Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Химия
Сыныбы: 9
Пәні: химия
Тақырыбы: Күкірт.
Сабақтың мақсаты:
1. Күкірт, оның қасиеттерін, табиғатта таралуы мен қолданылуын түсіндіру.
2. Оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Өз бетінше жұмыс істеуге, негізгі ойды қорытындылауға, күкірт қосылыстарының өмірде, тұрмыста қолданылуын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктілген сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, салыстыру.
Көрнекіліктері: күкірт, интерактивті тақта, суреттер, т. б

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім білімпаз?»
1. І – ІІІ топта қандай бейметалдар орналасқан?
2. Бейметалдардың металдарға қарағанда қандай айырмашылығы бар?
3. Салғырт газдарға қай топтың бейметалдары жатады?
4. Сыртқы электронды формуласы пs2пр4 болатын қай топ элементтері?
5. Ең күшті тотықтырғыш, ең күшті бейметалл?
6. Бейметалдардың қандай физикалық қасиеттері бар?
7. Периодтық кестеде металдар көп пе, әлде бейметалдар ма?
«Формула құрастыр»
K+ және ОН - ------------------------ Аg+ және Cl -
Al+3 және Cl ------------------------- Mg+2 және PO4 - 3
Ca+2 және CO3 - 2 ------------------ Ba+2 және Cl -

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу
Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды,
Бұл не деп ойлайсыңдар, балалар?
Иә, бұл күкірт.
Ендеше, бүгінгі сабағымызда күкірт туралы әңгімелейтін боламыз. Химиялық таңбасы S,
Реттік номері – 16
Салыстырмалық атомдық массасы – 32
Атом құрылысы – 1s22s22p63s23p4
Ол ІІІ периодта орналасқан.
Күкірт – суда ерімейді, оңай ұнтақталады, бірақ органикалық еріткіштерде аздап ермді. Сары түсті күкіртті суға салсақ, оның бетіне қалқып шығады. Иіссіз, морт сынатын кристалды зат. Күкірт 119 С0 - та балқиды да, сары қоңыр түске боялады.
Күкірттің ең байы Майқайыңда, таза күкірт Алтайда, Жоңғар Алатауында, сондай – ақ тұздары – мирабилит Павлодар жерінде кездеседі. Таза күкіртті Ақтөбенің Жаңажол газ өңдеу зауытында өндіреді.
Күкірт химиялық реакция кезінде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Ол металдармен де, бейметалдармен де жақсы әрекеттеседі. Металдармен жоғары температурда әрекеттесіп, сульфидтер түзеді.

2Al+3S=Al2S3
Zn+S=ZnS
S+H2=H2S

Күкірттің негізгі қолданылатын жерлері

IV. Пысықтау тапсырмалары
1. «Кім жылдам?» ойыны
1. Күкірт атомының электорндық конфигурациясын жаз.
2. Күкірт топшасына кіретін элементтер саны
3. Күкірт қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
4. Құрамында күкірт болатын маңызды қосылыстарды атаңдар.
5. Күкірттің VI валентті оксидіндегі көрсететін тотығу дәрежесі?
6. Күкірт топшасы орналасқан топ нөмірі?
7. Күкірттің сутекті қосылысының атауы?
8. Күкірт элементінің атомдық массасы

2. Химиялық диктант.
1. Күкірт... топтың... периодтық элементі.
2. Күкірт... түсті, морт сынатын кристалл
3. Күкірт сутекпен әрекеттескенде... қасиет көрсетеді
4. Күкірт... құрамына кіретіндіктен, тіршілік негізі болып табылады.
5. Бос күкіртті... Қазақстанның мұнайлы өлкесінен кездестіруге болады
V. Бекіту
«Ойлан тап» тапсырмалары
Мына заттардың құрамындағы күкірттің тотығу дәрежелерін анықтаңдар
1 – нұсқа
CaS, CaSO3, CaSO4
Массасы 4 г күкіртті жаққанда түзілетін күкірт (IV) оксидінің көлемін (қ. ж) есептеңдер

2 – нұсқа
K2SO4, K2SO3, H2S
11, 2 л күкіртсутек жанғанда оттектің қанша болатынын есептеңдер

VI. үйге тапсырма: Күкірт, №7 - 9
VII. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 338
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын және оның тұздары туралы түсінік беру. Теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, күкірт қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу
Күкірт
Күкірт
Күкірт және оның қосылыстарымен, тарихи анықтама бере отырып, периодтық жүйедегі орны, оның қасиеттерімен таныстыру.
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның химия пәні мұғалімі
Күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×