Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алюминий және оның қосылыстары

05 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Химия
Қазіргі заман талабына сай мектепте сабақ үрдісіне дәстүрлі әдістердің орнына жаңа технологияларды енгізе отырып, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Өз тәжірибемде соңғы жылдары Ж Қараевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлеп саралау әдістеріне негізделген технологиясын пайдаланып жүрмін. Бұның тиімділігі оқушылардың пәнге қызығуын оятып, өз бетімен білім алуына, өз ойын еркін жеткізуге, өзіндік пікір айтуға жетелейді.

Төменде «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша құрылған жаңа сабақты ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты алюминийдің табиғатта кездесуі, негізгі қасиеттері, алынуы,қолданылуы туралы түсінік бере отырып, алюминий мен оның маңызды қосылыстарының екі жақты қасиет көрсететін мәнін ашу ; оқушылардың зейінін,танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту, сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, өз бетінше жұмыс жүргізулеріне, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Жаңа сабақта деңгейлеп - саралау, ақпаратты - комплексті, сұрақ-жауап, топтық әдістері қолданылып, интерактивті тақта, алюмосиликаттар тірек –сызбасы, химиялық реактивтер мен ыдыстар, танымдық тапсырмалар,слайд көрнекі құралдар ретінде пайдаланылды.

Сабақ бірнеше кезеңге бөлініп өткізіледі.
I кезең. Жаңа білімді меңгертуге даярлық кезеңі ;
II кезең. Жаңа білімді меңгерту кезеңі ;
III кезең. Деңгейлік тапсырмалар ;
IV кезең. Қорытынды.

I кезеңде жаңа тақырыпты меңгерту үшін оған негіз болатындай сұрақтар қойылады.
Оған 3 минут уақыт кетеді. Интерактивті тақтада қойылған сұрақтарға оқушылар жауап береді. Мұнда оқушылар алюминиийге сипаттама беріп, ойларын толықтырады.
1.Алюминийдің химиялық таңбасы қандай ?
2.Алюминийдің салыстырмалы атомдық массасы қанша? 3. Периодтық жүйедегі орны қандай ?
4.Валенттілігі мен тотығу дәрежесін ата. 5.Алюминийдің атомдық құрылысын, электрондық формуласын жаз.

II кезеңде жаңа тақырып бойынша оқушылар өз бетімен оқулықтан білім алып, тапсырмалар орындайды.
а) Алюминийдің құрылымдық формуласын жазыңдар.
ә) Алюминийдің физикалық қасиеттерін тірек - сызба белгілері арқылы сипаттама беріңдер.
б) Алюминийдің табиғатта кездесуі мен алынуына түсінік беріңдер.
в) Алюминий және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз. ( Кесте толтырады) Интерактивті тақтаның мүмкіншілігін пайдалану арқылы жаттығу орындалып, сызбанұсқа, тірек - сызба арқылы химиялық қасиеттері ретімен талданылады. Оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сенім артып, өзін-өзі сыйлау, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. 10 минут өткен соң оқушылармен осы сұрақтарды бірге талқылаймын. Оған 7 минут уақыт жетеді. Мұнан кейін алюминийдің биологиялық рөлі мен алюминий өндірісіне тоқталдым. Адам ағзасының 10% құрайды. Қан ұйығанда өкпеде, бауырда, сүйекте, шашта, жүйке жүйесінің ми қыртысының құрамына енеді және концентрленеді. Тәуліктік қажеттілігі адамға 47 мг. Алюминий эпителий және байланыстырғыш ұлпалардың дамуына және сүйек ұлпаларының түзілуіне, фосфор алмасуына әсер етеді.
Ең сапалы алюминийдің ең жоғарғы стандарты А-9 маркасы болса, бүгінде Қазақстан электролиз зауыты А-85 маркалы сапалы алюминий өндірісін жолға қойған. Әдетте, жаңа салынған өндіріс ошақтарында А-6 маркалы өнімдер шығаратыны белгілі. Ал Қазақстан болса А-8, А-85 маркалы алюминийді шығаратын деңгейге жеткенін мақтанышпен айтуға болады. Қазақ жерінде өндірілген өнім халықаралық стандартқа сай болып, Лондонда металдар биржасына тіркелді.
г) Сәйкестендіру тест орындалып, Венн диаграммасы толтырылады.

III кезеңде оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. (12 мин)
1-деңгей. (5 ұпай) Оқытушылық Химиялық диктант
1. Алюминийдің атомдық құрылысы. ........
2. Алюминий табиғатта таралуы бойынша....... орында тұр. 3. Жер қыртысының негізгі массасын....құрайды.
4. Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі......
5. Алюминийдің табиғаттағы негізгі қосылыстары............
6. Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар, олар......... және......
7. Алюминийдің кристалдық торы......
8. Негізгі құймалары........
9. Болат, шойын бетін алюминиймен қаптау.......
10. Алюминий азот қышқылымен әрекеттеспейді, себебі............

2-деңгей. (10 ұпай) Алгоритімдік 1. Алюминийдің мына заттармен: a) броммен ;
б) мыс сульфаты ерітіндісімен ;
в) күкүрт қышқылымен (сұйытылған); г) хром (III) оксидімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Химиялық реакциялардың үш типін пайдаланып, AlCl3 алудың реакция теңдеулерін жазыңдар. 3. Айналуларды жүзеге асырыңдар:
Al→Al2O3→AlCl3→Al(NO3)3→ Al(OH)3→Al2O3→Al

3-деңгей (15 ұпай) Эвристикалық
1.Зат мөлшері 0,2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль сутек бөлінеді? 2. 10г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлінген газдың алатын көлемі 6,72л (қ.ж). Қоспадағы әрбір металдың массалық үлесін анықтаңдар.

4-деңгей (20 ұпай) Шығармашылық
Зертханалық жұмыс. Үш сынауықта алюминий хлоридінің, темір(III ) хлоридінің және натрий хлоридінің ерітінділері берілген. Осы тұздарды бір ғана реактив көмегімен қалай анықтауға болады?
Не істелді?
Не байқалды?
Қорытынды

IV кезеңде деңгейлік тапсырмаларды аяқтап, оқушылардың білімдері бағаланғаннан кейін, жаңа тақырып қорытындыланады. (5 мин)
Сабақта саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға, ізденгіштік қасиетін ашуға, деңгейлік мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік туды. Оқыту мақсаты білім талабына сай жүргізіліп нәтижелі қорытынды берді. Алюминий және оның қосылыстары туралы түсініктің қалыптасуы бүкіл сабақ бойы көрініп, жоспар толығымен орындалды. Қорыта айтқанда, жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше. Оқыту технологияларын сауатты қолдана білген әр ұстаздың білім беру үрдісі нәтижелі және сапалы болатыны сөзсіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 440
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның маңызды қосылыстарының екіжақты қасиет көрсететін мәнін ашу; Алюминий оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстыру;
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Оқушылардың алюминий және оның қосылыстары жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау. Шығармашылықпен бірігіп жұмыс істеуге және өз білімін тексеруге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Мыс және мырыш қосылыстары
Мыс және мырыш қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×