Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"ҰБТ есептері" химия пәнінен ҰБТ - ға дайындық

18 маусым 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
"ҰБТ есептері" химия пәнінен ҰБТ - ға дайындық

Жинаққа химия сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстары кезінде пайдаланған жиі кездесетін есептер енгізілген. Оқушылардың химия пәніне қызығуларын арттыруда, балалардың дарынын, қабілетін ашып дамытуда, қазіргі заман талабына сай білім беруде, ҰБТ - де жоғары жетістіктерге жетуде бұл жинақ өте тиімді деп есептеймін.
Оқушыларға базалық курстан таныс сұрақтар қолданылып, оларды толықтырып, тереңдету мақсатында құрастырылды. Жинақ оқушылармен, мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады

Алғы сөз
Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға, ҰБТ сұрақтарының жүйелі болуына байланысты жасалынып жатқан талпыныстар біздердің, яғни ұстаздар мен мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап ойлау белсенділігімізді дамытып, білімімізбен біліктілігімізді шығармашылық тұрғыда жүйелеп, мақсатты, жоспарлы түрде ізденіспен жұмыс жүргізуіміз керек.
Жалпы оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау біздерден көптеген қасиеттерді талап етеді: зеректік, ізденімпаздық, еңбекқорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным.
Оқуға осындай көзқарас болғанда талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, жорамал (гипотеза) қалыптастыру, шешудің жолдарын іздестіру, алынған нәтижелерді талқылау, қажет болғанда қайта іздену сияқты қабілеттерімізді дамытып, белсенді ой - әрекеттерін талап ететін әдіс - тәсілдерді меңгере алады екенбіз.
Сонымен қоса есеп шығарумен үнемі шұғылдану – еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және жігерлікке үйретеді,
алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлықты қалыптастырады.
Теориялық түсініктеме алғаннан кейін есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы алған білімімізді пысықтап, толықтыра түссек тәжірибелер жасау арқылы оны тереңдетіп бекітеміз.
Химия пәнін меңгеруде бұл үшеуі - өзара байланысты, бір - бірімен сабақтас, құрамдас әдістер.
Олар бірін - бірі толықтырып, пәнге деген қызығушылығымызды, ынтамызды арттыруға қызмет етеді.
Есептер шығару барысында заттар мен құбылыстар туралы түсініктерді жете түсіну және бекіту, алған теориялық білімді сапалы да орынды пайдалана алу машығы қалыптасады.
Оқудың бұл әдісін пайдалану кезінде химия ғылымының негізгі түсініктер мен заңдылықтары көп дүркін қайталанып, оларды түсіну және есте сақтау әлдеқайда жеңілдейді.
Біріншіден есептерді шешу – теориялық материалдарды практикалық қолдану, практикада ғылыми білімді жүзеге асыру.
Екіншіден есептерді шешу – пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың, химия ғылымының өмірмен байланысын көрсетудің, сондай - ақ жаратылыстану ғылымының мамандықтарына баулудың тамаша әдісі деп есептеуге болады.
Психологтар мен әдіскерлер есеп шығаруды ой - әрекеттің жиынтығы деп қарастырады, яғни сандық және сапалық есептерді шығаруда білім мен әрекеттің тұтастығы ойлаудың әр түрлі әдістерін (пайымдау, жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу, қорытындылау ) қалыптастырылады.
Методикалық әдебиеттерде оқушылардың дамуы химиялық эксперимент жасағанда, сан және сапа есептерін шығарғанда жүзеге асатыны баяндалған.
Химия есептері сандық және сапалық есептер болып екіге жіктеледі. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Эксперимент есептері химиялық қосылыстар мен құбылыстардың сапалық жағын қамтиды. Сан есептерінде химиялық материалдарға негізделген сандық мәліметтері болады, сондықтан оларды шығару үшін, математикалық амалдарды жүзеге асыру керек. Химия есептерінің таза математикалық есептерден айырмасы - сандық мәліметтер есептің шартында толық берілмеуі мүмкін, оларды түгендеу үшін химиялық білім керек. Мысалы, «Мыс сульфатының проценттік құрамы қандай болады?» есебінде ешбір сандық дерек жоқ, оны химиялық таңбалар мен формулалардың сандық сипаттамасына және стехиометриялық заңдарға сүйеніп табады. Шынында да мыс сульфатының құрам тұрақтылық заңына сәйкес молекулалық формуласын дұрыс жазбайынша, берілген есепті шығару мүмкін емес. Сан және сапалық есептерді шешу үшін оқушының берілген дәрежеде химиялық және математикалық даярлығы болуы керек.
Қандай болмасын химиялық есепті шығару оның мазмұнына жан - жақты талдау жасаудан, берілген шамалар арасындағы тәуелділікті ашудан басталады. Талдау нәтижесінде есептің түрі, соған лайық шығару әдісі белгіленеді. Бұл арада есептің мазмұнын физикадағы сияқты қысқа және дәл жазып үйренудің де маңызы зор. Ол үшін физика мен химияда жиі қолданатын қысқартуларды білу керек.
Қазіргі оқулықтарда әрбір тақырыптан соң үш деңгейлі тапсырмалар ұсынылған, бұлардың күрделілік деңгейлері әр түрлі ( А - жалпы деңгей, В - үздік оқушыларға, С - шығармашылық деңгей) сандық есептеу мен жаттығулар берілген. Сондықтан жаңа сабақ үстінде, бекіту және күнделікті сұрау кезінде есептер шығарып машықтанған оқушы қорытынды бақылау жұмыстарын қиналмай орындайды, бұған сан мәрте іс - тәжірибеден көзіміз жетіп жүр.
Дамыта оқуда есеп шығару ізденімпаздық пен іскерлікті жетілдіреді, химия есептерін шығару біздердің мақсаткерлік, зеректік, қызығушылық, белсенділік, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерімізді дамытып, техникалық бағыттағы мамандықтарға баулып, жарқын тәуелсіз еліміздің заман талабына сай қажетті мамандықтарын игеруге өз көмегін тигізері сөзсіз.

