Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бензолдың алынуы, қолданылуы

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Бензолдың алынуы, қолданылуы

Мақсаты: 1. Бензолдың құрлысы, физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.
Білімділік: 2. Оқушыларға бензолдың алынуы, қолданылуы туралы білімдерін дамыту.
Дамытушылық: 3. Гидрлеу, нитрлеу, дегидрлеу реакциясы туралы білімдерін дамыту
Тәрбиелігі: 4. Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге, көпшіл, ұйымшыл болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, тест, химиялық диктант, суретпен жұмыс, т. с. с.
Технология: Дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап т. с. с
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет, физика, география, өмірмен, т. с. с.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Сабақтың бөлімдері:
1. Ой толғаныс
2. Ұғыну бөлімі
3. Мағынаны тану
4. Білімді тиянақтау
5. Түйсіну.
1. «Ой толғаныс» бөлімінде үй тапсырмасын сұрау.
а) Фронтальды сұрақтар қою арқылы жауап алу.
ә) Суретпен жұмыс

Сұрақтар:
1. Ароматты көмірсутектер дегеніміз не?
2. Ароматты көмірсутектердің халықаралық атауы қалай аталады?
3. Бензолды ең алғаш зерттеген кім? Қай жылы?
4. Бензолдың физикалық қасиеттері қандай?
5. Бензол молекуласындағы көміртегінің барлық атомдары қандай күйде болады?
6. Бензолдың құрылымдық формуласындағы шеңбер нені көрсетеді?
7. Гидрлеу реакциясы дегеніміз не?
8. Нитрлеу реакциясы дегеніміз не?

Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген?
1. Көмір туралы не білеміз?
2. Көміртегінің химиялық элемент ретінде аллотропиялық түрі қандай еді?
3. Көмірді алғаш кім ашты?
4. Көміртегі элементіне сипаттама бер. Металл ма? Әлде бейматал ма? Валенттілігі қандай?
5. Көміртегінің қолданылуын ата.

«Мағынаны тану» бөлімі
(жаңа тақырыпты түсіндіру)
Суретпен жұмыс кезінде біз көмір туралы сөз қозғадық. Міне сол өнеркәсіпте аромат көмірсутектерді алудың маңызды көзі тас көмірді кокстеу болып саналады. Кокстеу процесін зертханада, өнеркәсіпте жүргізуге болады. Егер тас көмірді ауа жібермей темір түтікте қыздырса, біраз уақыттан кейін газ бен будың бөлінгенін байқауға болады. Түтікте жағымсыз исі бар смола түзіледі, оның үстінде аммиагы бар су түзіледі. Тәжірибеден соң, темір түтікте кокс қалады. Жиналған газ жақсы жанады, оны кокс газы деп атайды.
Сөйтіп, тас көмірді ауа жібермей қыздырған кезде негізгі өнімдер түзіледі:
1. Кокс, 2. тас көмір смоласы, 3. аммиакты су, 4. Кокс газы, содан кейін бензол алынады.
Кокстеуден шығатын өнімдер және олардың сусыз көмір салмағына шаққандағы мөлшері мынадай болады.
Кокстеу орг. Бөлімінің элементтік құрамы С – 86, 5 – 96, 5%, О – 0, 3 – 0, 4%, S – 0, 5 – 1, 5%, H2 - 0, 2 – 1, 5%, N2 - 0, 4 – 2, 0%.
Түзілген бензол химия өнеркәсібінің бағалы шикізаты. Себебі біз одан дәрі - дәрмек, бояу, қопарғыш зат, анилин, пластмасса, хош иісті заттар аламыз. Мұнай мен көмір химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты, сарқылмас қоры, олай болса, халық шаруашылығын химияландырудағы бай қорлардың бірі дей аламыз.
ХХ ғасырдың екінші жартысында негізгі қуат көздеріне айналған мұнайдың газдың қоры анықталады. Мұнай 140 млрд, тонна екендігі анықталады, жылына қазір 32 млн тоннадан астам мұнай өндіреді, бұл көрсеткіш бойынша әлемде 26 орынды иеленеді, газ – 149, 5млрд текше метр.
Қазіргі кезде Каспий маңы біз үшін шын мәнінде алтынды аймаққа айналғалы отыр. «Мұнайы бар елдің құдайы бар» деген сөз текке айтылмаса керек. Мұндағы мұнай қоры алты млрд. тан он екі млрд тоннаға жетеді. Міне, осыдан - ақ негізгі байлығымыз көмірсутегі кенінің келешекте елімізді қаншалықты көтеріп, қандай дәрежеге жеткізетінін жобалай беруге болады.

