Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Факультативтік курс «Химиядан сандық есептерді шығару»

18 маусым 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
Факультативтік курс
«Химиядан сандық есептерді шығару»

Түсінік хат
Химия пәнінен бұл бағдарлама жалпы мектептердің 9 - 11сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған. Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Химиялық есептер – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Бағдарламада сандық есептерді шығару көзделген. Курстың негізіне атом - молекулалық ілім, стехиометриялық заңдар, химиялық элементтердің периодтық заңы алынған.
Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
- Бейорганикалық және органикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау, пысықтау.
- Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану.
- Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып - үйренуді қамтамасыз ету.
- Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой - өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту.
- Конкурстық, олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету.
- Пәнаралық байланыстардың мазмұның (математика, физика, биология) кеңейту.
- Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан - салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету.
- Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
- алған білімдерінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту;
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау;
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру;
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту.
Күтілетін нәтиже:
Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Бұл курс бағдарламасындағы орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Бағдарламаның бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді.
Егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса, күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз. Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген. Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады. Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.
Бағдарламаның мазмұны
Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Факультативтік курс «Химиядан сандық есептерді шығару». жүктеу
13 782
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері
Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері
Есеп шығарып үйренудің негізгі 2 жолы бар. Есеп шығаруды мұғалім үйретеді, немесе арнайы оқу құралдарының көмегімен оқушы өз бетімен үйренеді.
Сандық есептер шығару
Сандық есептер шығару
Оқушыларды химия пәнімен таныстыру, заттар және олардың қасиеттері туралы мағлұмат беру
Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері
Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері
Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×