Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы

28 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Химия 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік. XXI ғасыр - химия ғасыры. Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны, химиялық элементтердің адам ағзасында атқаратын ролі туралы нақты түсінік қалыптастыру.
б) Тәрбиелілік. Оқушы - жеке тұлға. Оқушыларды өз ойын, пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
в) Дамытушылығы. Химия ғылымына деген дүниетанымдық, диалектикалық көзқарастар қалыптастыру. Ғылыми түсініктерін молайту
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, сынақ алу, лабораториялық тәжірибе.
Пән аралық байланыс: Биология, медицина.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд түрлері, видеороликтер, интернет материалдары.

Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру.
II. Жақтаушы жақтың «Қоспалар» тобының кейсі.
III. Даттаушы жақтың «Таза заттар» тобының кейсі.
IV. Лабораториялық тәжірибе.
V. Қорытынды сауалнама.(activоte)
VI. Үйге тапсырма.
VII. Бағалау.

Сабақтың барысы:
I. Жақтаушы «Қоспалар» тобының кейсі.
Резолюция «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те, көретініміз - химияның ғажайыптары».
II. Даттаушы «Таза заттар» тобының кейсі.
Резолюция «Химиялық заттар адам денсаулығына кері әсерін тигізеді».
Бастаушы: «Қоспалар» тобының жетекшісі - Үсенова Айнамкөз ханым, спикерлері - Бисенбай Назгүл ханым, Сағын Махамбет мырза.
«Таза заттар» тобының жетекшісі Бектұрсынова Гүлдана ханым, спикерлері - Есенәлі Айдана ханым, Хасанов Райымбек мырза.

Бастаушы: Бірінші сөз «Қоспалар» тобының спикері Бисенбай Назгүл ханымға беріледі.
Назгүл: Сәлеметсіздер ме; тыңдарман қауым және құрметті оппоненттер.
«XXI ғасыр - химия ғасыры» деген дәрумені бойынша ойымды жеткізбекпін.
Біз күнделікті тіршілігімізді суды пайдаланудан бастаймыз.
1) Судың өзі де химиялық элементтерден тұрады ғой.
XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап дәмді, хош иісті, қоректік қасиеті мол
жасанды тағамдар жасау қолға алынды.
2) Біздің ғалымдарымыз биотехнологиялық әдіспен қазіргі күні қара уылдырық, албырт (ласось) еті, сорпалар (тауық, сиыр еті, балық), мармеладтардың әр түрлі сорттарын, шырындарды алып, көпшілікке ұсынып та отыр. Слайд № 5, 6
3) Көптеген синтездік жолмен алынған дәрі - дәрмектер адам денсаулығын қорғайды, қалпына келтіреді, жақсартады.
Мысалы: өзімізге таныс аспирин, анальгин сияқты дәрілер ауырғанды басып, жүйкені тыныштандырады, бірақ есірткіге жатпайды. Слайд № 7
4) Қазіргі кезде ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамуда. Жуғыш заттар, тазартушы, зарарсыздандырушы заттар, жиhаз бен еденді сүртуге, зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, түрлі лактар мен бояулар

Пән мұғалімі: Мустафина Аққағаз Битанқызы

Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы. жүктеу
6 710
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.
Химия 10 сынып
Химия 10 сынып
Химиялық байланыстың түрлері, ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық химия пәні туралы білімдерін жетілдіру, органикалық заттардың ерекшеліктерімен таныстыру, органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, органикалық химияның қазіргі замандағы маңызы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе.
Қышқылдар
Қышқылдар
Бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі - қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×