Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көміртек. Табиғаттағы айналымы

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Химия
Сабақ тақырыбы: Көміртек. Табиғаттағы айналымы.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға көміртектің периодтық жүйеде орны, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері және көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері жайлы меңгерту.
б) Оқушылардың сабақ белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
в) Оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымды қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Зерттеу.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, тірек - сызба
Сабақтың көрнекілігі: 1. интерактивті тақта, флипчарт, видео - бейне, тәжірбие көрсету.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Жаңа сабақ.
«Көміртегі – өмір тірегі» дегенді қалай түсінесің?
а) Барлық тірі ағзалардың құрамына кіреді.
б) Тас көмір, шымтезек, мұнай құрамы.
в) Әк тас, бор, мәрмәр құрамына кіргендіктен.

1784 жжылы француз ғалымы А. Лавуазье «Жай денелер таблицасы» деген еңбегінде «Карбо» - латынша көмір деген ұғымды білдіреді. Орысша «углевод» деп аталуын орыс ғалымы М. В. Соловьев – 1824 жылы. 1928 жылы «Көміртек» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов ұсынды. «С» - күйе түрінде өте ерте заманда белгілі.

Атом құрылысы: +6С 1s2 2s2 2p2
Көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістері: алмаз, графит, карбин. Алмаздың кристалл торындағы (тетраэдр пішінді) әрбір көміртек атомын, айналасындағы бірдей қашықтықта орналасқан басқа төрт атоммен ковалентті байланысады, сондықтан алмаз – өте қатты, мөлдір, түссіз, электр тоғын өткізбейді.

Ал графиттің кристалл торында атомдар қабатталып орналасады және бір жазықтықта орналасқан атомдарға қарағанда, әртүрлі жазықтықта орналасқан атомдардың арақашықтығы әлдеқайда үлкен болады. Осыған сәйкес графит жұмсақ, мөлдір емес, металдық жылтыры бар сүр түсті зат, электр тоғын біршама жақсы өткізеді. Ал карбин ол қара түсті ұнтақ. Карбинде көміртек атомдары бір түзудің бойында тізбектеліп орналасады.
... - С = С - С = С - С = С - немесе
... =С =С =С = С =С = С=...
Көміртек түзетін тағы бір жай зат (аморфты түрі) ағаш көмірі – құрылысы кеуеп болғандықтан, өз бетінде газдарды, сұйықтарды сіңіреді. Осы қасиетін адсорбция деп атайды және газ тұтқыштар жасауда қолданды. Сондай ақ дәріханада – белсендірілген көмір карбаны деген атпен сатылатын таблеткалар адам уланғанда немесе ішекке газ толып мазасызданған жағдайда беріледі.
Аллотропия түр өзгерісі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 886
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Көміртек (ІІ) және көміртек (IV) оксидтері
Көміртек (ІІ) және көміртек (IV) оксидтері
Оксидтердің жіктелуін еске түсіріп, олардың құрылымдық формуласы, қасиеттері, қолданылуы жайлы алған білімді қорытындылап, оксидтердің қасиеттеріндегі айырмашылықтың себептері айтылады.
Көміртегі және оның қосылыстары
Көміртегі және оның қосылыстары
Оқушыларға көміртектің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы, химиялық, физикалық қасиеттері, ашылу тарихы, қолданылуы, аллотропиялық түрөзгерісі туралы түсінік беру
Көміртек. Көміртектің қасиеттері
Көміртек. Көміртектің қасиеттері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нияз Улан Комшабайулы
Көміртек
Көміртек
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінің химия биология пәні мұғалімі Арзахметова Алия «Үздік презентация» номинациясы бойынша
Көміртек. Табиғаттағы айналымы
Көміртек. Табиғаттағы айналымы
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ химия пәнінің мұғалімі Куанбекова Жупар Жуматовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×