Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аммиак

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Аммиак және оның қосылыстары

Төменде «Аммиак және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша құрылған жаңа сабақты ұсынып отырмын. Сабақтың мақсаты аммиак және оның қосылыстарының молекулалық құрылысы, алынуы негізгі қасиеттері, аммиакты өндірісте өндіру жөніндегі білімдерін тереңдету; жеке-дара жұмыс істеу біліктерін дамыту; экологиялық және экономикалық тәрбие бере отырып, белсенділік, іскерлік икем - дағдысын жетілдіру. Жаңа сабақта деңгейлеп-саралау, ақпаратты - комплексті, сұрақ-жауап, топтық әдістері қолданылып, интерактивті тақта, аммиак синтезі тірек –сызбасы, химиялық реактивтер мен ыдыстар, танымдық тапсырмалар көрнекі құралдар ретінде пайдаланылды.
Сабақ бірнеше кезеңге бөлініп өткізіледі.
I кезең. Жаңа білімді меңгертуге даярлық кезеңі;
II кезең. Жаңа білімді меңгерту кезеңі;
III кезең. Деңгейлік тапсырмалар;
IV кезең. Қорытынды.
I кезеңде жаңа тақырыпты меңгерту үшін оған негіз болатындай сұрақтар қойылады. Оған 3 минут уақыт кетеді. Интерактивті тақтада қойылған сұрақтарға оқушылар жауап береді. Мұнда оқушылар азотқа сипаттама беріп, ойларын толықтырады. 1. Азот топшасының валенттілік электрондарының формуласы қандай? 2. Азоттың қандай қосылыстарын білесіңдер? 3. Азот не себепті инертті болады? 4. Азот оттекпен және сутекпен қандай жағдайда әрекеттеседі?

II кезеңде жаңа тақырып бойынша оқушылар өз бетімен оқулықтан білім алып, тапсырмалар орындайды. а) Аммиактың молекулалық және құрылымдық формуласын жазыңдар.
ә) Аммиактың физикалық қасиеттерін тірек - сызба белгілері арқылы сипаттама беріңдер.

б)Берілген формуладан азоттың бірдей тотығу дәрежесін табыңдар.
N2 NH4 N O2 N2 O5
NO2 Na NO3 NaNO2
HN O 3 NO NH3
в) Аммиактың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз.
+су
+HCl
+HNO3
NH3 +H2SO4
+O2
+O2
+CuO
Интерактивті тақтаның мүмкіншілігін пайдалану арқылы жаттығу орындалып, сызбанұсқа, тірек- сызба арқылы химиялық қасиеттері ретімен талданылады. Оқушылар бір бірімен ақылдасып, сенім артып, өзін- өзі сыйлау, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

г) Аммоний тұздары қолданылуына оқушылар тірек - сызба сызады. 10 минут өткен соң оқушылармен осы сұрақтарды бірге талқылаймын. Оған 7 минут уақыт жетеді. Мұнан кейін аммоний гидроксидінің молекула құрылысы және донорлы - акцепторлы механизмнің түзілуіне тоқталдым

Аммиактың галоген сутектермен әрекеттесуін және зертханада аммиактың алынуын тәжірибе жүзінде көрсеттім.
Екі шыны таяқша алып, біріншісін - аммиак суына, екіншісін - тұз қышқылының концентрлі ерітіндісіне батырып, оларды бір біріне жақындатқанда «түтін» түзіледі. Ол аммоний хлоридінің ақ түсті кристалдары. Бұл тәжірибе « отсыз түтін» деп аталады. Оқушылар өз бетімен реакция теңдеулерін жазады.

Аммиак өндірісінің даму тарихы мен технологиясы сөз болды. Қазіргі технологиялық әдіс бойынша аммиак өндіруде бөлінген жылудың артық мөлшерін су буын алуға пайдаланылады. Оның өзі судың шығынын азайтып азот оксидінің ауаға таралуын 10 есе кемітеді. Ауаға тараған азот көміртегі күкірт оксидтері адам ағзасына зиянды әсерін тигізеді, өсімдіктерді жояды.
Қоршаған ортаның ластануы, шикізатты дұрыс сақтамауы, технологияның дұрыс жетілмеуі осының бәрі ауаны суды бүлдіреді. Сондықтан өндірісте қалдықсыз, қалдық аз шығатын экологиялық зиянсыз технологияны енгізуде (8 мин.)

III кезеңде оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. (12 мин)
1-деңгей. (5 ұпай)
1. Аммиактың құрылымдық және электрондық формуласын жазыңыз.
2. Аммоний тұздарына мысал келтіріңіз.
3. Аммиактың физикалық қасиетіне сипаттама беріңіз.

2-деңгей. (10 ұпай)
Алгоритмдік
1. Аммиакты зертханада және өндірісте алу реакциясының теңдеуін жазыңыз.
2. Азоттың оттегімен, хлормен, сутегімен салыстырмалы тығыздығы қандай?
3. Мына формулаларда берілген заттардың қайсысы аммиакпен әрекеттеседі?
Реакция теңдеулерін жазыңыз. a) O2; ә) Cl2; б) CuO; в) H2SO4; г) F2

3-деңгей (15 ұпай)
Эвристикалық
1. Іс жүзінде жүретін реакциялардың молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық түрінде жазыңыз.
a) NH4Cl+AgNO3 ә) (NH4)2CO3+BaCl2
б) NH3+HNO3 в) N2+H2
2. Төменде берілген аммоний тұздарының қайсысында азот мөлшері көп екенін
есептеңіз. Ca (NO3)2, NaNO3, NH3.

4-деңгей (20 ұпай)
Шығармашылық
1. Зертханалық жұмыс. Аммоний тұзына сілті қосып, NH3 сапалық реакциясын тәжірибе арқылы байқап, кестеге толтырыңыздар.
Не істелді?
Не байқалды?
Қорытынды

2. Күкірт қышқылы өндірісінде қандай ғылыми принциптері қолданылғанын естеріңе түсіріп, оларды аммиак өндірісімен салыстырыңыздар.
IV кезеңде деңгейлік тапсырмаларды аяқтап, оқушылардың білімдері бағаланғаннан кейін, жаңа тақырып қорытындыланады. (5 мин)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 429
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып - үйрену.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Азот оксидтері, қышқылының құрылысы, нитраттардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы туралы білімді жетілдіру.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Аммиак және оның қосылыстары
Аммиак және оның қосылыстары
оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету өз білімдерін топ алдында көрсетуге, жылдамдыққа тәрбиелеу;
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мусина Г. А
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
№ 3 Хромтау орта мектебі Химия пәні мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×