Сандық есептерді шешу жолдары.
Сан есептерін ойдағыдай шешу үшін белгілі дәрежеде химиялық және математикалық даярлық болуы керек. Химия пәнінің сан есептері мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың жиі кездесетіндері:
1. Тәжірибе мәліметтеріне және химиялық заңдарға негізделген есептеулер (құрам тұрақтылық заңы, масса сақталу заңы, эквивалент заңы және т. б.).
2. Газ заңдарымен байланысты есептер (молекулалық салмақты табу, қалыпты жағдайда газдың көлемін және массасын табу т. б.).
3. Химиялық формуланы табу және құру есептері.
4. Химиялық формулалар бойынша есептеулер.
5. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
6. Ерітінділермен байланысты есептеулер.
7. Аралас есептер.
Бұл саналғандардан басқа периодтық заң және периодтық система, атом құрылысы, химиялық реакциялардың жылдамдығы және тепе - теңдік, химия және электр тогы тақырыптарымен байланысты көптеген есептер бар. Химия есептерінің мазмұны көп түрлі болуымен бірге, шығару әдістері де сан алуан. Математикалық амалдарына қарай химия есептерін шығару әдістері бірнешеге бөлінеді: пропорция құру тәсілі, бірге келтіру тәсілі, алгебралық тәсіл, дайын формуланы пайдалану, алгоритмді қолдану және графикалық тәсіл.
Қандай да болмасын химиялық есепті шығару оның мазмұнына жан - жақты талдау жасаудан, берілген шамалар арасындағы тәуелділікті ашудан басталады. Талдау нәтижесінде есептің түрі, соған лайық шығару әдісі белгіленеді. Бұл арада есептің мазмұнын физикадағы сияқты қысқа және дәл жазып үйренудің де маңызы зор. Ол үшін физика мен химияда жиі қолданатын қысқартуларды білу керек.
Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Курмашова А. Ж.

"ҰБТ есептері" химия пәнінен ҰБТ - ға дайындық. жүктеу
8 909
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері
Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері
Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылықтарын дамытып, информатикадан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру;
Химия-биология сабақтарында тірек-сызба нұсқаларын пайдалану
Химия-биология сабақтарында тірек-сызба нұсқаларын пайдалану
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, А. Байтұрсынов атындағы ОМ химия - биология пәні мұғалімі Душаева Багдагүл Шанапиевна
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп – лицейінің химия пәні мұғалімі Мукатаева Лиза Сансызбаевна
Химия пәніне арналған дайын стендтер
Химия пәніне арналған дайын стендтер
Химия пәніне арналған дайын стендтер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×