай ажырата алады, қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін үйренеді.

І Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударту. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. «Оксидтер», «Негіздер», «Қышқылдар» болып топтарға бөліп аламыз.
ІІ Өткенді қайталау:
Еске түсіру: 8 мин
Үй тапсырмасын тексеру
1.«Заттар мемлекеті» ойыны. Бұл ойында молекуласында атомдар саны ең көп заттардың формулаларын табыңдар
2. «Формулалар ауылы» ойыны. Бұл ойында оксидтердің формулаларды үйшікке орналастырады.

ІІІ Жаңа сабақ:
Түсіну:
Тақырыпқа шығу 6 мин. «Сынау зынданы» бойынша берілген формуланың ішінен оксидті босату керек. Яғни оксид жаңа сабақтың тақырыбы екенін білеміз.
Қышқылдардың алынуы, жіктелуі, қасиеттері
1. Лездік сұрақтар
● Қышқылдардың құрамы неден тұрады?
● Басқа күрделі заттармен салыстырғанда қандай айырмашылық бар?
● Қышқылдардың атауы мен формуласын қалай жазамыз?
● Қышқылдар дегеніміз не?
● Қышқылдар қандай химиялық элементтен басталады?
● Қышқылдар құрамында ортақ қандай ұқсастық бар?
● Қышқылдар туралы білім бізге не үшін қажет?
2. Төмендегі кестеге сәйкес келетін қышқылдардан мысалдар келтіріп, толтырыңдар.

3. Қышқылдардың алынуы
А) Қышқылдық оксидтерді сумен әрекеттестіру
Ә) Сутекті металл еместермен әрекеттестіргенде оттексіз қышқыл түзеді
Б) Тұздарды қышқылдармен әрекеттестіру

Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері. жүктеу
2 126
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты.
Электролиттік диссоциация теория тұрғысынан электролиттің қасиеттері
Электролиттік диссоциация теория тұрғысынан электролиттің қасиеттері
Химиялық формула, теңдеу құру, есеп шығару біліктіліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге, өз білімін бағалап тексеруге баулу.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мусина Г. А
Қышқылдардың жіктелуі, алыну, қолданылуы
Қышқылдардың жіктелуі, алыну, қолданылуы
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы №61 жалпы білім беретін орта мектебінің химия пәні мұғалімі: Қызғалдақ Ризабекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×