1997 жылдың наурыз айында Қ. Р. Президенті Н. Назарбаевтың арнайы жарлығымен Қазақойл ұлттық мұнай - газ компаниясы құрылды. Республикада 500 - ге тарта тас және қоңыр көмірдің кен орындары бар. Көмірдің өндірілу деңгейі 130 млн тоннадан аса бастады. 1. Дунбасс 2. Кузбастан кейін 3 - орын Қарағанды көмір бассейні бар. Қазақстанның көмірі Орта Азия, Оңтүстік Оралды кокс және энергетикалық отын қамтамасыз етеді. Майтөбе, Обаған көмір шығып, игеріліп жатыр. ТМД елдерінен басқа Турция, Қытай, Германияға экспортқа шығарыла бастады.
Тас көмір қалай пайда болған? деген сұрақ туындайды. Бұдан 300млн жыл бұрын қырықжапырақтектестерден түзілген орманға су жайылып, жері батпаққа айналған. Спора арқылы көбейтіп, биіктігі 40 метрге жететін қырықжапырақтектес ағаштар құлап, лайға батқан. Су қысымы үйінділер астында қалған ағаштарды нығыздап, оттегінің қатысуына мүмкіндік қалдырмаған, сөйтіп нығыздалған ағаштардан тас көмір пайда болған.

Химиктер бензолды аромат емес көмірсутектерден алу әдісін ашқан. Академик Н. Д. Зелинский платина мен палладийді катализатор ретінде қатыстырып циклогексаннан бензолдың оңай түзілетінін көрсетті. Ол реакция теңдеуі мынандай:
Кері процесс жүрмеу үшін, бөлінген сутегіні басқа ыдысқа жинаймыз.
Бензолдың қоланылуы 1 - ші нитробензол ерітінді ретінде, бояғыш зат, 2 - ші гексахлоргексан күшті у құралы ретінде құрт – құмырсқаларды жою үшін, 3 - ші гексахлорбензол қара күйеге қарсы бидай мен қарабидай тұқымын дәрілеу үшін, 4 - ші гексахлорбензол дәндерді уландыру үшін қолданылады.

«Білімді тиянақтау» бөлімі. Есептер шығару.
1. 18 - 10 б. 162 - бет.
Лабораторияда 25л ацетилиннен 16г бензол алынды. Бұл реакция бойынша түзілуге тиісті мөлшердің процентпен қаншасы болып табылады?
2. Мына өзгерістерді қалай жүргізуге болады?
3. Оқулықпен жұмыс. 3 - жаттығу. 67 - бет.

1. «Химия құпиясы» үндемес ойыны
Аты
1................ Алкандар
2................ Алкендер
3................ Алкиндер
4................ Арандер
5................ Циклопарафиндер
Алкадиендер
ФОРМУЛАСЫ
CnH2n + 2
……………. CnH2n
CnH2n – 2
……………. CnH2n – 6
……………. CnH2n - 2

2. Мақалды аяқтаңыз.

1. Доссыз өмір, сөнген көмір
2. Аз алтын, көп сөз күміс
3. От көмір жейді, тот темір жейді.
4. Сүт көп, көмір аз.
5. Мылтық сырты сұлу темірдей, ұстаның қасы қара көмірдей.
6. Темірші көміршіге үйір.

3. Химиялық диктант.

1. Затқа................ (сутегі) қосыла............. (жүретін) реакциялар.................. (гидрлеу) реакциясы деп аталады.
2. Бензолға................ ( ) азот қышқылымен................. (әсер) етсе............ ( ) сутек орнын басады. Бұл реакция........................ (нитрлеу) реакциясы деп аталады.

«Түйсіну» бөлімінде сабақты бекіту.

1. Бензол қайдан алынады?
2. Тас көмірді кокстегенде қандай негізгі өнімдер түзіледі?
3. Циклогексаннан бензолды алудың реакция теңдеуін жаз.
4. Бензолдың молекулалық формуласы қандай?
5. Бензолдың қолданылуын ата.
6. Көміртегі элементіне байланысты өлең шумақтарын құрастыр және периодтық жүйе бойынша сипаттама бер.

Бағалау.
Үйге тапсырма:
32 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сутектің қасиеттері, таралуы, қолданылуы және алынуы
Сутектің қасиеттері, таралуы, қолданылуы және алынуы
Сутегінің ашылу тарихы, қасиеттері, зертханадағы алыну әдісі, өнеркәсіпте алынуы мен қолданылуы туралы білім қалыптастыру. Ой - өрістерін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлары 11 сынып
Арендер, оның ішінде бензол, оның атом құрылысының, физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері, құрамы, құрылысы, қасиеттері, гомологтары, изомерлері арасындағы байланыс себептері туралы білімді қалыптастыру
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Галогендер туралы білімдерін жетілдіру, химиялық элементтердің атом құрылысы, жай зат - галогендер, олардың физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, алынуы: хлордың оттекті қышқылдары туралы білімді қалыптастыру
Ароматты көмірсутектер. Бензол
Ароматты көмірсутектер. Бензол
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектептің химия - биология пәні мұғалімі Ногайкулова Алтынай Айбадуллаевна
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздар туралы алған білімдерін толықтыру. Оқушылардың тұздар туралы білімдерін тиянақтау. Тұздардың жіктелуі, құрылымдық формуласын жаза білуге, алыну жолдары мен химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×