Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фосфор және оның қосылыстары

09 ақпан 2020, Жексенбі
Категориясы: Химия

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
9. 2. 1. 22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
9. 4. 2. 2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
9. 2. 1. 23 фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Фосфордың периодтық орынына сипаттама беріп, атом құрылысын жаза алады,
Оқушылардың басым бөлігі:
• Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін ажыратып, физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттап, реакция теңдеулерін жаза алады.
Кейбір оқушылар:
• Фосфордың пайдасы және зияндылығы бойынша өз ойын нақтылап, дәлелді қорытындылап, фосфор және оның қосылыстары туралы есептер шығаруда, тәжірибе жасауда білімін қолдана алады.

Сәлемдесу;
1) Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру;(үш тілде сәттілік тілеу - сынып көшбасшысы).
«Kahoot» бағдарламасының көмегімен тест сұрақтары.
Мақсаты: өткен сабақтағы ұғымдар мен анықтамаларды еске түсіру;

Есептерді тексеру. (Жауабын тақтаға шығарып қою арқылы оқушы өзін - өзі тексереді).
44 - бет. 1 - есеп Жауабы: 45, 1г
2 - есеп 2, 125г
Қ. Б: Өзін - өзі бағалау.
«Болжау» әдісі
Жай металдарды алтынға айналдыратын «Философиялық тас» іздеу барысында Гамбург тұрғыны, ал химик Х. Бранд 1669 жылы алғаш рет зәрдің құрғақ қалдығынан ақ фосфор алды. Алынған зат қараңғыда сәуле шығаратын болғандықтан, ал химик іздеген «философиялық тасты» таптым деп ойлады. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бір де ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істейді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырады. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенеледі. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?
«Болжау» әдісі тапсырмаларына жауап беріп, өз ойларымен бөлісе отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары
Бүгінгі сабақтың мақсаты:
- фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
- фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
- фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
Бағалау критерийлері
- фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыра біледі;
- фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атай алады.
- фосфордың қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, түсіндіре алады;

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
3 069
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор жайлы білімдерін бір жүйеге келтіру. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Фосфор. Фосфордың оттекті қосылыстары
Фосфор. Фосфордың оттекті қосылыстары
Фосфордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, ашылу тарихы, фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, табиғатта кездесуі мен маңызы туралы түсінік беру. Сабақта фосфордың маңызды қосылыстары – фосфин, фосфор оксидтері, фосфор қышқылы туралы
Көміртегі және оның қосылыстары
Көміртегі және оның қосылыстары
Оқушыларға көміртектің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы, химиялық, физикалық қасиеттері, ашылу тарихы, қолданылуы, аллотропиялық түрөзгерісі туралы түсінік беру
Көміртек
Көміртек
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ә. Жангелдин атындағы № 52 жалпы орта мектебінің химия пән мұғалімі Жарқынбаева Гулзира Тынысбекқызы
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ химия пәнінің ІІ санатты мұғалімі Қуанбекова Ж. Ж.
Фосфор
Фосфор
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×